Өлмегенге не жетсін, өлмегенге!...

Айнур 2009 M09 13
3251
0
1
0

Қайтер едік өмірге келмегенде, Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде. Төземіз ғой, қайтеміз төзбегенде, Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде... Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған осы әнді Шымкенттегі көзі...

Қайтер едік өмірге келмегенде,

Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде.

Төземіз ғой, қайтеміз төзбегенде,

Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде...

Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған осы әнді Шымкенттегі көзі нашар көретін балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, туғанынан зағип үш баланың орындауында естігенде көзім жасқа, көңілім мұңға толды. Жүрегің тас, сезімің саз болмаса, бұл өлеңді тебіренбей тыңдау мүмкін емес.

Аталмыш әнді мына жерден тыңдауға болады.

Жаратушы Сапарбай, Азат, Тұрар есімді қазақтың үш ұлына көру қабілетін бермесе де, өнерден айырмапты. Ақиық ақын Мұқағалидің сөзіне, әуесқой сазгер Садық Қанаттың әніне жазылған осынау ән көптеген жүлделерге ие. "Сәттің" серілері режиссер Руслан Байтөлешовтың "Тағдыр" атты фильміне де түсіп, өздерін сомдап шығыпты.

Әркім өзінің қамын ойлап, жанталасқан мына заманда балалардың дарынын байқап, қол ұшын берген арда азаматтардың барына қуанамын. "Сәт" триосының бағындырар белесі әлі алда екеніне кәміл сенемін. Оғландарымыз ойнақтап, әлі талай бәйгеден озып шығары сөзсіз. Жүректен шыққан ән қашанда жүрекке жетеді...

 

Оцените пост

1
Дальше