Қадiрлi дос! (Мұқағали Мақатаев)

aizhan_taisariyeva 2011 M06 13
2615
1
3
0

Қадiрлi дос! Қайтесiң ренжiме, Айтпай-ақ қой, Халiңдi бiлем, бiлем... Таппай жүрсiң сырласар сыңарыңды, Жiбi түзу жан iздеп жылы өңдiден. Айтпасаң да халiңдi бiлем, бiлем... Жанның бәрiн жаныңа дос...

Қадiрлi дос!

Қайтесiң ренжiме,

Айтпай-ақ қой,

Халiңдi бiлем, бiлем...

Таппай жүрсiң сырласар сыңарыңды,

Жiбi түзу жан iздеп жылы өңдiден.

Айтпасаң да халiңдi бiлем, бiлем...

Жанның бәрiн жаныңа дос санадың,

Дос санадың...

Қалмады басқа амалың.

Ал, жүрегiң?...

Жүрегiң тулап жатыр,

Қирата алмай кеудеңнiң тас қамалын.

Бәрi де алдыма бас иер менiң,

Бiр құдiрет қолыма тиер ме едi,

Қызылшақа сәбидей жүрегiңдi,

Босатып ап түрмеңнен, сүйер ме едiм.

Оцените пост

3
Дальше