«Тәшкіден» «Көліктер» жақсы

Dinara Issabekova 2011 M06 22
1823
14
0
0

Тойдың болғанынан боладысы қызық дегендей, қазақстандықтар «Көліктер-2» мультфильмді жарыққа шықпай тұрып қарқынды талқылады. Әйтеуiр, ұзақ  күтiлген оқиға өз мәресіне жетті. Елорданың тұрғындары...

Тойдың болғанынан боладысы қызық дегендей, қазақстандықтар «Көліктер-2» мультфильмді жарыққа шықпай тұрып қарқынды талқылады. Әйтеуiр, ұзақ  күтiлген оқиға өз мәресіне жетті. Елорданың тұрғындары бiрiншi көрермен болды. Ал біз, алматылықтар, туындыны бүгін Mega орталығында орналасқан Star cinema кинотеатрында тамашаладық. :)

Шақыру билеттері осындай болды


Айтып кету керек, алғашқы көрсетілімге екі жүзден астам көрермендер жиналды. Оның ішінде белгілі актер Асанәлі Әшімов, «Ел арна» телеарнасының директоры Әйгул Мүкей, «Наша KZаша» жобасы, yvision`нің белсенді блоггері Nurpeisov және бірнеше медиа-түлғалар мен V.I.P қонақтары.

 

Қонақтарды осындай сымбатты бикештер қарсы алды

 

Сеанс басталар алдында. nkipshak, мен және Нияз

 

Негізінде, анимациялық фильмнің дубляжы өте жоғары деңгейде жасалған. Жұмсалған 120 мың АҚШ доллары толығынан ақталды деп ойлаймын. Дубляж жасаған топ жаксы жұмыс атқарғаны белгілі.

«Көліктер-2» мультфильмінің кейіпкерлерін қазақша дыбыстағандардың еңбектері өте зор. Олардың ішінде Бақытжан Әлпейісов, Күнсұлу Шаяхметова, Дәулет Әбдіғапаров, Нышанбек Жұбанаев. Шын айтсам, Азамат Қанапияевтың дауысымен сөйлеген Мэтр менің жүрегімді жаулап алды. «Уолт Дисней» өкілдеріне Қанапияев мырзаның дыбыстағаны ерекше ұнапты. «Біз естіп көрген Мэтрлердің ең үздіктерінің бірі», – депті.

Киносүйер қауым арасында оны өте шолжыңдады деп санаған бірнеше азаматтар табылды. Сондықтан оның айтқан репликаларын бірден түсіне алмадық деген пікірлер естіліп жатыр. Менің ойымша, барлығы түсінікті және күлкілі болды. Бірақтан, залда отырған көрермендер аса көп күле бермеді. Мүмкін, олар үшін сондай жайдары болмағандықтан немесе көбісі толық түсінбегендіктен деп ойлаймын. Сонымен катар, «Базар жоқ!» пен «Нан ұрсын!» ілікпе сөздері ұнам бойынша тура келдi.

 

Сюжет бойынша, найзағай МакКуин ең үздік көліктермен бірге Жапонияның, Францияның және Италияның трассаларында жарысқа түспек. Ең қызығы - МакКуин Мэтрмен бірге шытырман және бас айналдыратын қастандықтың ең жүрегіне түсетінін сезiктенбейді. Бірінші фильмде басты роль сүйкімді найзағайға берілсе, бұл ретте анимациялық фильмінің нағыз жұлдызы Мэтр атанады. Ол ғашық болғаннан басқа, көңiлі қалып, азап та шегiп үлгіреді. Бірақтан Голливуд фильмдеріне тән кейікерлерді хэппи энд күтеді.

Шын айтсам, қазақ тіліндегі туындыға барудың өзі өзгеше екен. Әйтсе де, «Көліктер» менің коңілімнен шықты. Кім білер, фэнтэзи немесе драма кинотуынды болса, мүмкін, пікірім басқа болар еді. Недесе де, ірге тас каланғанына қуанышым шексіз.

 

П.С. Біз киноны цифр жүйесінде емес, лентада көрдік. Сондықтан, титрлері орыс тілінде болды.

П.С.С. «Тәшке» деп аудармағанына өте ризамын!

Оцените пост

0

Комментарии

0
Пікіріңіз керемет екен
0
Базар жоқ! Cуретім үшін +1)))
0
блин, меня так поражает, когда пишут отзывы на казахском языке. Сама не умею. ты молодец :)
0
ал сүретің болмағанда, + 1 болмайтын еді ма сонда? айтпақшы, маған -1 қойған азаматтар табылған екен :))
Показать комментарии