• 32978
  • 9
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

"ОЛАР" ДЕГЕН КІМДЕР?


Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Күні кеше «Хабар» телеарнасынан берілген «Ақиқат» телефильмінің көпшіліктің төбесіне аспаннан түскен жай отындай әсер еткені анық. Ел ішін ала тайдай бүлдірмесе де, қырық пышақ қып таластырған қызуы мен отқа май құйған оспадарсыздардың оғаш әңгімелерінің беті әлі қайтпай тұр. Жақ-жаққа бөлініп алып шекелері қызарғанша айтысып жатқан, негізінен, жастар. «Оу, бұларың не?» дейтін зиялы қауым үнсіз. Уахабилер мен сопылардың арасындағы шоқты одан сайын үрлеп, қоздата түсіп, қызығына қарап отырғандар қаншама. Ал Исматулланы арашалауды сұрап Шерхан Мұртаза бастаған топтың Елбасыға ашық хат жазуын оған қарсы жақ «адасушылық», «Мекемтас Шерханды алдап соғып, қол қойдырған», «алжыған шал» деген сияқты қазақтың қадірлі ақсақалын сақалынан сүйрегендей етіп сүйектен өтетін сөзбен айыптады. «Сопылардан шайтан жасап, нағыз шайтандарды тайраңдатып қою мемлекетшілдік саясатқа жатпайды» деп көзқарасын ашық білдірген және мұның кезекті кланаралық қақтығыстағы құралға айналған саяси ойын екендігін айтқан Айдос Сарымды да жетістірген жоқ, әлі күнге жерден алып жерге салып жатыр. Біз телефон шалған зиялы ағаларымыздың бірі ашықтан-ашық: «Қарағым, бұл былғаныш мәселеге бізді араластырма. Сол телефильмге тапсырыс берген адамдар осыдан кейін кім не дер екен деп кірпік қақпай қадағалап қарап отыр. Бірдеңе деп қалсам, қара тізіміне ала қояды. Егер бүгін мен етқызуымен пікірімді білдірсем, ол ертеңгі күні менің мойныма мәңгілік тағылған ярлык болып қалады. Аямайды. Олар бүгін әліптің артын бағып отыр. Сондықтан мені қинама, айналайын», – деп әлденеден қауіп қылатынын білдіріп, жалтарма жауабын берді. Сонда «олар» деген кімдер? Кімдерді меңзегені? Бірақ бүйтіп те білдірген пікірден айналады екенсің. Әйтпесе діни көзқарастағы қарама-қайшылық тереңдеп, ел ішіне іріткі түсіп, сарыауыз іріңге айналса да, ҚМДБ аузына су ұрттап алғандай үнсіз. Құдды қоғамда мұндай проблема жоқ сияқты. Әлдекімнен, әлденеден имене ме, әлде ұяла ма, мүмкін пікір білдіруге тұрмайтын болмашы нәрсе шығар? Әйтеуір пәтуа шығарып, ақ-қарасын ажыратып беруге асықпайды. Алайда елдің тыныштығы мен діннің беріктігін ойлаған дінбасы «қай жеңгенің менікі» деген тоң-теріс қалып танытпаса керек. Діни басқарма демекші, осы жылдың басында Әділет министрлігіне қарасты Ардақ Досжан басқаратын Дін істері жөніндегі комитеттің қолдауымен, жергілікті әкімдіктің көмегімен Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған «Конфессияаралық келісімді нығайту және діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын жүргізуге» тиіс (ұйымдастырушылар таратқан телефонограммада солай делінген) ақпараттық насихат тобы бір айлық турға шықты. Мақсаты – жергілікті аймақтардағы діни ахуалды зерттеп, бағамдау еді. Топ құрамында болған «Асыл арна» ислами телеарнасының директоры Мұхаметжан Тазабековке Маңғыстау өңірін кезіп жүрген бес сұрақты қояды. Nur.kz сайтында жарияланған сол бес сұрақ мынадай еді: 1. Жаңаөзеннен Дағыстанға «жиһад» үшін барып өлген 5 баланың ұстанған діні қандай, оны қандай белгілерінен ажыратамыз? 