Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
14:30, 23 июня 2011

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАДЫРЫ

Қадыр Мырза Әлі

«Бала тілі бола алмаса ана тіл, ана тілі бола алмайды ешқашан» деп жырлаған, қазақ тілінің қадірін, қасиетін айтудан шаршамаған, қазақтың қадірлі ұлы Қадыр Мырза Әлі 77 жасқа қараған шағында өмірден озды. 40‑қа жуық жыр жинағының авторы, сыншыл да ойшыл ақын Қадыр Мырза Әлінің осыдан тура бір жыл бұрын

TIЛ: Дүниеге келген әрбір адамның бұл жалғанда алар өзіндік орыны, жүрер соқпағы бар. Соның ішінде шығармашылық адамының арқалар жүгі ауыр екені сөзсіз. Қашанда қолында қаламы, бойында дарыны бар жанның өзі қаламаса да халықтың тәрбиешісі рөлін атқарары анық. Заманның талай қиын шақтарында ұлттық сананы оятуға бар күш-жігерін аямаған азамат ретінде сіздің әңгімеңізді тыңдауға асығып отырмыз.

— Әр адамның маңдайына жазылған тағдыры бар ғой. Менің бала кезімде көрмеген қиындығым жоқ. Жетім өскендіктен далада жүріп, жұрттың қасы мен қабағын, өмірдің заңын оқыған адаммын. 9сыныптың тарихында «ХІХ ғасырдағы орыс мәдениеті мен әдебиеті» деген тарау болды. Сонда Белинскийдің: «Мені заман не істемеді. Мен осы заманнан қасқыр болып ұлыдым, ит болып үрдім, түлкі болып құйрығымды бұлғаңдаттым» деген сөзін мысалға келтіреді. Жас бол сам да, осы сөз жадымда сақталып қалды. Соғыстан кейін біздің елде аштық болды. Тігерге тұяғы жоқ кедей болғандықтан, ауылдан 40 шақырым жерде орналасқан Орал қаласына барып, оқуға тапсыра алма дым. «Заманды заман билейді»,— деп Абай тегін айтпаса керек. Қандай тәкаппар адам болмасын, заман иілтіп жібереді. Бірақ сол қиындықтар шығармашылық адамын шыңдап, менің өмір жолымның осы ар нада қалыптасуына өз септігін тигізгені анық. Бір жылдары жастарды тәрбиелеп, патриоттыққа шақыратын жастардың ұйымдары ашылған болатын. Олар ауыл-ауылдарға барып, сахнада патриоттық тақырыпта концерт қояды, өлең оқиды. Бірде солардың жетекшілері келіп, маған сахнадан өзіме ұнайтын тақырыпта екіүш өлең жазып беруімді өтінді. Оның бірі «Қазақ осы» өлеңі.

Қазақ осы — дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы — «өнер алды — тіл» дейтін

Қазақ осы — қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін - деп келетін осы шығарманы жазудағы мақсатым, өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды шетел азаматтарына танытқым келді. Жасыратыны жоқ, сол уақытта мұндай мазмұндағы өлеңдерді ұлтшылдықтың белгісі деп есептейтін, мен бұл өлеңді басқа мемлекеттердің, басқа ұлттардың алдында мақтануға құқымыз бар ғой деп ақтап шықтым. Осы өлеңді Қазақстанда бастыра алмай қаншама қиналдым. Кейін Өзбекстанда қазақ әдебиеті мен мәдениетінің декада сы өтті. Самарқандта өткен бір кездесуде сахнада қазақ тілінде осы өлеңді оқыған едім. Ол кезде идеология хатшысы Саттар Имашев деген азамат болатын, өлеңді оқып болған соң сахнаның артына келіп, мені құшақтап, сүйді. Ал өзбектер соны өз тілдеріне аударып, келесі күні бірден газет бетіне бас-ып шығарды. Ұлттық са наны ояту үшін ұлттық құндылықтарды қара сөзбен болсын, өлеңмен болсын кейінгі жас ұрпақтың санасына құя берсең, одан еш ұтылмайсың. Біз жазған, бізден бұрын немесе бізден кейін жазыла тын әдеби қазынамызды жастарымыздың бойына сіңіре беру керек. Себебі оның әрқайсысының астарында сол заманның тарихы, сол кезеңнің келбеті жатыр. Оны ресми түрде саясаттың күшімен насихаттағаннан гөрі, тойларда, кон церттерде немесе басылымның күшімен насихаттаған әлдеқайда тиімді нәтиже береді.

