Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:24, 18 мая 2011

Знакомимся с участницами конкурса красоты. Часть 1

Знакомимся с участницами конкурса красоты «Қазақ Ханшайымы - 2011».

21 мая 2011 года, 19:00, в г. Алматы, адрес: Алматы Towers.

Раушан Әбілдә

Раушан Әбілдә

Бойы: 178 см Жасы: 17 Салмағы: 63 келі Шашы: қара Көзі: қара Сүйікті ісі: Би билеу, спортпен шұғылдану, әдеби кітаптар оқу Ұлты, халқы жайлы ойы: қазақты жаны таза, кішіпейіл, өте қонақжай халық деп білемін. Өмірдегі арманы: Өмірде биіктен көрініп, елге пайдам тисе екен деймін.

Әйгерім Қалниязова

Әйгерім Қалниязова

Жасы: 22 Бойы: 168 Салмағы: 56 Шашы мен көзінің түсі: қоңыр Өмірдегі арманы: Үміт артқан жандардың сенімін ақтар азамат болу, журналистика саласында білікті маман болу. Халқы, ұлты туралы ойы: «6 млрд. Ішінде азақпын, Бірақ Жұбан айтқандай, «мен – қазақпын»! Тарих сахнасында айтарлықтай орны бар менің халқым – қазақ халқы. Аласармас асқақ рухы мен тәуекелшіл табанды мінезі бар менің ұлтым – қазақ! Бүгінде әлем мойындаған ұлттың ұрпағы болғанымды, ұлағатын тергенімді бақыт санаймын. Сүйікті ісі: кітап оқу, мерекелік шаралар бағдарламасын дайындау.

Жұпар Серiкбаева

Жұпар Серікбаева

Бойы: 172 см Жасы: 19 Салмағы: 60 келі Шашы: қара Көзі: қара Сүйікті ісі: кітап, оқу, спортпен шұғылдану. Ұлты, халқы жайлы ойы: Мен ұлтымның мейірмандық, қонақжайлылық сияқты ерекше қасиеттерімен мақтанамын. Қазақ халқында аяулы тұлғалар көп. Өмірдегі арманы: Елімнің барлық қадір қасиетін бойына сіңірген, адал да, аяулы қыздарының бірі болғым келеді.

Нағима Болатқызы

Нағима Болат

Бойы: 172 Жасы: 19 Салмағы: 54 келі Шашы: қою қоңыр Көзі: қою қоңыр Сүйікті ісі: кітап оқу, тоқу, ас дайындау. Ұлты, халқы жайлы ойы: Ұлты, халқы бар адам бақытты деп есептеймін. Сондықтан қазақтай дархан халқым барда, мен өте бақытты жандардың бірімін. Өмірдегі арманы: Өнеге тұтарлық тұлға болу.

Әдемi Қамалова

Әдемi Қамалова

Бойы: 165 Жасы: 17 Салмағы: 46 келі Шашы: сарғыш қоңыр Көзі: қоңыр Сүйікті ісі: Моншақтармен түрлі әшекейлер жасау, гобилен тоқу. Ұлты, халқы жайлы ойы: Әр адам өз халқының, ұлтының – тілін, дінін,салт-дәстүрін,мәдениетін сақтап, қастерлеп, құрметтеу керек. Өмірдегі арманы: Болашақта білікті заңгер болу және өмірдегі өз орнымды табу.

Алтынай Жолдыбаева

Алтынай Жолдыбаева

Жасы: 18 Бойы: 172 Салмағы: 56 Шашы мен көзінің түсі: қоңыр Өмірдегі арманы: Арман ақыл-ойдың шыңы! Ол жаратылыс қанша ғұмыр берсе, соншалықты қиялмен пенденің көгілдір көгінде құс болып шарықтап ұшып жүретіні шарттылық секілді. Менің арманым өте көп, кейде тіпті шетсіз, шексіз қиялға берілемін. Бірақ өмір думан, дүние жалған деген ұғым бар, барлығымыздың да өмір керуенінің жолаушысы екенімізді, жарық дүниенің де өлшеулі екенін есіме алсам бір ғана нәрсені армандаймын. Бұл өмірге адам болып жаратылғаннан кейін, қандай жағдай болмасын, төтеп бере алып, адам болып өту! Халық, Ұлт туралы ойы: Өте кең, бауырмал, ақжарқын, жанашыр, қонақжай халықпыз. Қазақстанның, Қазағымның болашағына нық сеніммен қараймын! Кішкене ғана жүрегім қазағым деп соғады! Сүйікті ісі: Түрлі образдарды сомдау, ән айту, би билеу, спортпен шұғылдану, сурет салу.

Дана Әлмешова

Дана Әлмешова

Жасы: 21 Салмағы: 47 Бойы:170 Шашы мен көзінің түсі: қоңыр Халық, Ұлт туралы ойы: Өз ұлтымды, халқымды сүйемін, өзге ұлттарды сыйлаймын. Сүйікті ісі: Киіз басу, киізден әшекей бұйымдар жасау, тамақ пісіру, домбыра, гитарада ойнап, ән салу. Өмірдегі арманы: Бүкіл әлемнен ұлттық аспаптар топтамасын жинау, сонымен қатар жеке көркем сурет галереясын ашу.

Айжанар Жакетаева

Айжанар Жакетаева

Жасы: 15 Бойы: 165 Салмағы: 48 Шашы мен көзінің түсі: қара Халық, Ұлт туралы ойы: Қазақ халқы талай қиындықты басынан кешті. Бірақ көптен күткен Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, етек, жеңімізді жинап, халқымыздың даңқы төрткүл дүниеге тарап жатыр. «Ұлтым өлмесін десең,бесігіңді түзе» деген үлкен аталы сөз бар. Осы бесігіміздің түзелгеніне байланысты салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз қайта жаңғырып оралуда. Мен өз ұлтымды мақтан етемін. Сүйікті ісі: ән айту, іс тігу, сурет салу. Өмірдегі арманы: Әсем Жакетаева апайым сияқты әнші болу.

Саягүл Серiкова

Саягүл Серiкова

Жасы: 19 Бойы: 165 Салмағы: 55 Шашы мен көзінің түсі: қара Өмірдегі арманы: Қазақ елінің тарихында өз есімімді қалдырғым келеді. Өзімнен кейінгі сіңлілеріме үлгі тұтар әпке болуды қалаймын. Халқы, Ұлты туралы ойы: Қазағым – қаймағы бұзылмаған қайран халық. Қонақжай, ақкөңіл, ниеті таза. Қазақ қанындағы осы бір қасиеттердің ғасырдан ғасырға жалғасқаны мені қуантады.

Қымбат Олжабаева

Қымбат Олжабаева

Бойы: 167 Жасы: 21 Салмағы: 50 Шашы: қоңыр Көзі: қоңыр Сүйікті ісі: ән айту, кітап оқу. Ұлты, халқы жайлы ойы: Мен ұлан-ғайыр жерге иелік етіп, көптеген ұлт пен ұлыстарды бір арнаға тоғыстырып, бірлік пен келісімде өмір сүріп келе жатқан қонақжай, дана халықтың ұрпағымын. Соны мақтан тұтамын. Қазақтың өнері мен мәдениетін сүйемін. Өмірдегі арманы: Арман бар, биік шыңға шықсам деген, Шәкірттеріммен көк әлемге ұшсам деген. Иманды қыз, сүйікті жар, ана болып, Еліме адал қызмет жасасам деген.

отографии участниц конкурса красоты. Часть 2
Фотографии участниц конкурса красоты. Часть 3

0
2084
0