Қазақстанда жемқорлықпен күресті күшейту қажет – мемлекеттік хатшы

the-wolf 2011 M05 17
723
0
0
0

Үкімет пен құқық қорғау органдарына жемқорлықпен күрсеті күшейтуді ұсынады Қазақстан Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия, деп хабарлады мемлекет...

Үкімет пен құқық қорғау органдарына жемқорлықпен күрсеті күшейтуді ұсынады Қазақстан Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысынан кейін.

Отырыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасын және Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған Іс-шаралар жоспарын орындау қорытындысы, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің 2010 жылғы рейтингтері қаралды.

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаров, Бас прокурор А.Дауылбаев, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Н.Әбіқаев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Қ.Нұрпейісов, Ішкі істер министрі Қ. Қасымов, Әділет министрі Р.Түсіпбеков, Қаржы министрі Б.Жәмішев хабарламалар жасады.

«Отырыс қорытындысы бойынша, Комиссия тарапынан Үкіметке және тиісті мемлекеттік органдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2011-2015 жылдарға арналған жаңа салалық бағдарламасын іске асыру және Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмаларын орындау жөнінде тиісті шаралар қолдануға ұсыным жасалды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардағы 2010 жылғы сыбайлас жемқорлық деңгейі рейтингтері көрсеткішінің нәтижелері мақұлданды», - деп көрсетілген сейсенбіде таратылған хабарламада.

Оцените пост

0
Дальше