Жасыратыны жоқ, тойларда менің ту ындыларымды әсіресе «Қазақ осы» өлеңін асабалар жиі оқиды, бұл да бір насихаттың түрі ғой. Бірақ бір қынжылтатыны, өлеңді оқуын оқып алып, мені көріп тұрып: «деген ғой бір ақын» дейді. Ондай сәттер жаны ма қатты батады. Кезінде басымды қатерге тігіп жазған өлеңімді көзімше оқып тұрып, «деп жырлаған Қадыр ағамыз» деп айта салса, маған содан артық ештеңенің керегі жоқ қой.

Менің ұлттық тақырыптағы өлеңдерім көп сыналды. Сынағандардың бірі — Қалижан Бекхожин деген ағамыз. Ол кісі де көпті көрген, ұлтшылдықтың кесірінен көп таяқ жеген адамдардың бірі. Қалай сы нады дейсің ғой? «Қадыр өлеңдерінде қала мен даланы қарсы қойып жазады»,— деді. Ұлтшыл деген сөзді ашық айта алмайды, «дала» деп отырғаны — қазақ, «қаласы» — орыс. Осы мазмұнмен мақала да жазған болатын.

Қожанасырдың бір әңгімесі бар ғой. Бір күні көрші ауылға бара қояйын деп Қожанасыр үйден шығады. Ол шығаршықпастан жаңбыр құяды ғой. Қожекең жақсы киініп шыққан болуы керек, малмаңдай болмас үшін жалма-жан шешініп, бүктеп-бүктеп, киімін астына ба сып отырады. Жаңбыр басылғаннан кейін киімін қайта киіп ауылға жетеді. Ауылдағы ақсақал:

—    Ой, Қожеке, қашан келдің?

—    Жаңа ғана келдім.

—    Жаңбырда келдің бе?

—    Жаңбырда келдім.

—    Су емессіз ғой?

—    Қалай келдіңіз? — десе, мен жаңбырдың ара-арасымен жүрдім ғой,— деген екен. Сол сияқты біз де жаңбырдың ара-арасымен жүріп келдік. Қандай қиын нәрселерді амалын тауып айтуға тура келді. Айтпасқа арың жібермейді.

ТІЛ: Сіз жырлаған: «Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте» деген өлең жолдарын білмейтін қазақ жоқ. Өз ана тілін білмейтін халықтан асқан бақытсыз халық жоқ шығар. Сіздің осы турасындағы пікіріңізді талай басылым беттерінен оқып, айтқан ойларыңызды естіп те жүрміз. Десек те «Тіл» журналының беттерінде бұл туралы айтпай кетуге болмас? — Қазақ халқы — жасыратыны жоқ, басы бірігіңкіремеген халық қой. Қайта, Аллаға шүкір, ана жүздің тілі, мына жүздің тілі деп бөлінбеген. Қазақ тілінің байлығының арқасында бір тұтастығы сақталып келеді. Еуропадағы кейбір өркениетті елдердің үш-төрт мемлекеттік тілдері бар. Көлемі жағынан кішкентай ел болғанымен, оларды бір тілмен ұстап отыру өте қиын. Әркім өз тіліне тартады. Мысалы, Швейцарияда төрт мемлекеттік тіл бар: француз, ағылшын, итальян және романш тілдері. Сол мемлекеттердің ең үлкен проблемасы — ешқайсысынан төрт тілді бірдей білетін адам таба алмайсың. Заңға сәйкес, осы елде мемлекеттік мәртебесі бар тілдердің бәрін бірдей меңгермеген адам мемлекеттік қызметкерлікке өте алмайды. Олардың билік жаққа аса ұмтылмайтындары да содан. Ол елде қалаларды да бөліп қойған. Мысалы, Цюрихті неміс қаласы деп есептейді, онда неміс тілі үстемдік ететіндіктен, жергілікті халық балаларын неміс тілді мектептерден басқа оқу орнына апаруға құқылары жоқ. Женевада француздар тұрады. Ондағылар да балаларын тек француз тілді мектепке берулері тиіс. Немістер француз мектебіне, француздар неміс мектебіне бере алмайды. Міне, осылай олар күн көріп жатыр. Бір жағынан алып қарасақ, қиын нәрсе, бірақ ол — дұрыс.

