Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
15:11, 04 июня 2011

Теміртаулықтар қазақ мектебіне қарсы

Теміртаулықтар қазақ мектебіне қарсыҚазақтар қазақ мектептері жетпегендіктен, балаларын орыс мектептеріне беруге мәжбүр!

Теміртау қаласында қазақ тілді мектептерге күн өткен сайын, сұраныс артып келеді. Қалада 17 орыс мектебі бар, олардың көбісі толық емес. Себебі ата-аналар балаларын қазақ мектептеріне бергілері келеді. Ал қазақ мектептері сан жағынан аз болғандықтан, ол ата-аналардың сұраныстарын қамтамасыз ете алмауда.   Өз үйінің маңынан мектеп таба алмай қиналған қазақтардың көп екендігін ескерген жергілікті әкімшілік екі орыс тілінде білім беретін №9 және №16 мектептерді қазақ мектебіне ауыстыру туралы шешім шығарды. Осы мектептердің ұстаздары мен оқушыларына басқа мектептерде орын табылғанына қарамастан, кейбіреулер «қиямет» орнағандай шу шығарып, қарсылық білдіруде.   Қазақ мектебі көбеймей, қазақтар Қазақ елінің орыс тілді мектептерінде оқуға мәжбүр. 

Теміртаулық  этностар өздерін «өте ақылды» санайды


0
338
2