Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
04:44, 17 августа 2011

Ба Душанбе хуш омадед!

Яғни, Душанбе қаласына қош келдіңіз!

Зуылдаған өмірден демалып, Шығысты сезгіңіз келсе, Алматыдан ұшақпен ең көп дегенде 2 сағат. Эйр Астанамен қатар, тәжікстандық Сомон Эйр компаниясы Boeing 737-800 ұшағымен ұшады.

Blog post image

Жерлестеріміз көп бара бермейтін қала, бірақ Душанбенің дәл ортасында Қазкомның кеңсесі, ал сұрап көрсем Қазақмыстың филиалы да бар екен. Қазақстан азаматтары 30 тәулік бойы көші-қон полициясында ешқандай тіркелусіз жүре алады, жалпы милиция қызметкерлері Қазақстан паспортын көрсе "ооо, дост, хуш омадед" деп қоя береді.

Бір байқағаным, тәжік халқы салт-дәстүрге көп көңіл бөледі, көшедегі қыз-келіншектердің көбі ұлттық нақышта тігілген көйлек киіп, бастарына шыт тағып жүреді. Әрине, азаматтар бір-бірімен тек қана ана тілінде сөйлеседі, мемлекеттік іс қағаздар, іс жүргізу, дүкен/көше атаулары - мемлекеттік тілде. Қызмет көрсету саласы дамыған. Бензин қымбат болса да, такси Алматыға қарағанда арзан. Тәшкентте Дэу көп болса, Душанбеде Опель №1 көлік. Көлік бағасы бізге қарағанда ана-ғұрлым арзан, көбісі БАӘден әкелінген, сондықтан 1ші шілденің алдында қазақтар Душанбеден де көлік тасыған екен. Кезінде Жапониядан әкелінген оң жақ рүлді көліктер, қазіргі кезде жаппай сол жаққа ауыстырылған, мемлекеттің талабы. Душанбеден Қырғызстан шекарасына қарай кететін жол ақылы. Менің ойымша, Орта Азиядағы бірінші ақылы жол.

Шетелге барғанда ұлттық тағамнан дәм тату абзал. Егер барып қалсаңыз, палау, кәуәптан бұрын "құртоб" деген тағамды іздеңіз, өте дәмді:

Blog post image

Кішкене бауырсақты көріп тұрсыз ба?))

Душанбенің шығыс жағында, жотада қалалық бақ орналасқан, Көктөбеге ұқсайды. Жотаның басында Ұлы Отан Соғысында жараланып, Душанбеде орналасқан әскери госпитальда қайтыс болғандар жерленген комплекс және ҰОС арналған ескерткіш:

Blog post image

Арықта таза су, көшеде/арықта қоқыс көрінбейді(бұл жер үйлер салынған аудан):

Blog post image

Варзоб демалыс аймағында ағып жатқан таулы өзен, атауы Варзоб шығар))

Blog post image

Blog post image

Жоғарыда айтып кеткен ақылы жолдың сапасын мына суреттен көруге болады:

Blog post image

Душанбенің айналасында демалыс орындары көп, соның біреуі теңіз деңгейінен 2000 м биіктікте орналасқан,  радон көздері бар "Сароб" емханасы. Бұл жерде радон хауызы, жердің астынан шыққан бу, тағы да басқа емдік қасиеттері бар процедураларды қабылдауға болады. Бірақ шыққаннан кейін 100 грамм кем болмайтын шығар деп шештім..

Blog post image

айналаның бәрі тау, тас, өзен..

Blog post image

 

Бірінші рет жазып отырғандықтан болар, майын тамызып тұрып жаза алмадым, түзелуге уәде берем!

 
1