Руслан Жанғазы: Бізге қазір «Ұлттық Самғау» қажет!

Руслан Жангазы 2011 M07 1
1128
0
0
0

Айналайын, Қазақ Жастары! Елімізге қауіп төндіріп жүрген біраз саяси үрдістер белең ала бастады. Ол сырттан да келеді, ішімізден де шығуы мүмкін. Қазақстанға қазіргі кезде өз Елін ойлайтын ЕЛЖАНДЫ...

Айналайын, Қазақ Жастары!

Елімізге қауіп төндіріп жүрген біраз саяси үрдістер белең ала бастады. Ол сырттан да келеді, ішімізден де шығуы мүмкін.

Қазақстанға қазіргі кезде өз Елін ойлайтын ЕЛЖАНДЫ ӘРІ ОТАНШЫЛ ЖАСТАР керек.

Сіздерге шағын ғана үндеуім болсын осы сөздер.

Дінге құмар болмай, Еліңе адал бол! Иманың жүрегіңде болсын, ал басыңда ғылым-білім болсын! Басқа дінге өту - шоқыну, алайда басқа мемлекетке қызмет ету - барып тұрған опасыздық, сатқындық!

Қасиетті кітаптарды оқуға қанша уақыт бөлсең, озық білім беретін кітаптарды оқуға одан он есе артық уақытыңды бөл.

Ұлттық мүдделер басқа сенімдерден жоғары тұруы тиіс.

Қазақстан - бұл сенің Елің, туған жерің. Бұл жерде ата-бабаңның сүйегі жатыр, яғни, бұл сен үшін Киелі Жер. Ертең білім алып есейгеніңде, осы Елдің тізгінін сен қолыңа аласың.

Аянбай қызмет етемін, адал еңбегімді халқымның өркендеуіне, өсіп-өнуіне жұмсаймын деген ниетің бар болса, оқы, білім ал!

Ертеңіңді ойла, халқыңды ойла.

Мал бағып жүре беретін уақыт өтті, әлемдегі ең дамыған мемлекеттер ғылым-білім арқылы орасан зор күштің иесіне айналып келе жатыр.

Қатарымыздан суырылып алға шығамыз десек, біз құдайға емес, Ғылымға табынуымыз қажет.

Бізге қазір діни құлдырау емес, бізге қазір Ұлттық Самғау қажет!

Ұлттық Самғаудың кені - ең дамыған ғылымда, ең жоғары технологияларда, ең озық білімде!

Осыны ұмытпа!


Оцените пост

0
Дальше