Брэд Фитцпатрикпен сұхбат

Алия 2009 M09 23
1464
0
0
0

  LiveJournal-дың негізін салушы Брэд Фитцпатрик қолданушылардың блогтарында ақша табудың (монетизация) мүмкіндіктері жайында баяндап беру мақсатымен Мәскеуге келген еді. Google-да...

 

LiveJournal-дың негізін салушы Брэд Фитцпатрик қолданушылардың блогтарында ақша табудың (монетизация) мүмкіндіктері жайында баяндап беру мақсатымен Мәскеуге келген еді. Google-да инженер-программист болып жұмыс істейтін Фитцпатрик ЖЖ-ның монетизациялануына сенбейтінін және тұғырнама жақында «ескіріп» қалуы мүмкін екенін «Ведомости» газетіне айтты. Сұхбаттан үзінді:

 

 

- LiveJournal-ды жасауға не түрткі болды?

- LiveJournal - өз ризашылығым үшін, күнделігім ретінде жасалынған жоба. Кейін оны достарым пайдалана бастады, кейін достарымның достары т.с.с. Содан соң барлық қолданушылар үшін тіркелуді ашып қойдым. Бір кезде менің жеке күнделігім әлдеқайда танымал сервиске айналды, сервис көп қолданушылар санына шыдамағандықтан, жаңа серверлерді сатып алуға тура келді. ЖЖ-ның қолданушыларынан ақша сұрадым (серверлерді сатып алу үшін), олар болса, ерікті түрде ақшаларын беріп, менен ештеңені сұрамады. Содан мен оларды жұмысқа шақырдым, осылайша LiveJournal бизнеске айналып кетті. Бұл байқаусыздықтан пайда болды.

- ЖЖ-ны студент бола тұра жасадыңыз ба?

- Иә, жаз бойы сонымен айналыстым (1999 ж.) - мектепті бітіргеннен кейін және университетке дейін.

- Бұл бизнес бола алатынына қашан көзіңіз жетті?

- 1999 ж. аяғы - 2000 ж. басы, бұл кезде кейбір достарыма техникалық демеу үшін ақша төлей бастадым. Екі айда бір рет үнемі жаңа серверлерді сатып алатындықтан, көп жұмыстар пайда болды.

- Six Apart ЖЖ-ге ие болып тұрған Danga Interactive компаниясын 2005 ж. сатып алды ма?

- Иә. Басында бұл Bradfitz.com, кейін - LiveJournal, одан кейін - Danga болды.

- Келісімнің бағасы қандай еді?

- Келісімнің шарттары - ақша және акциялар еді, мен Six Apart-тың еншілесі болдым. Ал сома айтылмайды.

- Кейін сіз Danga-ны (ол кезде LiveJournal-сыз) қайта сатып алдыңыз ба?

- Иә, Six Apart-тан шығып кеткенде (2007 ж. шілдеде), олар бұрын пайдаланған Danga-ның қажеті бар ма, әлде оны өзіме қайтып алуға бола ма деп сұрадым. Олар келісті.

- Six Apart-тың акционері бола тұра, ЖЖ-ны ресейлік компания Sup Fabrik Александр Мамут пен Эндрю Полсонға неге саттыңыз?

- Six Apart алғаш рет «Суппен» келісім шартқа отырған кезде бұл сатылым емес, жарнамалық келісім еді (2006 ж. қазанда «Суп» орыстілді ЖЖ үшін қызмет етуге лицензия алды - «Ведомости»). Бірінші рет мен Ресейге Six Apart пен «Суп» арасындағы жарнамалық келісім үшін келген едім, ал енді мен LiveJournal мен Google арасындағы келісім шарт үшін келдім.

- ЖЖ-ны ресейлік бизнесмен Александр Мамут сатып алғаннан кейін, ал 2008 ж. жазында Кремльге жақын Алишер Усманов  «Суптың» үлесіне ие болғаннан кейін қолданушылар арасында пайда болған үрей жайында не айта аласыз?

- Сервистің иелері мәліметтер базасын және Ресей қолданушыларының аккаунттарын  бақыламайтынына таң қалдым. Саясат сондай - олар («Суп» басшылығы) реттеуші органның бұндай рұқсатқа ие болғанын қаламайды. Барлық серверлер АҚШта,  Abuse Team (қолданушылардың шағымдарын қарастыратын қызмет) де сол жерде. Бұл қызметте АҚШтағы орыстілді адамдар жұмыс істейді. Компания қолданушылардың тыныштығы үшін алаңдайды.

- Сіз бүгінгі күнге дейін белсенді қолданушысыз ба?

- Дәл қазір мен блогтар мен әр түрлі сайттар арасында уақытымды бөліп жүрмін. LiveJournal-ды бұрынғыдай көп пайдаланбаймын, себебі менің достарым қазір оны қолданбайтын болды.

- Неге?

- Әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардың жұмысына наразымын, себеп те сонда. Ашық протоколдармен достарың осы ресурстарды қолдана ма, әлде қолданбайтыннан тәуелсіз, бір желіде бір аккаунтты пайдаланып, жаңартулар мен басқа ресурстармен байланысу мүмкіндігіне ие боласыз.

- LiveJournal және басқа да блог-тұғырнамалардың пайдаланушылары не себепті Facebook, «Одноклассники» және «В контакте» сияқты әлеуметік желілерге көшіп кетті?

- LiveJournal осы нарықта алғашқылардың бірі болған еді. Ол Twitter секілді прогрессивті болды. Бұл факт: АҚШта бес әлеуметтік желі танымал болып, кейін осы беделінен айырылып қалғанын көрген едім. Адамдар желіге сәннен қалмас үшін келеді, ал сіздің мамаңыз онда аккаунт ашқан кезде, осы желі сәнді болудан қалады. Бұл дұрыс емес - желінің функционалын таңдау керек.

- Жарнама нарығының қай бөлігін әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалар еншілейді деп ойлайсыз?

- Әзірге біреу осы салада жарады дегенді естіген жоқпын. Көпшілік бұған (блогтағы жарнамаға) наразылық білдіреді, себебі әлеуметтік желілер қолданушыға не қажет екенін білмейді. Бір нәрсені сатып алу үшін олар Amazon.com-ға барады, ал іздеу үшін Google бар.

Қолданушылар достармен хабарласып отырған кез жарнама үшін жайлы емес. Меніңше, бұл әлі күнге дейін ашық проблема, оны Google және басқалары шешу үстінде. Олар арнайы блог немесе әлеуметтік желі үшін жарнаманың релеванттілігін және оның қолданушыға қалай әсер ететін технологияларды іздейді. Google-да ондай тәжірибе бар, себебі ол бір жылдай блогтардың монетизация мүмкіндігін жасайды, мысалы MySpace-пен.

- Блогтардың монетизациясы - утопия әлде жоқ па?

- Осы жайында сенімді жауап беру - ақымақтық... Блог - бұл хабарласу формасы, әдетте, электронды почта мен IM секілді. Мен өзімнің почта немесе мессенджерімді қалай монетизациялаймын?

Оцените пост

-9