кадыр мырзалиев - ТІЛ • # 1 | 2011 - Қаңтар

Ресей мемлекетіне тоқталатын болсақ, кезінде ол елдің ақсүйектері француз тілінде ғана сөйлесуді дәреже санап, ол салтқа айналып кеткен. Патшаның өзі, оның отбасы, министрлері — бәрі тек қана француз тілінде сөйлейтін болған. Олардың бәрі тек бір адамнан ғана қаймыққан. Ол — сол кездері кітапханашы болып қызмет атқарған И. В. Крылов. Пат ша сарайындағылардың бәрі И. Крылов ты көргенде ұялғандарынан қалай орыс тілінде сөйлеп кететіндерін аңғармай қалады екен. Себебі, ол французша сөйлеген орысты көрсе, түгін қоймай ұрысатын болған. Жалпы, ақсүйектер тек француз тілін емес, басқа да шет тілдерін меңгеруді сәнге айналдырған. Мәселен, француз тілімен қатар ағылшын, неміс тілдерін жетік білген. Ал енді Грибоедов бастаған зиялы қауым парсы тілдерін терең меңгерген. Сондықтан Грибоедовты Иранға елші қылып жіберген. Яғни жетісегіз тіл білу — ақсүйектер үшін қалыпты жағдай. Жеті тілді меңгеріп шыққан ақсүйектердің өз ана тілдері де көркейіп, жетіле түскен.

Англияның да Гарольд МакМиллан де ген премьер-министрі болыпты. Суэцк каналының дауы кезінде тағынан түсіп қалған. Сол араб тілін жетік меңгерген, ор та ғасырдағы араб поэзиясын жатқа білген.

Менің бір өкінішім, бірде-бір шетел тілін меңгере алмадым. Әрине, оның себебі де жоқ емес. Ол кездері шет тілі ретінде неміс тілі оқытылатын. Алайда ол пән орыс тілінде жүрді. Сонда бізге білмейтін тілді білмейтін тілмен түсіндіріп, үйретпек бол ды. Неміс тілі пәнінен дәріс оқитын неміс сол кездері қазақ тілін қайдан білсін?

Ұлы Отан соғысының алдында КСРО мен Германияның қарым-қатынасы жақсы болды. Сол кездері неміс тілінің беделі де жоғары болатын. Ал француз тілі тек қана Францияның әскери генералы Шарль де Голльдің кезінде келіп кірді. Ол: «біз сендер менен одақтасамыз, ортақ мемлекеттік сая сат ұстанамыз, бірақ бір шарт — Кеңестер Одағында француз тілі жүретін болсын»,— деген екен. Міне, патриоттар деп осыларды айту керек. Де Голльдің «Әскери естелік» деген үш томдық кітабы бар. Алғашқы кітабын: «Француз халқы елу миллионға жеткен күні өлсем, арманым жоқ» деп ба стайды. Нағыз мемлекеттік қайраткер. Ол сол арманына жетті де. ТІЛ: Біз сізді қазақ тілін мемлекеттік тіл қылу жолындағы даудың ішінде бел шешіп кіріскен қайраткерлердің бірі ретінде білеміз. Сол беттері әлі толық ашылмай жатқан тарихымыздан баяндап берсеңіз. — Қазақ тілі мәселесін бірінші болып көтерген азамат — Ғабиден Мұстафин. Бізде бір жиналыс өтіп, Ғабиден аға сөз сөйледі. Сонда ол кісі қарасөзбен мен оқымаған бір татар ақынының «Түс» деген өлеңін мысалға келтірді. Бір татар досына: — Түс көрдім. Түсімде жұмақта жүр екенмін. — Онда не көрдің? — деп сұрайды досы. — Ойбай, сылдырап ағып жатқан бұлақ, пісіп тұрған миуа жеміс, сайраған бұлбұлдар… Сонда досы тұрып: — Жарайды, оны қоя тұршы, жұмақта қай тілде сөйлейді екен? Татарша сөйлей ме екен? — деп сұрайды. — Жоқ, татарша сөйлемейді екен. — Ей, онда ондай жұмағыңның құны бір тиын,— деген екен досы. Не деген өлең! Әттең, авторын ұмытып қалғаным. Міне, осындай өлеңдерді аударып шығару керек. Біздерге кезінде жаздырмай қойды ғой. Біз сонда біреулердің шығармаларын аудару арқылы күрестік. Мысалы; Расул Гамзатовтың «Ана тілі» деген өлеңі бар. Сағи Жиенбаев аударды. «Егер менің ана тілім ертең өлетін болса, мен онда бүгін-ақ өлер едім» дейді.

