Моё творение

GulZhan Zhumagalieva 2011 M07 14
869
0
1
0

Қазағым мен саған қуанамын!

Қазағым мен саған қуанамын!

Жауларға қарсы болып аттанғаның,

Елімізді аман-сау сақтағаның,

Бейбітшілік өмірді орнатқаның

Ынтымағы елімнің жарасқаны.

Жетем деп мұратына жеткендері,

Дүрсілдеген қазақтардың жүректері!


-Жеткізсе деп бұл күнге! - тілектері,

Қаншама зар жылатып жүргендері-ай,

Аналардың көз жасы көл болғаны-ай

Қаншама азаматтар, бауырлар-ай

Жан тапсырып кеткендер мен жоғалған-ай

Қазағым мен саған қуанамын!

Аңсаған армандарға жеткендерің,

Отан үшін өмірді бергендерің,

Қазағым мен саған қуанамын!

Қуанамын еркіндікте туылғаным,

Көтерген елімнің көк байрағын,

Қазағым мен саған қуанамын!

 

Оцените пост

1