место в рейтинге
  • 1808594
  • 21199
  • 738
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Көліктер» қазақша сөйлейді, немесе жүлде

Disney/Pixar студияларының туындысы "Көліктер 2" қазақша дубляжда шығатыны жайында бірнеше апта бұрын мына жерде жазылған еді. Қазақстандық прокатқа кино қазақ және орыс тілдерінде 23 маусым күні шығады – бұл АҚШ премьерасынан бір күн бұрын деген сөз.

Сәрсенбінің сәтінде “Көліктер 2-нің” премьера алдындағы көрсетілімі болады. Соған орай біз “Меломан” компаниясымен бірлесіп, пайдаланушылар арасында 4 билетті бәйгеге тіктік. Бәйге болғанда, айтарлықтай сайыс жоспарлаған жоқпыз, әрине.

Алматы тұрғындары, қазақ тілінде кино көргім келеді және 22 маусымда сағат 18:00-де қолым бос деушілер, бұл жазбаның астына пікір қалдыруды өтінеміз. Алғашқы төрт пікір қалдырушы билетке ие болады.

Айта кететін бір жайт, кинодан кейін өз блогыңызға ана тіліңізде пікір жазуды ұмытпаңыздар: қазақ тілді аудармаға көңіліңіз толды ма, мультфильм ұнады ма деген сарында жазылған посттарды күтеміз.

Премьера алдындағы көрсетілім Мегада сағат 18:00-де болады. Жеңімпаздарды Your Vision өкілі күтіп алады, оны сіздер футболкасынан танып қоясыздар.

Қазақстанның басқа аймақ тұрғындары үшін бонус!
Егер де сіз басқа қалада тұратын болсаңыз, біздің екінші жүлдеге қатыса аласыз. Ол үшін армандап жүрген автомобиль жайында пікір қалдырыңыз (көлікті фотографиясыз сипаттау). Ең әдемі пікір үшін сыйлық бар – “Көліктер 2” фирмалық 2 Gb флешкасы.

Ал, кеттік!

Your Vision yvision
крупнейшая блог-платформа Центральной Азии
20 июня 2011, 18:14
4362

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Zeta4
0
0
кеттік. бұл туынды шала қазақша емес, таза қазақ тілінде болса екен деп ойлаймын. Молния МакКуин, Мэтро сияқты кейәпкерлердің кімнің дауысымен және қалай сөйлейтіні өте қызықты.
Найзағай МакКуин)
Zeta4
0
0
дұрыс айтасыз, Найзағай:) құлағым да, тілім де ұйренбей жатыр
Zeta4
0
0
кейіпкерлердің*
қазақша Мэтроның дауысын Студио Pixar ең күшті де есептейді, әлем бойынша!))))
фильмге міндетті түрде барғым келеді! :)
қазақ тілінде болса мен барам )))
менің ойымша, тек бір билеттен ғана беріледі :))
Менің барғым келеді! Бірақ мен алматыда емеспін:(
біз бүкіл жанұямызмен баратын секілдіміз))
Levak2
0
0
Жейде,мен бұл сайыс туралы дым тусінбедім,әке шешем қазақ,өзім де қазақ мектебін бітірсемде,сені түк түсінбедім,сайыстын ережесін түсінікті қылып жазсан жудә жақсы болар еді)
барамын деп ең алғашқы пікірін білдірген блоггерлер женімпаз атанады. қысқасы осы. :))
Levak2
0
0
өй) Флешка ше?)
ол үшін армандап жүрген көлікті сүретсіз, әдемілеп сипаттау керек. :))
Ақыры кақаз тіліндегі пост!!! Ханымдар мен мырзалар, қазақ тіліндегі шығып отқан кинонға бәріңді ақшаларыңды жұмсауды өтінемін. Егер де біз қазірден бастап қазақ тіліне аударылған киноға қызығып жүргенімізді көрсетсек, жоғарыдағы отырған көкелер келесі кинолардың аударылуына ақшаларын аямайды. Осындай жолмен қазақ тілінің беделінің көтерілу жүрісінің жылдамдығы өсіп, келе жатқан ұрпағымыз таза қазақ тілінде сөйлейтін болады. Осындай үмітпенен сол киноға бармақшымын.
Мiңдеттi түрде бару керек!
Мен барсам болады ма? Бірінші 4-ікке кіремін бе??
Біз төртікке ілікпесекте, ақша шығарып, қолдап баруға болтын сияқты...
GreenKz ҚОЛДАЙМЫН!!!
Levak2
0
0
Менің арманымдағы автокөліктің түсі қып-қызыл,кабриолет(яғни төбесі жоқ),спорттық,көлемі 2,0ден жоғары,100 км/с-ты 4 секундтта алатын,гидравлика салынған(секіретін,оңға,солға,артқа,алдыға),даусы қатты шығатын,қала көшесімен жургенде барлығының көзі түсетін,қыздар бір ысқырғанда мінетің автокөлік)))
Ал енді бір шумақ өлең
"Астымдағы көлігім Бэха нөмірі оның Икс
Көшелермен келем мен қарастырып сұлу Чикс
Маған бәрібір,нөмірім менің барі 1
Көше бойында мені күтіп ару қыздар әне жур)"
Levak2
0
0
Жейде флешка бересиндер ма?)
Өлеңді оқысайш) не деген адемі өлең)
"Маған бәрібір,нөмірім менің барі 1"
ААААхахаха қатырдың Левак, сөз жоқ жарайсың
Levakқа ФЛЕШКА беріңдер!!!
Levak2
0
0
Жейдеге ұнаса жақсы болар еді))
Майк0 ше)))) осы постты жазған)
Билеттың құны арзандау бола ма?
AllBan
0
0
Qazaqstannyn barlyq qalalarynda korsetiledi goy? olay bolsa - men de mindetti turdi baramyn!
Мені өзіңізбен алсаңыз, өз тарапымнан осы жердегі блогыма "Көліктер 2" жайлы қазақ тілінде рецензия жазуға уәде берем. :)
1990
0
0
Бұл фильмның аты неге ТӘШКЕ (ТӘШКІЛЕР) емес?
Тәшке ол ауылдағы су тасыйтын арба
Ал Тачка-ше? Ол да арбағой? =)
сонда қалай, мен алматыда тұрамын, сағат 18.00-де бұл пост астында қандай болса да пікір қалдырайым ба?
Чорт побери, его так распиарили, что я по любому пойду в кино и именно на казахскую версию. Думаю, пару-другую фраз на казахском добавлю в свой лексический арсенал.
Күншуақтай "Көліктер",
Келді міне, бизге де.
Сөйлейді темір тұлпар
Қазақтардын сөзімен.
Бұл дегенін қуаныш,
Бұл дегенін тамаша!
Дами берсін "ҚАЗАҚША"!
хехе қалай екен:
Айтпақшы, бұл әр жерде «қазақ тілі құрдымға кетті», «тіл дамымауда», «тез арада жаңа заң қабылдап, мелекеттік тілден басқасының бәріне тыйым салу керек" деп әр жерде жар салатын топас «всёпропальщиктерге» жақсы жауап болды!

