Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
-5
05:34, 20 августа 2009

Жарқын болашақ (?)

Eric Qualman өзінің Socialnomics кітабында әлеуметтік желілерді негізге алып, оларды индустриялдық революция уақытынан кейінгі төңкеріс ретінде қарастырады. Сонымен, келешекте бізді не күтіп тұр?

  1. 2010 жылға қарай Y ұрпағы (1980 - 1995 аралықта туғандар) беби бумерлер (20-ғасырдың жартысында туғандар) санынан асып түседі.
  2. Порно тақырыбы қаралу саны бойынша 1-ші орында.
  3. 2008 жылы қарым-қатынастарын заңдандастырған әр 8-ші американдық жанұя әлеуметтік желілерде танысты.
  4. 50 миллион аудиторияны радиоға баурап алу үшін 38 жыл, ТВ - 13 жыл, Интернетке - 4 жыл, iPod - 3 жыл қажет болды. Әлеуметтік желі FaceBook 100 млн. қолданушыға 9 айдың ішінде ие болды. 9 айдың ішінде iPhone-ға арналған қосымша - 1 млрд.
  5. Егер де FaceBook мемлекет болса, ол АҚШ пен Индонезия арасында орналасқан әлемнің 4-ші елі болушы еді.
  6. Бірақ, кейбір мәліметтер бойынша, қытайлық QZone атты әлеуметтік желіде қолданушылар саны одан көп - 300 млн. Бұның себебі - FB-қа Қытайда тыйым салынғандығы.
  7. Әлеуметтік желілердің ең белсенді аудиториясы Ресейде. Осында ай сайын 6,6 сағат бойы отырады. Беттерді қарап шығу саны орташа есеппен - 1307.
  8. АҚШ Білім беру министрлігінің мәліметтері бойынша (2009), күндізгі бөлімде оқитын студенттер санынан гөрі онлайн білім алатын студенттер саны көбірек.
  9. Компаниялардың 80% жаңа қызметкерлерді алу үшін LinkedIn желісін пайдаланады.
  10. FB-тағы ең белсенді топ - 55-65 жастағы әйелдер.
  11. Ashton Kutcher мен Ellen DeGeneres-тің Твиттердегі фолловерлердің саны Ирландия, Норвегия мен Панама тұрғындарын тұтас алғандағы санымен тең.
  12. Твиттерге арналған бағдарламалардың 80% мобильді телефондар үшін. Адамдар кез-келген жерде, кез-келген уақытта жазады.
  13. Y және Z ұрпағы е-mail-дан бас тартады.
  14. Вегастағы жаңалықтарды YouTube, Flickr, Twitter, FB-тардан білуге болады. YouTube - бұл екінші орында орналасқан іздеу жүйесі.
  15. Википедияда 13 млн. астам мақала бар. Кейбір зерттеулер бойынша, ондағы ақпарат Британикке қарағанда нақтырақ. Мақалалардың 78% ағылшын тілінде емес.
  16. Егер де Википедияда жазылған әр мақала үшін сізге 1 доллар төлеп отырса, 1 сағатта 156,23 доллар табуға болушы еді.
  17. Желіде 200 миллион блог.
  18. Блогшылардың 54% блог пен твиттерге күнде жазып тұрады.
  19. FB қолданушылары сайтты ағылшыннан орыс тіліне 2 сағаттың ішінде аударды және бұған 1 цент те жұмсалмады.
  20. Топ-20 брендке жасалған іздеу нәтижелерінің 35% - бұл қолданушылармен жасалған контентке сілтемелер.
  21. Блогшылардың 34% тауарлар мен қызмет көрсетулер туралы пікірлерді жазады. Адамдарға олардың (тауар/қызмет көрсетудің) Гуглдегі позициясынан гөрі басқалардың көзқарасы маңызды.
  22. Тұтынушылардың 78% өзінің әлеуметтік желілердегі мүшелердің «кепілдемелеріне» сенім білдіреді. Тұтынушылардың 14% ғана жарнамаға сенеді.
  23. TiVo (DVR) қолданушыларының 19% онлайн-жарнамаға назар аудармайды.
  24. Американдықтардың 35% өткен айда 1 рет болса да мобильді телефондағы видеоны қарап шыққанын айтты.
  25. Амазондағы сатылымдардың 35% букридерде оқуға болатын форматта.
  26. 25 ірі газеттің 24-і таралымның түсіп кеткендігін байқады, оқырман енді жаңалықтарды өзі іздемейді, жаңалықтар оқырманды іздейтін болды.
  27. Жақында тауарлар мен қызметтерді іздемейтін боламыз, social media арқылы олар бізді тауып алатын болады.
  28. 1,5 млн. бірліктен асатын контент (сілтеме, жаңалықтар, жазбалар, фото, т.б.) FB-та орналасқан.
  29. SM-дегі «олжалы» компаниялар Дейл Карнегиге көбірек және Дэвид Огилвиге аз еліктейді - басында тыңдап ал, кейін сатуға кіріс.

P.S. Осының бәрі автордың фантазиясы ма, әлде нақты болжамы екеніне көзіміз жететін күн алыс емес.

Ақпарат көзі

-5
461
0