Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:49, 21 мая 2011

Оралманның арманы. Мечта оралмана.

Өткенде Намыс.кз  сайтынан мынадай  Атамекенге келіп «арманыма» жеттім атты  мақала оқып өзімнің ойымды жазуға ұйғардым.

 

Моңғолиядан ұстаз, қазақтың ән-күйінің жампозы Бүркітбай дейтін ағай көшіп келді. Бір күні мектепте 3-4 мұғалімнің басы қосылып әңгімелесіп отырғанымызда Бүркітбай ағамыз: – Мен армандаған арманыма атамекенге келіп жеттім, – деп қалды.  дейді мақалада.

Біз: – Әрине, әрине, – деп, «атамекеніне аман-есен жеткенін айтып отырған шығар» дегендей бас шұлғып, құптап жатырмыз. Бүкең әңігімесін әріқарай жалғастырып: – Монғолияның ішкі аймағында, қалың моңғолдың ішінде 20 жылдай өмір сүрдім. Олар менің атымды атамай, «хасаг» (қазақ дегені) деп үнемі кекететін.  Ал Қазақстаныма атамекенімен келіп моңғол атанып арманыма жеттім дейді.

 

Расымен ол адам арманына жетті Өйткені оны Моңғолдар Қазақсың деп төмендетсе еліне келіп Моңғол аталып басқа елде армандаған арманына жетіп отыр ғой.

Осылай арманына жеткен оралман, өзін кекеткенді мақатмен бауыздағандай болып отыр. Әрине ол арманына жеткенінен емес, моңғол атанып шеттетілгеннен жұмсақ тілмен тіліп алып отыр. Рас, қазір қоғамда сондай жағдай қалыптасқаны рас. Шынымен неге расымен өз қазағы өзнің қандас баурын осылай шеттетеді.

 
0
563
1