Кейінгі кездері кейбір санаулылар «Елба сымыз мемлекеттік тілімізге жанашырлық таныта алмай келеді» деген сыңайлы пікірлерді жиі айтып жүр. Журналистерге берген сұхбатында Президентіміз: «Маған не дейсіңдер? Заң шығарып бердім бе, Конституцияға еңгізіп бердім бе?! Басқа не керек? Енді соның бәріне мен араласу ым керек пе?»,— деді ғой. Бұл сөзінің жа ны бар, себебі мен оның куәсімін. Әрине, Мәскеудің қыспағынан кейін орыс тілін де далаға тастай алмады. Халықаралық қатынас тілі ретінде қалдыруға тура келді. Халықты да түсінем. Қазақ тіліне Елбасының жаны ашымағанда, кімнің жаны ашиды дейді ғой. Бірақ соның бәріне араласа беруге саясаттың күші жете бермейді. Себебі саясат деген өте тайғанақ мұздың үсті іспеттес. Абайлап жүрмесең, қалай тайғанап кеткеніңді аңғармай қаласың.

Екі тілді мәселе кезінде Мәскеудің күнсайынғы қыспағына қарамастан қазақ тілін у-шусыз аман алып қалған осы Президентіміздің өзі деп айтсам, артық айтқандық емес. Бір мысал келтіре кетейін. Елбасы Мәскеумен телефон арқылы тікелей сөйлесіп жатқан болатын, мен жақын арада отырдым. Сөз арасын да, тіпті, болмай қойғаннан кейін: «Не, сіздерге екінші желтоқсан керек болып отыр ма?»,— деді. Ел екінші рет көтеріледі дегені ғой. Міне сол сөзінен кейін Мәскеу қысымын тоқтатты. Бұл — жаны ашитын адамның сөзі. Елінің патриоты болмаса, басын осындай қиындыққа тігер ме еді?! Міне, Елбасымыздың осындай ерлігін өз көзіммен көргеннен кейін, оны халыққа жеткізбеуге құқым жоқ.

Біздер — Ата заңымыздың негізін қалаған азаматтардың біріміз. Конститу цияны құру кезінде ең қиналған жеріміз мемлекеттік тіл болды. Жасыратыны жоқ, Мәскеудің де қысымы аз болған жоқ. Әрине, бірнеше жылдар бойы Ресейдің от ары болып келдік. Енді олардың Қазақстан сияқты мемлекеттен оңай айырыла қалуы екі талай еді. Сондықтан біздің ең жанды жеріміз — тілімізден қысым жасағысы келді. Сонда Мәскеу «Қазақстанның екімемлекеттік тілі болсын» дегенді талап етті. Соның орындалуын күн сайын қадағалап отырды. Ол уақыт әлі Орталық Комитеттің бар кезі. Конституция қабылданған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев әлі бірінші хат шы. Жасыратыны жоқ, оның бүкіл тағдыры Мәскеудің қолында болды. Бірақ мемлекеттік тіл мәселесі оны біраз тығырыққа тіреді.