2. «Жұма намаз» мәселесі неге орта білім жүйесінің дауына айналды? 3. Құзырлы орындардың хиджабқа көзқарасы біркелкі ме? 4. Әулиелерге (Бекет атаға) зиярат ету дін тұрғысынан орынды ма? 5.Уахабилер деген кімдер? Тілшінің айтуына сенсек, М. Тазабеков мың құбылғанымен, нақты сұраққа нақты жауап бере алмаған (сөзбе сөз): «Оны Алла біледі, ағайындар. Біздер кезінде ұлттың мақтанышы болған Сәкенді Қытайдың шпионы, Ахметті Американың шпионы дедік, сондай ұлтымыздың қамын ойлаған өз ағаларымызды, осы өңірде қаншама ғұламаны Жапонның тілшісі деп кінәлаған елміз. Жала жабу оңай, бірақ аққа Құдай жақ! Біз бір адамның жүрегіне кіріп шыққан жоқпыз. Сондықтан біз ол балалардың тағдырын Аллаға тапсырып қояйық. Тілімізге ие болайық, себебі қазір көшеде бірін-бірін пышақтап өлтіріп қойып та жатады, бір адамдар бірін-бірі көре алмастықтан өлтіріп қойып жатады, олар бірақ шын мағынасында біз ойлағандай біздің дінімізге біреулер тас лақтыратындай жағдайда қайтыс болды ма, болмады ма, бір Алла біледі! Сондықтан, даудан сақ болайық. Сондықтан баламызға бала кезден ештеңе үйретпесек, мешітке, имамға өкпелеудің қажеті жоқ». Ал оған мұндай сұрақтың қойылуының себебі бар. Әсіресе, Қазақстанның батыс аймағындағы діни экстремизм мәселесі өз алдына бөлек күрделі тақырып. Себебі тұтас батыс аймақ: Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының жергілікті басқарушы билік органдары аталған тақырыппен бетпе-бет кездесті. Яғни, мәселе қоғам бетіне шығып, алаң күйде тұр. Ал біздің айтпағымыз, «Асыл арна» тікелей Діни басқарманың қолдауымен жұмыс жүргізсе де, халық арасында әр түрлі пікір туғызып, өзіне қарсы ақпараттық соғыстардың ашылуына себеп болып отырған М.Тазабековтің ел аралап, ресми үгіт-насихат жұмысын жүргізуін мән-жайды білетін Дін істері комитеті неге құп көрді? Ол туралы ел ішіндегі көзқарастың әр алуандығы мәселені ушықтыра түсетінін неге ескермеді?
Басын бұлғаңдатқан зікіршілер мен иегіне бір қолтық қыл өсірген уахабилер бірін-бірі аямасқа бекіп алғандай. Мүйізі шаңырақтай екеуі шарпысса, арасындағы «ұсақ-түйектер» шайнауға да тұрмай қалады. Екеуіне де қатысы жоқ адамдар кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін айыруға білімі мен сауаты жетпей, аңырайып ол отыр. Олар «Құдай бір, Құран бір. Ендеше қалайша пікір қайшылығы туады?» деп түсінбей дал. Сонау Пайғамбар туып, өмір сүрген Мекке мен Мәдинадан