Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
1
06:53, 30 июля 2011

ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ: АХМЕД ЙҮГІНЕКИ

Ахмед Йүгінеки (ХІІ ғ. соңы - ХІІІ ғ. басы) -

әдиб-ақын, хакім, ойшыл

 

1

А. Йүгінекидің әлеуметтік-саяси көзқарастары оның «Ақиқат сыйы» еңбегінде көрініс табады. «Білімдінің сөзі үгіт, насихат, үгіт-өнеге», - дейді бір сөзінде білімдар ақын. Бақыт жолы білім арқылы білінетіні, білімді азамат қоғам үшін бағалы, ал білімсіз наданның құны жоқ екендігі туралы баян етеді. Демек, білімді салғыртсынбай үйрену арқылы қоғам өмірінің алға жылжитындығына көзімізді жеткізеді. Азаматтарға сөзбен ықпал ету тек білімдінің қолынан келетіндігін түсінеміз.

 

2

«Егер өкіметке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет», - деген пікірлері сол кезеңдегі басшыларға айтылған кеңесі секілді. Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді.

Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі.

   
1
2528
0