Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

МҰРАТ НАСИМОВ 2011 M07 24
1215
0
1
0

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕҚЫҰ 1992 жылы мемлекетіміз көптеген ықпалды халықаралық және аймақтық ұйымдарға мүше болып қабылдана бастады. Осы жылдың 30 қаңтарында еліміз 2010 жылы төрағалық еткен...

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕҚЫҰ

ОБСЕ КАЗ

1992 жылы мемлекетіміз көптеген ықпалды халықаралық және аймақтық ұйымдарға мүше болып қабылдана бастады. Осы жылдың 30 қаңтарында еліміз 2010 жылы төрағалық еткен, қауіпсіздік мәселесімен айналысатын әлемдегі ірі және ықпалды аймақтық ұйым саналатын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға мүше болды. Аталмыш ұйым мүшелігіндегі белсенді қимылдар көрсеткішінің негізгі нәтижесі ретінде 11 жылдық үзілістен кейін елордамызда саммит ұйымдастырып, Астана Декларациясын қабылдау сол кезеңдегі орындалмас армандай еді. Солтүстік Америка, Еуропа және Орталық Азияның 56 мемлекетін біріктіретін, Ауғанстан, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Жапония, Австралия, Алжир, Египет, Израиль, Иордания, Марокко, Тунис секілді ынтымақтас әріптестері бар ұйымның беделін және дамуындағы үшінші кезеңді бастаған Қазақстан еді.

ОБСЕ

Жалпы бұл ұйымның тарихы ұзақ кезеңді алып жатыр. Алғашқы қимылдарды Кеңес деп бастаған ұйымды шақыру КСРО мен Еуропаның социалистік елдері және АҚШ пен Канаданың әскери қарама-қайшылықтарды алдын алу және Еуропадағы қауіпсіздікті күшейту негізіндегі бастама арқау болды. Кеңес үш кезеңде өтті:

1973 жылдың 3-7 шілдесі - Хельсинки – сыртқы істер министрлерінің кеңесі;

1973 жылдың 18 қыркүйегі – 1975 жылдың 21 шілдесі - Женева – Қорытынды акт мәтініне ұсыныстар, өзгерістер енгізуге келісім жүргізу;

1975 жылдың 30 шілдесі - 1 тамызы Финляндия астанасы Хельсинкиде 35 елдің басшылары Кеңестің Қорытынды актына (Хельсинки келісімі) қол қойды. Бүгінде бұл ұйымның төмендегідей негізгі органдары бар: Саммит (жоғары деңгейдегі бас қосулар); сыртқы істер министрлерінің Кеңесі; төраға басшылығымен өтетін тұрақты кеңес; қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы (апта сайын Вена қаласында кездеседі); ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар; ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттары мен адам құқықтары жөніндегі бюро; ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясы; БАҚ бостандығы жөніндегі өкіл.

Оцените пост

1
Дальше