Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
12:30, 24 августа 2011

Саясат туралы көп айтпайтынымды білесің ғой

Құрдас, Айдос Сарымның мақаласына қалдырылған пікірлерге қарап 20 жылда ұлттың қадірін түсінбегендер мында өріп жүргенін аңғаруға болады. (Егер бүгін көңіл-күйің болмай отырса, ашып оқымай-ақ қой) Меніңше, 20 жылдың ішінде өзінің болашағын қай елмен байланыстыратын уақыт келіп жеткен сияқты. Мына жерге келіп, шикілік шығарғаннан басқа бітіріп жатқандары шамалы. Мүмкін адамзатқа бір түйір пайда келтіріп жатқан шығар, Аллаһқа мәлім!

Негізі менің саясат туралы көп әңгіме қозғамайтынымды жақсы білесің ғой.

Түсінбеймін. Мемлекеттің құрып жатқан саясатына қарсы шығуы түсінікті. Әркімнің өз көзқарасы бар. Бірақ сонша қоқысты ішіне жиып, оны мында бүріп шашқаннан не ұтады? Елдің болашағын ойласа, айбайлап сөйлемейді ме екен... Өзіне не керегін әлі күнге дейін білмейтін кішкентай бала сияқты.

Болашақта қазақилықтың екпін алатынынан қорқады екен. Онда аттай тулап, елді дүрліктіріп не қажеті бар. Ақылды адам біреуге кесірін тигізбесе керек-ті.

Айдостың саясаткер екенін орыстілділер білмеуі мүмкін. Бірақ қазақ басылымын оқитын көзіқарақты оқырман жақсы таниды. Танымал саясаткер болуы үшін ол тек қана орыс тіліндегі ақпарат құралында көрінуі керек емес қой. Қазақша газеттің бетін ашпаса, жаңалықтарды қарамаса, сайттарды оқымаса сол үшін кінәлі болғаным ба?

Құрдас, білемін, Айдостың кей пікірі саған ұнамауы мүмкін. Бірақ әңгіме бұл жерде ниетте болып тұрған сияқты. Әлде әккі саясаткер ненің не екенін бағамдау үшін тамырын басып көріп жатыр ма?

 
0
335
2