Конституцияны құрастыру кезінде тілге қатысты жағы біразға дейін ортақ шешімін таппай, талқылау жұмыстары ұзаққа созы лып кетті. Осыған қатысты талай жиынотырыстар да өтті. Сонда алғашқылардың бірі болып Заманбек Нұрқаділов сөйледі. Ол өзі қазаққа өте адал жігіт болатын. Сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік тіл біреу болуы керек. Ол — тек қана қазақ тілі»,— деп қысқа ғана қайырды. Оның соңынан бір орыс шықты да: «Жоқ, Қазақстанда екі тіл болуы керек: орыс және қазақ тілдері»,— деді. Осылай бір қазақ, бір орыс сөйлеп, отырғандардың пікірі қарс айырылды. Төртінші немесе бесінші бо лып сол кездері Орталық Комитеттің бөлім меңгерушісі Есенәлиев Михаил Иванович сөйледі. Жасыратыны жоқ, мен оның атыжөні орысша болғандықтан сәл сенімсіздеу қарайтынмын. Сөйтсем, ол өзі Ресейде туып-өскен бала екен. Әйелі де орыс. Соған қарамастан қазақ тілін тез үйреніп алған. Ол өте қатты айтты: «Сендерді . бізге істеп отырғандарың — геноцид. Ана тілін дамы та алмай отырғанда, жағаласып басқа бір тіл кіреді екен. Бұл сонда екі тілде сөйлейтін қандай мемлекет болмақ?»,— деді. Кейін үзіліс кезінде Нұрсұлтан Назарбаев келіп менен: «Сіз сөйлейсіз бе?»,— деп сұрады. «Сөйлейін, бірақ сәл кешірек, түстен кейін сөйлейін»,— дедім.

Сонымен, не керек, үлкен дау туын дайтынын түсіндім. Соның ішінде екі тілді мәселе екі жақты пікір тудыраты нын да жақсы білдім. Осы қарама-қайшы пікірлердің арасынан қазақ тілін жақтап, жеңіске жетуіміз екіталай еді. Осының бәрін ескеріп, ертерек қамдана бастадым. Сол кездегі біздің қорыққанымыз парламенттің құрамы болды. Бейресми түрде «елу де елу» болғанымызбенен, нағыз қазақтардың саны елу пайыздан аз еді. Себебі, бар қазақтардың көбі қазақ тілін біле қоймайтын. Олар міндетті түрде қос тілді мемлекеттік тілге дауыс берері анық еді, өйткені орыс тілі болма са, билік басындағы орындарында ұзақ отыра алмайды ғой. Ал сол орыс деп бөліп отырғанымыздың ішінде өзге ұлттар: по ляктар, украиндер, беларустар бар болатын.

Мен, міне, осыларды басты нысанаға алдым. Себебі осылардың қай-қайсысының болмасын арғы жағында айта алмай жүрген ұлттық дерті бар, солардың тамырлары нан тура басып, дауыстарын қазақ тілінің үлесіне пайдаланғым келді.