Барлығы өз кезегімен келуде, осыдан бес жыл бұрын Голивудтың киносы сапалы, толыққанды қазақ тіліндегі дубляжбен шығады дегенге ешкім сенбес те еді. Еліміз дұрыс бағытта жүріп келеді, бұл айдан анық. Ақырындап, дегенмен батыл және алдын-ала ойластырылған қадамдарды жасауда. Және бұл тек бастамасы ғана!
[смотрит с уважением]
а сам ли он это написал? *смотрит с подозрением*
А смысл просить об этом другого человека?
тему развиваю =)
Алақай!!!!!!!!!!! Алақай!!!!!!!!!!! Тілім көкке жетсін!!!!!!!!!!!!!!!!!! Каз Бір екі өлең шұмақ жазайын!!!!
Жәй ғана, орта деңгейдегі фильмден емес, дәл осындай сапалы, әрі балаға да, үлкенге де тартымды туындыдан бастағаны өте дұрыс шешім болды деп ойламын. Бастама сәтті болсын!!!
fu2red
0
0
Барлық қазақ тілді окырмандар мен көрермендерге құтты болсын демегім келеді...мұндай мейрамдар күн сайын болмайды...бірінші болып баратын yvision көрермендеріне қызғанып тұрмын...
Жалпы осы жаңа шыққан мультфильм жақсы дубляжданды деп үміттенемін...мүмкіндігім болса міндетті түрде барармын.
Бірақ бұның жалғасы(қазақша дулбляжының), болашағы жоқ деп ойлаймын...көбі фильмдерді орыс тілінде көргенді ұнатады. Өзім қазақ бола тұра...орыс тілінде фильмдерді тамашалау ыңғайлырақ деп ойлаймын. Бұның түбі Украинадағыдай болады деп ойлаймын. Алайда, кім білсін...мүмкін халық қазақша дубляжды сүйіп те қалар. Не болса да бәріне сәттілік тілеймін!
дискте шыгарама екен? сатып алар едім, өйткені бара алмайтын шығармын (
2012 жылдан бастап, Қазақстандық кинотеатрлардың экрандарына шығатын барлық фильмдер екі тілде болуы туралы бұйрық менің ойымша қазақ тілін үйренем деушілерге үлкен көмек болар еді.
Менің бұрыннан бері армандаған көлігім, Жапония елінен шыққан аты аңызға айналған әйгілі Митсубиси Эклипс. Менің армандаған көлігім қазіргі уақытта шығаратын жаңа үлгідегі автокөлік емес, ол 1995-1999 жылдар аралығында шығарылған, АҚШ еліне экспортталған төрт дөңгелігі бірдей айналатын турбинасы бар 2 литрлі қозғалтқышты қара торы тұлпар. Қысқаша айтқанда Mitsubishi Eclipse GSX, дәл өзі.
asyoka
0
0
Керемет, міндетті түрде бару керек!
Флэшка алу үшін жайғана армандап жүрген автокөлік туралы осы жерге жазса болдыма?)
asyoka
0
0
Бірақ көліктер деп аударылуы дұрыс болмады
Zeta4
0
0
Маған, керісінше, дұрыс сияқты. Cars - көліктер. Бірақ "Тачки" деген қызығырақ естіледы :)
Найзағай МакКуин, алға!!!
Zeta4
0
0
Мэтро емес, Мэтр екен :[

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38856
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 11263
  • 174
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 3168
  • 52
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 2165
  • 2
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 2032
  • 1
Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

При полном отсутствии бюджетного жилищного строительства, целые аулы оседают в ветхих домишках, сквозь заборы которых насмешливо возвышаются башни "коктемов", "риц карлтонов" и "есентаев".
niyazov
19 авг. 2017 / 11:16
  • 2102
  • 55
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
В «Жилстройсбербанке» посоветовали не ходить в кафе, а копить на квартиру

В «Жилстройсбербанке» посоветовали не ходить в кафе, а копить на квартиру

При какой зарплате можно купить квартиру, рассказала председатель правления АО ЖССБ Ляззат Ибрагимова. Она также подчеркнула, что придется забыть, что такое вечеринки, кафе и всякие развлечения.
tala03
18 авг. 2017 / 9:55
  • 1584
  • 47