Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
16:34, 29 мая 2011

ДОС. Сөз беремін.

ДОС - http://www.dosmobile.kz - бұл Қазақстан нарығындағы жаңа ұялы байланыс! Бұл Қазақстан тарихындағы нағыз қазақстандық ұялы байланыстың бренді. Ол шет елден әкелінбеген, біздің жергілікті брендіміз. Оның ең басты ерекшелігі – қарапайымдылық, қолданудағы ыңғайлылық пен арзан тарифтер.

Бәрі жақсы ғой, тек түсініксіз болғаны, сұрақтар: (Сайтты оқып шыққан кездегі түсінбеген жерім):

  1. 25 күнде кем дегенде 1 рет теңгеріміңізді бірден 300 тг-ге толтырғанда. Теңгеріміңізді кем дегенде 300 тг-ге соңғы толтырғаныңызға 25 күн өткен соң, барлық нөмірлерге қоңырау шалу құны - 15 теңге.
  2. Алматы облысынан тыс жерлерде барлық бағыттағы қоңыраулар құны - 15 теңге.
  3. Қазақстанның басқа жерлеріне қашан жетеді екен?
  4. Қалай тіркелуге болады, әрі байқауымша бұл Билайнның шығарған операторы (Қазақстан Республикасының территориясында қызметтерді "КаР-Тел" ЖШС компаниясы көрсетеді.  ККМ БД №0000317 мемлекеттік лицензиясын 24.08.1998 ж. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі берген) болу керек. Билайн қолданушыларға немесе басқаларға қалай тіркелуге болады?

P.S. ДОС туралы блогқа жазу себебім, байланыс поштасын таба алмадым.

0
661
3