Твиттердің визуалиязациялары

Алия 2009 M08 30
1454
1
0
0

Сіз Твиттерді күнделікті өмірде (біреуге қызық естілетін шығар, бірақ шынымен де көп адамдар үшін ол күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды, мен де солардың қатарындамын) қолданатын болсаңыз, мына...

Сіз Твиттерді күнделікті өмірде (біреуге қызық естілетін шығар, бірақ шынымен де көп адамдар үшін ол күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды, мен де солардың қатарындамын) қолданатын болсаңыз, мына сервистерге назар аударыңыз. Маңыздылығы жоқ болса да, әдемі визуализациямен көзге түседі.

Visible Tweets

Visible Tweets іздеу бойынша твиттерді көрсетеді. Анимациясы керемет! Бұл твиттер-мешаптың бір минусы - тек латын әріптерді қабылдауында.

 

Twittervision

Twittervision - бұл твиттер-мешаптардың ішіндегі ең алғашқысы. Картада дәл қазір жарияланған твиттер географиялық орнымен қоса көрсетіледі. Сервис өз API-на ие, бірақ сізге таныс емес адамдардың апдейттерін көрсетеді.

Twistory

Twistory - бұл да бұрыннан пайда болған әдемі сервис. Ол I love | hate | think | believe | feel | wish сөздері бар твиттерді көрсетеді. Осыған ұқсас орыс тілді сервис Твиху бар. Бірақ ол апдейттерді «вчера», «сегодня», «завтра» сөздері бойынша көрсетеді.

Toriseye

Toriseye - қызықты анимация. Төменде өзіңіздің юзернейміңізді жазып қойсаңыз, құстар ұша бастайды. Біреуіне курсор қойсаңыз, твит (сіздікі не сізге жазылған реплай) пайда болады. Сервис HTML/CSS және JavaScript-те жасалынған.

Social Collider

Social Collider түсініксіздеу болса да, сіздің және бөтен твиттердің арасындағы байланысты «суреттейді». Юзернеймді жазып, 5 минут күте тұрыңыз.

Бұл тізім толық емес, басқа да түрлі сервистер бар және әлі де болады. Тви-өміріңіз қызықты, әрі пайдалы өтсін!

Оцените пост

-9

Комментарии

0
Туиттердегі жауабыңызды кеше ғана оқып, енді келіп отырмын. Мұнда көп түрлі сервистер жайлы жазыпсыз. Жарайсыз!
Показать комментарии
Дальше