Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
9
00:53, 19 сентября 2011

Тараздағы «Һибатулла Тарази» мешіті

Blog post image

Қайта жаңарған орталық мешіт. 2007 жылы Еліміздің Президенті Жамбыл облысына келген сапары кезінде салтанатты түрде ашқан болатын. 2011 жылы 27 шілдеде қасиетті Рамазан айының алдында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев қайта жаңарған мешітті салтанатты түрде ашты.

Blog post image

Мешіт үйіне күрделі жөндеу жүргізген «Құлагер» компаниясы. Мешіт ғимаратын мәрмәр таспен қаптаған.

Blog post image

Облыс орталығы, 2000 жыл тарихы бар Тараз қаласының орталық көшелерінің бірі - Төле би даңғылының бойында орналасқан.

Blog post image

Қайта жаңарған орталық мешітте ұлтымыздың барлық ою-өрнектері қолданылған.

Blog post image

Мешіт – адамды имандылыққа бастайтын орын. Ал, бақыттың негізі – иманда екендігі белгілі.

Blog post image

Бүгінде орталық мешіт  қалаға көрік беретін әдемі архитектуралық нысанға айналып отыр.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Мешіттің күмбезі үлкейтілді. Сырты мен минареті шығыс үлгісінде әрленді.

Blog post image

Қаржылай қолдау білдірген «Казфосфат», «SAT компани», «Нұрай», «Южкамторг» және «Арсикостройсервис» компания

Blog post image

Тарихи деректерге қарағанда Қазақстандағы ең алғашқы мешіттердің бірі осыдан мың жылдан астам уақыт бұрын біздің Таразда салынған екен.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Жаңғырған Һибатулла Тарази мешіті ислам дінін одан әрі нығайтуға және жастарды имандылық пен адамгершілік қасиетке тәрбиелеуге қызмет етеді

Blog post image

Былтыр мешіт жанындағы медресе демеушілер көмегімен пайдалануға берілді.

Қандай дін болмасын адамдар арасында араздық туғызбауға, лаңкестік әрекеттерге жол бермеуге тиіс.

Ол үшін осы мешіт жанындағы медресе діни сауатты, жоғары парасатты, ел ішінде беделі зор имамдар даярлауы тиіс.

 

Blog post image

Орталық мешіт алдын әсем гүлдермен көркейткен.

Blog post image

Мешіттің 2-ші қабатынан қарағандағы көрініс.

 
9