Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
09:09, 20 июля 2011

ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ: АСАН ҚАЙҒЫ СӘБИТҰЛЫ

Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (ХІV ғасырдың ақыры – ХV ғасырдың басы) -

мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ

АСАН КАЙГЫСурет qamal.kz сайтынан

ХV ғасырда өмір сүрген атақты қазақ ақыны Асан қайғы қазақ халқының тағдыра шешілер тұста өмір сүрді.  Ол шығармаларында тарих пен қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін түсініп және мұны әр адамға ой салар мәселе ретінде қояды:

... Ауылдағы жамандар,

Ел қадірін не білсін?

Көшіп-қонып көрмеген,

Жер қадірін не білсін (Толысбай К. Асан қайғы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 11 б.!)

Жалпы ақын өз шығармалары арқылы адамгершілік ілімдерді негізге ала отырып, әлеуметтік-әділеттілік түсініктерін, «әділетті хан» идеясын, адам туралы көзқарастарын, этикалық және эстетикалық салауаттардың ара-қатынасын айқындайды. Оның пікірінше, әділдіктің белгісі – бірқалыптылықта; ақылдының белгісі - өткен істі қумауында; надандықтың белгісі – білгеннің тілін алмауда екен. Ол әділеттілікті хан саясатынан іздеп, бірақ оны таба алмай, ханға көптеген өлеңдерін арнап, «әділетті хан» идеясын ұсынады. Асанның саяси-әлеуметтік идеясы оның қоғамдық өмірге терең үңілуінен тарайды. Оның хан алдындағы саяси платформасы мына схеманың негізінде қалыптасқан: 1) Мал өсіру үшін құнарлы жайылым мен жер-су керек. Қыста жайлы қоныс қажет; 2) осы шарттар орындалған күнде оның ел-жұрты өсіп-өркендеп, өрісі кеңейіп, тамыры терең жайылады; 3) саяси-әскери қақтығыстарды болдырмау үшін ел санын көбейту мақсатына орай айтылады (Толысбай К. Асан қайғы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 213 б.).

     
1
3866
0