бастап Түркия, Пакистан, Ливия секілді Исламның бірнеше елдерінде оқып, Құран жаттаған жастар сол елдің ғалымдарының көзқарасына сәйкес әрқайсысы әр түрлі түсіндіріп баққанының ақыр аяғы Қазақстанға жақсылық әкелмеді. Мың жарым жылдан бері бір әрпі де өзгермеген Құран енді келіп неше түрлі түсіндірулер мен талқылауға түсіп жатыр. Қай жерге, қай ортаға барсаң да, бір дастархан басында төбелесіп қала жаздап отыратын дүмшелер Құранның қадірін қашырып, елді діннен безіндіріп барады. Намаз оқымайтындардың өздері намаз оқитындарға ізгілікті көңілмен емес, «бұл қай топтың адамы екен? Кімдердің ықпалында екен» деп күдікпен қарап тұратынды шығарды. Көңілде күдік тұрғандықтан, бір-біріне жау секілді қорқып қарайтын әдет тапты. Жетпіс жыл бойы кеңестік империя сетінете алмаған қазақтың бірлігіне жеті жылда дін келіп сына қақты. Жақындата түсудің орнына жат қыла бастады. Осылайша құлшылығы болғанмен, кішіпейілділігі жоқ, мінәжат еткенмен, мейірімі кем санасы саяз кембағалдарға қылатын қайран қалмай да барады. Намаз оқиды, Құранды оқығанда судай ағып тұр, мешітке барады. Бірақ мешітке барғанға дейін жылуы аз жүрегі қандай мерез болса, адамға махаббаты оянбаған сол мерез қалпы қалады. Күніне бес уақыт Алла десе болды, ал сол Алла жаратқан адам, онымен қарым-қатынасы, оның көңілі, жүрегі, проблемасы не болса о болсын. Әйтпесе Аллаға шын бас иіп, Алла үшін қылдай қиянат қылудан қорыққан мұсылманның баласы сайт біткеннің бетін толтырып бір-біріне жебедей қадалатын ауыр да былапыт сөздерді аяусыз айтпас еді. «Молданың сәлдесі ақ болғанымен, ниеті қара» дегенді сөзді де қазақ осыған налып айтса керек.
Шерхан МҰРТАЗА, жазушы:
– «Исматуллаға байланысты ашық хатқа қолды өз еркіңізбен қойдыңыз ба?» дейсің бе? Ал өз еркіммен қойдым. Әзірге ақыл-есім түзу, істеген әрекетіме жауап бере аламын. Кім үшін, не үшін қол қойғанымды жақсы білемін. Исматулланы қаралайтындай, не істеді ол саған? Қай қазақтың баласына қастық қылды? Халық жауы ма еді ол адам баласы ара түспейтіндей? Мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болды ма? Ханның тағына таласты ма? Не істеді ол? Діннің адамы, діні – мұсылман. Бар кінәсі сол. Барлығың жау көріп, жақыннан дұшпан тауып алып, түрмеге апарып тықтың. «Ойран салды» дейді. Не қылған ойран ол? Нені бүлдіріпті Исматулла? Кімді өлтіріпті? Алдымен анық-қанығын неге білмейсіңдер? Мұхаммед пайғамбар негізін салған мұсылман дінін бөлектеп, бөлшектеп, тас-талқанын шығарып жатқаны мынау. Сіз қарсы болып отырған Исматулла соған қарсы. Дінді өзінше түсіндіретін біреулер пайда болды. «Солар жасасын!» деп отырсыңдар. Ал олар қазаққа, ұлтқа не жақсылық жасады? Мұхаммедтің үстінен не жаңалық әкелді? Әрқайсысы әр тарапқа тартып жатыр. Олай тек дінбұзарлар ғана жасайды. Бәрі сол сойылды соғып жатыр.
Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы:
– Айналайын менің қазағым, неге екенін білмеймін, алып-қашпа сөзге құмар. Тағы да қайталап айтамын, оған келіспеймін десе, өз еркі, алдымен менің ұлтымның жойылмағаны керек. Бірінші, маған қазағым қымбат. Екінші сол қазақтың басты сенімі – дін. Ал біз Ислам дінін қабылдадық екен, сол дінді мойындадық екен, Мұхаммедтің үмбетіміз дедік екен, ендеше басты дініміз – Ислам болмақ. Ол атар таң, батар кешпен бірдей шындық. Оны талас-тартысты әңгімеге айналдырудың еш қажеті жоқ. Ал менің қазағымның керегі жоқ, дін аман болсын десе, олар да өзінше өмір сүріп, жүре берсін. Бірақ олар мен үшін жоғалған ұлт, жоғалған ұрпақ. Басы айналып қалғандардың айналып өз ортамызға қайтып келуі де қиын болмақ. Қазақ жастарының топырлап тобымен басқа дінге өтіп жатқаны өз алдына, өтпегендері өзара қырық пышақ боп кеңірдектен алып керілдесуде. Ұлтың болмаса, ол дінді кім ұстанады? Әуелі адам жаралды, содан соң әр түрлі наным-сенімдерге байланысты діндердің тобы пайда болды. Бір Қазақстанның өзінде 300-ге жуық діни ағымдар бар екен. Біреулер айтады: «Ойбай, мұсылман дінін еуропалықтар қабылдап жатыр екен, Мұхаммед Әли, Тайсон қабылдады» деп. Айтшы, солар Ислам дінін қабылдай отырып, арабтың киімін киіп жүр ме, арабтың әнін айтып жүр ме, арабтың дәстүрімен өмір сүре ме, арабтың әдебиетін, арғы-бергі тарихын біле ме? Ол тек Алла бұйырған басты әдеп-амалдарын мойындайды, ал қалған уақытта Исламның өмір салтынан гөрі өзі бұрыннан үйренген, өз ұлтының дәстүрімен өмір сүреді. Ал біздегі дүмшелер бәрін Исламнан бастап, Исламға әкеп тірейді де, осы уақытқа дейін біз төрт аяқтап жүрген мал сияқтымыз дегенге әкеп сайып қояды. Мен осыған үзілді-кесілді қарсымын. Ислам Қазақстанда ХІХ ғасырда ғана дін ретінде толық қалыптасып болды. Осы шындықты неге білмейді? Әсіре діншілдер ел ішін әбден бұзып бітетін түрі бар. Ғасырлар бойы «Алла» деп едік, енді «Аллаһ» дегенді шығарыпты. Баяғыда орыстарға ашуланып, «әй, осылар әйелдерінің атын Алла деп қояды да, бізге келгенде Аллаһ дейтіндері несі, неге бұзып айтады?» деп шыр-пырымыз шығып мақала жазатынбыз. Сөйткен қазақ қараптан-қарап отырып, Аллаһ деді. Дінге де, өзіңе-өзің де кеңірек қарайтын кез келген жоқ па? Міне, менің дін туралы пайымым, келіссе – келіссін, келіспесе – мархабат...
P.S. Басқа да пікір-көзқарас болса, жариялауға әзірміз.
bauyrnur
17 мая 2011, 19:36
1385

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
23 июня 2017 / 11:23
  • 39915
  • 20
Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 8611
  • 7
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 6567
  • 63
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 2947
  • 10
В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

Все помнят Медузу и ЖЖ. Теперь в этот "особенный" список попал сайт Foreign policy. Предполагается, что причиной блокировки стала нелицеприятная заметка Джеймса Палмера об EXPO в Астане.
Seattle
19 июня 2017 / 15:40
Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Наткнулась на статью Ассоциации юристов Новой Зеландии, в которой они дают советы выпускникам юрфака по поиску работы. Статья меня поразила, поскольку там описано все до мелочей, а их советы подойдут абсолютно всем.
asselsabekova
20 июня 2017 / 16:10
  • 2598
  • 6
На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

Очень живописная и бюджетная поездка вдоль всего берега по Иссык-Кулю! Мы, две обаятельные девушки, поехали вдвоем, подготовленные к совершенно автономной жизни в палатке, и ни разу ничего не...
yelenasergiyenko
22 июня 2017 / 13:20
  • 2489
  • 22
Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Почему эту трубу не проложили под землей? Она обезображивает улицу, как дикий багровый шрам от раны, зашитой равнодушным, криворуким и ленивым хирургом, обезображивает лицо.
ValentinaVladimirska
23 июня 2017 / 12:10
  • 2196
  • 31
Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Я обратил внимание, что в случае с уникальными природными зонами Павлодарской области применима поговорка: «что имеем – не ценим», а ведь они легко могли бы стать международными курортами.
Muzalevskiy
23 июня 2017 / 22:57
  • 2572
  • 7