Майада. Ирактың қызы

Айнур 2009 M08 21
1484
0
0
0

Майада аль-Аскари Ирактағы өте құрметті жанұяда дүниеге келген. Ел басында Саддам Хусейн болған кезінде Майада онымен жеке тілдесіп, сұхбат жүргізген. Майадаға күндердің күнінде "Саддамның саясатынан...

Майада аль-Аскари Ирактағы өте құрметті жанұяда дүниеге келген. Ел басында Саддам Хусейн болған кезінде Майада онымен жеке тілдесіп, сұхбат жүргізген. Майадаға күндердің күнінде "Саддамның саясатынан азап шегем" деген ой келмеген-ді.

Жай күндердің бірінде Майадаға "жеке типографияңда шииттердің мақалаларын басып шығардың" деген айып тағылып, Баладият түрмесіне отырғызылады. Саддам Хусейн мен "Баас" партиясының озбыр саясаты мыңдаған ирактық жанұяларды қан жылатты. Бір торда жатқан 17 бейкүнә әйел, түрмеге жабылудағы әркімнің оқиғасы әр түрлі, қаніпезер күзетшілердің қолынан қорлық көреді. Әр әйел өз өмірі жайында айтып, Құдайдан туған-туыстарының саулығын тілеп отырады. "Мың бір түндегі" Шахерезада сынды әңгімелерін айтысып, армандарымен бөліседі. Әр тұтқын әйелдің әңгімесінде Саддамға деген өшпенділік тұнып тұр. Азаптан құтылып, бала-шағаларына жетуді ғана аңсайды. Бас кейіпкер Майада да, темір тордағы азапқа толы бір айдай уақытын қызы Фей мен баласы Алиді уайымдаумен өткізеді.

Тұтқын әйелдерді кезек-кезек шақыртып алып, аяусыз қинап, қол-аяқтарындағы тырнақтарын жұлып алатын сәттерін оқыған кезде денем түршікті.

Ата-бабаларымыздың біздерді қорлықтан аман сақтап қалғанына қуандым. Олар көрген азапты күндерді бізге, болашағына көрсетпеу үшін қасық қаны қалғанша шайқасқанына мың да бір алғыс. Азат күнде өмір сүру құрметіне ие болған ұрпағының атынан олардың аруақтарына ғұмыр бойы тағзым етемін.

Бойымнан Джин Сэссонның басқа да кітаптарын оқуға деген құлшынысты таппасам да, шынайы, айықтыратындай шығарма оқығаныма еш өкінген жоқпын. Бірақ Сэссонның атышулы "Ханшайымның мемуарларын" оқып шығу ойда бар. "USA Today" айтпақшы, адамның жеке құқығы ойландыратын адамдарға оқуға мен де кеңес берер едім.

Оцените пост

0
Дальше