Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:04, 18 августа 2011

Өзекті тақырып!

Әрбір посттарда қазақ тілінде сөйлейтіндер, олармен қатар сөйлей алмайтындар, мемлекеттік тілдің техника, медицина, ақпараттық технологиялар және басқа салаларындағы қазіргі терминдерді аударуға бейімсіздігі туралы жазып жүр.

Шынымен-ақ, қазақ тіліндегі кейбір аудармалар күлкіге келтіреді. Әсіресе, халықаралық немесе шетел сөздерді қазақ тіліндегі аналогтарға жаппай ауыстырып жүрген үрдіс таң қалдырады. Терминология жүйесі әлі бір қалыпқа келмеген. Әр жерде сөздерге мүлдем басқа аудармалары беріледі.

Ювижнеде қазақ тілінде мәнерлеп, таза сөйлейтін тұлғалар көп деп санаймын. Сол себептен менде блогерлерге кез келген термин, сөз тіркестің, қалыптасқан құрылымдар немесе кішкене мәтіндердің аудармасын жеткізетін қоғамдастықты құру идеясы пайда болды.

Тек бір шарт ғана бар! Аударманың нұсқасын бергенде бос әңгіме болмау үшін, ресми деректерді (сөздіктер, интернет-ресурстар), сөздерді ресми құжаттар мен басқаларында қолданған фактілерді көрсетіп беруіңізді сұраймын.

 
0
805
0