Не істедім дейсіз ғой. Өзге ұлт республикаларының материалдарын қарадым. Ең күрделі мемлекеттердің бірі — Украина. 40 миллионнан астам халқы бар. Бір кездері Киевский Русь болған. Орыстардың түп-төркіні сол жерде жа тыр. Мен сол Украинаның тарихын ал дым, солардың жергілікті проблемаларын зерттедім. «Комсомолец Украины» деген газеттің тігіндісін қарадым. Онда бір орыс әйел былай деп жазған екен: «Біз, жал пы — орыспыз. Украинада тұрамыз. Менің балам, әрине, орысша оқиды. Өте жақсы оқиды, тек бір ғана украин тілінен төрті бар. Соның кесірінен ол мемлекеттік емти ханнан кейін медаль ала алмайды»,— деп ашынып жазады да, «кому нужен этот ни кому не нужный украинский язык?!» деп сөзін аяқтайды. Мен осы сөзін жазып ал дым. Маған да керегі осындай ол ұлттың намысын оятатын сөз ғой. Енді осы пікірге қарсы келетін мысал іздеуге кірістім. Бір елші туралы материал таптым. Американың әскери елшісі екен. Заң бойынша олар тек үш жылға келеді ғой. Әлгі келген елші өте ақылды адам екен. Жергілікті елдің салтдәстүрімен, тарихымен жақынырақ та нысу үшін келген күннен бастап украин тілін үйренуге кіріскен. Екі жыл уақытын соған сарп еткен. Ойлап қарасаңыз, қалған бір-ақ жылдық жұмысы үшін украин тілін меңгеріп алудың не қажеті бар?. Яғни тілдің қасиетін жақсы түсініп тұр ғой ол. Осы бір-біріне қарама-қарсы екі мысалдың ішінен «Оказывается комуто нужен этот никому не нужный украинский язык» де ген ойды алып шықтым. Ең соңында «Осы сендердің империяларыңызды айтпай-ақ қояйық, анау Пушкин, Толстой, Чернышев ский, Белинский бастаған тек орыстардың ғана емес, басқа халықтың да мұңын мұңдаған гуманистерің қайда кеткен?» деп орыстарға да тиісіп қойдым. Содан кейін Канаданың Томсон деген жазушысының әңгімелерінің бірін мысалға келтірдім. Еу ропа ақсүйектерінің аңға шыққанда 2030 шақты иттерді қоя беріп аң аулайтын әдеті бар ғой. Сонда аңшылардан қашқан бейша ра еліктің өзі айналып келіп сол аңшыны паналайды екен ғой. Жаны ашыған аңшы елікті иттерге бермей, аман алып қалатын көрінеді. «Осыны мысалға келтіріп отырған себебім, қазақ тілінің тағдыры ту ра сол еліктің тағдырымен ұқсас. Сендердің паналарына келіп тығылып отыр ғой»,— дедім… (осы кезде Қадыр ағамыздың көңілі босап, көзінің жасын жасыра алмай қалды). «Сендер ұялсаңдаршы енді. Қазақ тілін қорғайтын қазақтар аз емес. Бірақ оның тағдыры сендердің қолдарыңда тұр ғой»,— дедім. Сол сәтті есіме алсам, әлі күнге дейін көңілім босайды. Сөйлеп тұрғанда бұлай толқымап едім. Қысқасы, сөзім жақсы шықты-ау деймін. Семейде бір облыстық атқару комитетінің төрағасы ма екен, Кондратенко деген хохол болды. Сол кісі үзіліс кезінде, менің баяндама ма көңілі толғандығы соншалық, маған қарай жүгіріп келе жатыр еді, алдынан екі орыс шыға қалғанда бұрылып кетіп, ақырын ғана артымнан келіп қолымды алып, ризашылығын білдіріп кетті. Орыстардың санын көбейтіп жүрген өзге ұлт өкілдерінің қытығына тию керек деп едім ғой, сол көздеген мақсатым нысанаға дөп тисе керек.

Дауыс беру кезінде қазақ тілінің үлестік пайызы тоқсанның үстіне шығып кетті. Біз елу пайыз ала алмаймыз деп қорыққан бо латынбыз. Бұл, әрине, менің ғана сөзімнің арқасы емес қой. «Көп түкірсе көл бола ды» демекші, тіл жанашырларының бір ортадан шыққан пікірлері қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерді. Міне, ана тілімізді осындай күшпен аман алып қалдық.

ТІЛ: Қазақ тілінің келешегін қалай елестетесіз? — Жазушының екі асылы бар, біріншісі — уақыт, екіншісі — еңбек. Тәуелсіздік алғанымыз кеше ғана. Әлі-ақ бәрі оңалады. Біздің тұңғыш баламыз мек тепке барған жылдары Алматыда бірде-бір қазақ мектебі қалмаған еді. Табанымызды тоздырып жүріп, әрең дегенде бір қазақ мектебін аштырдық. Ал қазір, Аллаға шүкір, оның саны 30-40-қа жетті.

Қазір қазақ тілін дамытуға кедергі келтіріп жүргендер — сол орыс мектебін бітірген қара көз қазақтарымыз. Жұрттың бәрі Тәжин, Тоқаев емес қой. Екеуі де қазақ тілін жап-жақсы үйреніп алды. Со ларды қазақша сөйлей қояды деп ешкім де ойламаған. Бұл — зор сауаттылықтың, ұлтына деген жанашырлықтың белгісі.

Ал енді қазақ мектебін бітірген кейінгі буын университетке түседі, диплом ала ды. Олардың бәріне жұмыс керек. Ертең солар қазақ тілін білмейтін министрлерге барып: «Аға мына орынды босатыңыз»,— деп айтады. Олар босатуға тиіс. Ендігі күрес бетпе-бет болады. Сондықтан бізге тек уақыт керек.

Сұхбатыңызға рахмет.

"ТІЛ" ЖУРНАЛЫ

0
3566
0