Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:13, 19 августа 2011

Лаңкестік - терроризм

Уважаемый atabay777 высказал сомнение по поводу правильности перевода на казахский слова "терроризм". К этому хочу добавить мнение Айдоса Сарыма, политолога, руководителя фонда имени А. Сарсенбаева:

Жақында "Абай.кз" порталы мен "Жас қазақ" газетінің беттерінде әріптесім Ерлан Қариннің "Қазақстандағы терроризм қауіп-қатері" (сілтемесі мынау http://www.abai.kz/node/9004) атты танымдық-сараптамалық мақаласы жарияланды. Біздің портал мақаланы "терроризм" күйінде жіберсе, газет қазақыландырып "лаңкестік" деп берген екен. Артынан осының төңірегінде азын-аулақ әңгіме де болды.

Шынымен де, қайсысы дұрыс? "Терроризм" бе, "лаңкестік" пе? "Лаңкестік" деп аударғынымыз "терроризм" ұғымының артында тұрған барлық құбылыстар мен түсініктерді жеткізе ала ма?

Менің ойымша, жеткізе алмайды.

Мысалы, террор сөзі латынның "үрей", "қорқыныш" деген сөздерінен алынған термин. Ал біздің ономаст-ғалымдар тапқан  "лаңның" төркіні басқалау. Қазақ тілінде лаң сөзі  "дау-дамай", "әбігерге салу", "дүрліктіру", "ағайын арасындағы тартыс" деген ұғымдарды білдіреді. "Лаң" деп малға келетін ауруды да айтады. Терроризмді "лаңкестік" дегеннің өзінде, түсіндірме сөздіктегі "саяси әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет" дегеннің мағынасы ашылмайды. "Терроризировать" деген сөзді "террорлау" деп аударады екенбіз. Ал "террористическая акция" дегенді "лаңкестік әрекет" деп аударады екенбіз. Қисыны жоқ.

Ең дұрысы - жұртты да, өзімізді де шатастырмау үшін "лаңкестік" сөзінен бас тартып, "терроризм", "террор" деген түпнұсқа сөзге қайта көшу керек.

http://baq.kz/kaz/blogs/cat/53/487

Придерживаюсь того же мнения.

Терроризм - нем. Terrorismus, англ. terrorism.

Этимология - лат. terror - страх, ужас.

Перевод от sozdik.kz: лаңкестік, терроризировать - террорлау

словарь Бектаева: терроризм, терроризировать - террорлау

kaz-rus.kz: терроризм, лаңкестік, терроризировать - террорлау

Система электронного перевода SOYLEM: терроризм, терроршылдық, терроризировать - террор жасау


0
1770
2