Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
01:13, 28 июля 2011

ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ: СҮЛЕЙМЕН БАҚЫРҒАНИ

Сүлеймен Бақырғани (ХІІ ғ. – 1186 ж.) -

ақын, ойшыл, ғұлама

 

БАҚЫРҒАНИ

Сопылық дидактикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ойшыл, ғұлама, ақын, Ясауидің атақты төрт шәкіртінің бірі, халық арасында «Әкім ата» деген атпен белгілі Сүлеймен Бақырғани сопылық поэзияны жалғастырып, діни хикметтер жазған және ел-жұртын имандылыққа, адамгершілікке үндеген. «Ақырзаман» дастанының мазмұндық желісін Тажал мен Мәдінің күресі, ақырзаман белгілері, махшар күні мен Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) өз үмбеттерін тозақ отынан құтқаруы құрайды. Ал «Бибі Мәриям» дастанында ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік, Аллаға құлшылық ету, Хаққа деген шексіз сенім бейнеленіп, Мұхаммед, Иса пайғамбарлардың (ғ.с.) үмбеттерінің қамын ойлауы басты назарда ұсталған.

Сүлеймен Бақырғани шығармаларының басты тақырыптары сопылық ағым қағидалары, Аллаға деген сүйіспеншілік, оны мадақтау, Аллаға құлшылық етуге, исламның шарттарын мүлтіксіз орындауға шақыру. Шығарманы ежелгі дәуір әдебиетіне тән Аллаға мадақ айтудан бастап, соңында автордың өзі туралы мәлімет беруі, кейіпкерлердің аса мінсіз болып суреттелуі, сұлулықты асыл тастарға теңеу сияқты дәстүрлер Сүлеймен Бақырғани шығармаларынан да байқалады (Қараңыз: http://www.inform.kz/kaz/article/1226314).

Бақырғани бұл еңбектері арқылы шығыс халықтарының тұрмысы мен тыныс-тіршілігі, тарихы мен мәдениетін танымал ете түседі. Еңбектерінде этика мен эстетика мәселелері талданып, адамзат рухының гармониясы айқындалады. Ол әсемдікті суфизм тұрғысынан қарастырады. Оның пікірінше сұлулықтың үш түрі бар: Алла тағаланың абсолютті сұлулығы; Жаратушы сұлулығының шуағы болып табылатын Жер сұлулығы; Рухани сұлулық.

1