Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

МҰРАТ НАСИМОВ 2011 M07 21
1610
0
1
0

АЛҒАШҚЫ ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР Өткен ғасырдың 90-жылдардың басында Еуразиялық кеңістікте КСРО-ның ыдырауы қарсаңы мен салдарынан жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болуымен қатар, жаңа геосаяси жағдай...

АЛҒАШҚЫ ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР

Өткен ғасырдың 90-жылдардың басында Еуразиялық кеңістікте КСРО-ның ыдырауы қарсаңы мен салдарынан жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болуымен қатар, жаңа геосаяси жағдай қалыптасты. Көптеген ғалымдар бұл алып державаның құлауын төмендегідей себептермен байланыстырады:

- елді демократияландыру себептерімен болған ұлттардың жеке мемлекет болып бөлінуін қалауы;

- жүйенің құлауына әкелген КСРО саяси жүйесінің кемшіліктері;

- стагнацияға әкелген өндіріс, сауда және экономикалық қатынастардағы тоқырау мен дағдарыстар;

- көп ұлтты мемлекеттерде кездесетін орталықтанған тенденциялар;

- КСРО-ның құлауына батыс елдерінің мүдделілігі.

Сонымен қатар, одақ территориясында ұлттар арасындағы қақтығыстар көбейе түсті. Мәселен, Мәскеу әмірімен Г.В. Колбиннің Қазақстан Республикасы компартиясының бірінші хатшысы қызметіне тағайындалуы халық үшін жылдар бойы осы уақытқа дейін жинақталған ашуларын және қоғамдық пікірдің қалыптасуына себеп болды.

Жалпы жоғарыда аталған қиыншылықтарды одақтас елдер әр түрлі қабылдады. Ең алдымен Балтық жағалаулары мемлекеттеріне келсек. Литвада 1988 жылдың 3 мамырында тәуелсіздік жолындағы «Саюдис» (литваша Sąjūdis - «Қозғалыс») қозғалысы құрылды. Нәтижесінде 1990 жылдың 11 наурызында Литваның Жоғарғы Кеңесі ел егемендігі жөнінде хабарлады.

Эстонияда 1988 жылдың басында «Эстония Халық Фронты» құрылып, мамыр айында астаналары Таллин қаласында «әншілер революциясы» өтті. Ал 1990 жылдың 30 наурызында Эстония Жоғарғы Кеңесі өз тәуелсіздігін жариялады. Бұл кезеңде Латвияда да Халық Фронтының күшеюі байқалды. 1990 жылдың 4 мамырында Латвия Жоғарғы Кеңесі егемендіктерін жариялап, 1991 жылдың 3 наурызында бұл шешім референдум арқылы бекітілді.

12

Кейін Одақтас елдер қатарындағы мемлекеттер егемендіктері мен тәуелсіздіктері мына ретпен қабылдай бастады:

- Грузия – 1991 жылдың 9 сәуірі (референдум арқылы);

- Украина - 1991 жылдың 24 тамызы;

- Молдова Республикасы – 1991 жылдың 27 тамызы;

- Қырғызстан - 1991жылдың 31 тамызы;

- Өзбекстан - 1991 жылдың 1 қыркүйегі;

- Тәжікстан - 1991 жылдың 9 қыркүйегі;

- Армения - 1991 жылдың 29 қыркүйегі;

- Әзірбайжан - 1991 жылдың 18 қазаны;

- Түркменстан - 1991 жылдың 27 қазаны;

- Ресей Федерациясы - 1991 жылдың 12 желтоқсаны;

- Белорусь Республикасы – 1991 жылдың 26 желтоқсаны.

Біздің еліміз болса өз тәуелсіздігін 1991 жылдың 16 желтоқсанында жариялады. Осы күні Елбасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қол қойды. Түркия әлемдегі мемлекеттер ішінен бірінші болып тәуелсіздігін таныды.

Оцените пост

1
Дальше