Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
10:39, 01 августа 2011

МӘСІМОВ МҰСЫЛМАНДАРДЫ КИЕЛІ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Blog post image
Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов мұсылмандарды киелі Рамазан айының басталуымен өзінің Twitter-аккаунты арқылы орыс, қазақ және араб тілдерінде құттықтады

«Киелі Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!», - деп жазды Мәсімов.
1 тамызда мұсылмандардың киелі Рамазан айы басталды.

Рамазан – Алла тағаланың мейірім нұры жауатын, шарапаты мол, ізгі ниетті іске сауабы көп, жыл он екі айдың ең қадірлісі. Бұл айда Алланың рахымынан үміт ете отырып ораза ұстап, құлшылық жасаған адамның тәубесі қабыл болып, жапырақтары төгілген күзгі ағаштай күнәларынан арылады.

Рамазан - араб сөзі, түбірі «рамзау» - «өте ыстық» деген мағынаны білдіреді. Ғұламалар мұны: «Рамазан айында ораза ұстаған пенденің бойына біткен кішігірім күнә-кемшіліктері күйіп кетеді», - деп түсіндіреді. Сондықтан, Рамазанды күнәлар кешірілетін ай деуге болады.
Рамазан айы мұсылман күнтізбесінің 9-шы айына келеді. Тап осы айда Мұхаммед Пайғам-барымға (с.ғ.с.) Жабрайыл періштесі алланның алғашқы сөздерін жеткізген.

Рамамзан ай күнтізбе бір бөлігі болып табылып, оның басталуы айдың шығуымен ұштасады. Ай күнтізбесі Гриогрян күнтіөбесінен 11 күнге қысқа, сондықтан жал сайын Рамазан оның алдыңғы жылғы ораза уақытынан он, он бір күнге бұрын ұсталады. Биыл Рамазан айының бірінші күні тамыз айының 1-іне сәйкес келіп тұр.

Таңның атысы, кештің батысына дейін нәр татпай ғана қоймай, мұнымен қоса түрлі жамандықтардан бойын аулақ ұстау – нәпсіні тәрбиелеудің үлкен мектебі екені даусыз. Ал күні бойғы нәпсімен арпалысқан күрестің есесіне кешке сізді мол сауап, ерекше ләззатты сәттердің күтіп тұруы өз алдына бір ғанибет.

Ораза ұстау – Құран Кәрімде және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис шәріптерінде нақты бекітілген бес парыздың бірі. Құранда: "Ей, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін ораза ұстау сендерге де парыз етілді” – делінген ("Бақара” сүресі, 183-аят).

0
652
0