Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:18, 18 августа 2011

Бейжің Әскери Мұражайы (Beijing Military Museum)

Әлемге әйгілі Калашников автоматы мен туған ауылда ойлап табылғандықтан ба, әлде еркектің қанында болғандықтан ба, қару-жарақ және де соған байланысты дүниеге құмармын.. Бейжің метросымен қонақ үйге келе жатқанда "next station Military Museum" дегенді естіп сол станциядан түсіп, қызық бірдеме бар ма, жоқ па деп мұражай жаққа бет алдым..

Мұражайға кіру тегін.. Адам ығы-жығы.. Көбінесе 8-15 жас арасындағы балалар. Бұл балалардан жақсы сарбаз шығар дедім ішімнен, ал бізде неге осындай мұражай жоқ? Біздің елге патриоттар керек емес пе?

Blog post image

Мұражайдың оң жағындағы Жапонияға қарсы шығарылған DF-2 зымыраны, Кеңестік Р-12 зымыранының көшірмесі:

Blog post image

Қазіргі кезде Қытайй әскерінде қолданылатын жаяу әскер тасымалдау көліктері:

Blog post image

Мұражайға кірген бетте Мао көсемнің мүсіні:

Blog post image

өткен ғасырдың ортасында Қытай басшылары мінген көліктер, Кеңес Одағында шығарылған, біріншісі ЗИМ болу керек, екіншісі 100 пайыз ЗИС:

Blog post image

Кеңес Одағының МИГ-17 құртушы ұшағы:

Blog post image

Танктер тізіліп тұр:

Blog post image

әскери техника:

Blog post image

ЗИЛ-157 естеріңде ме? бампердегі жүкшығыры мықты екен. Суреттің сол жағына мұқият қарасаңыз Паджеро-2нің көшірмесі тұр, өкінішке орай суретке дұрыстап түсірмеппін..

Blog post image

Қытайлық "Хаммер", қазір Уазикте болады)))

Blog post image

C75 қозғалмалы зенитті-зымыран кешені, өткен ғасырда кеңінен қолданылған жүйе, қазіргі кезде Кубада әскери қызметте әлі тұрған сияқты:

Blog post image

МиГ-21 ұшағының жобасынан шыққан көшірме, J-8:

Blog post image

F-7, МиГ-21дің басқа нұсқасынан көшірілген:

Blog post image

Ұшақта орнатылатын қару, ГШ-23 болуы керек:

Blog post image

Ғ-5, МиГ-17нің көшірмесі:

Blog post image

Ұшаққа қарсы қолданылатын қару түрлері:

Blog post image

Кемеге орнатылатын қару түрлері:

Blog post image

Жоғарыда айтып кеткен Уазик))) уазик пен луазиктің қосындысы деуге де болады, сол жағында Паджеро-2 тұр:

Blog post image

Миналақтырғыштар:

Blog post image

Түрлі түсті зеңбіректер:

Blog post image

БМ-13, "Катюша", Ұлы Отан соғысының аңызы..

Blog post image

Тағы бір аңыз, Т-34:

Blog post image

М24 американдық жеңіл танк:

Blog post image

60шы жылдары ҚХР мен КСРО арасында Даманский аралында қақтығыс орын алды, сол кезде жарылып, суға батып кеткен кеңестік Т-62(экипаж қайтыс болып кеткен). Қытай әскерилері осы танкті судан шығарып мұражайға әкеліп қойды. Қақтығыс туралы Википедиядан оқи аласыз:

Blog post image

Қытай әуе қорғаныс күштері атып түсірген ҰҰА, американдық BQM-147:

Blog post image

60шы жылдарда С-75пен атып түсірілген американдық Lockheed U-2 барлау ұшағы сүмірейіп жатыр:

Blog post imageBlog post image

Ту-2 туралы білетін шығарсыздар:

Blog post image

Американдық "Мустанг":

Blog post image

Ту-2, одан кейін жапондық ұшақ болу керек және де Мустанг:

Blog post image

Бізде әлі ұшып жүрген, ал Қытайда мұражайда тұрған "кукурузник", Ан-2:

Blog post image

МиГ-23тің көшірмесі ғой деймін:

Blog post image

теңіз минасы:

Blog post image

Торпеда:

Blog post image

Қанша адамды өлтірді екен мына қанжарлар?

Blog post image

РПГ және оның оқ-дәрілері:

Blog post image

Алғааааааааа

Blog post image

мәссаған...

Blog post image

Шіркін бір-екеуін алсам ғой..

Blog post image

Астынан 2шісі СВД:

Blog post image

әйгілі ТТ тапаншалары да бар екен:

Blog post image

"Пистолет Пулемет Шпагина"

Blog post image

"Калаш":

Blog post image

РПД:

Blog post image

әйгілі ДШК, 12.7 мм, ауғандықтар жақсы көретін қару:

Blog post image

Мына зымыранды кірген кезде байқамай қалыппын:

Blog post image

 

Осымен болар, шаршап кеттім әкесін.. Қару-жарақты мұражайдан ғана көрейік!!

0