• 33016
  • 9
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Экстремизммен» кім бір бауыр? немесе Ораз Әлімбектің жаңа «заказы» туралы ақиқат

"ЖҰМАДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ", 13.05.2011,№19 (622), 15-бет

 

«Арсыз сөз қыдыртып, жұрт құтыртуға құмар»

(Хәкім Абай)

 

«Экстремизммен» кім бір бауыр?

немесе

Ораз Әлімбектің жаңа «заказы» туралы ақиқат

 

«Экстремизммен» кім бір бауыр?  немесе  Ораз Әлімбектің жаңа «заказы» туралы ақиқатМына жалғанда пенделік қуанышқа себеп көп. Ол жәйт жүрегіңді қан жылатып тұрса да, ақиқаттың өңін айналдырып, нәжісін жақтауға жағып жатса да, қуануыңа тура келетін мезгілдер болады кейде. Жақында сондай бір қуанышқа кенеліп қалдым, себебі: Ораз Әлімбек ескі «заказын» жаңадан алыпты... Ескі болатын себебі, бұл заказбен ол кемі жеті жыл «айналысып» келеді. Жаңасы мен ескісінің парқы тек, әр кезде оның «заказчиктерінің» ауысып тұруында ғана. Бұл жолғы заказы да сол өзі «зерттеп» жүрген сопылар немесе өз сөзімен айтқанда «ысматоллашылар» туралы екені анық. Рас, осы сопыларда арман жоқ. Оларды жамандаудың «арнайы штатындағы» журналистер осымен шай-суын айырып жүр! Сыртыңнан ғайбат айтып болса да, әйтеуір сенің себебіңнен бір қазақ нәпақа тауып жеп жүрсе, қуаныштың зоры сол емес пе?

«Жас қазақтың» соңғы нөміріндегі «Шынның жүзі қандай?» деген мақаладан «Орекең іске кіріскен екен» деп білдік. Ораз Әлімбек дәйекті, тиісті жауабын алса да, соңғы «зерттеуіне» жеті жыл бұрынғы мақаласымағындағы ескірген өсең-аяңдарын қоспасыз қайталауымен «сопыларды сойып салдым» деген әсерде жүрген болар. Бірақ, «жыртық тұрып, тесікке күліпті» деген сөзді ол ұмытпаса керек-ті.

Ораздың кегі

«Экстремизммен» кім бір бауыр?  немесе  Ораз Әлімбектің жаңа «заказы» туралы ақиқатБүгінгі тақырыбымыз бойынша, белгілі де, белгісіз де жайлар бар. Ораздың «заказды» кімнен алғаны бұл жолы белгісіз болып отыр. Интернетке сенсек, сопыларды қуғындаудың артында елдегі белгілі бір топтың саяси тапсырысы тұрған сыңайлы. Қазір ұстараның жүзіндей нәзік тақырып дін мәселесімен қаржы полициясының айналысуы істің «заказной» екенінің басты дәлелі ретінде ұсынылуда. Көптен бері Мақсұмға тісін басып жүрген «қызба мұсылмандар» да айғайға аттан қосқан деседі. Түстікке телінетін ол топтың «көсемі» қуғындалып, бас сауғалап, басқасы көз алдымызда бытырадай шашылып жоқ болуда... «Қиянат қияметке кетпейтіні» рас екен! Онда Ораз тапсырысты «солардан» алған ба?!

Айтпақшы, Ораздың сопыларға сонша кектенуінің тарихын да айта кету керек шығар. Ысматолла қаридың ізінен шам алып түсетіндей, мақаласын жыл сайын жаңартып, оқырманға ұсына беретіндей «Ол кісі бұл балаға не істеп қойды екен?» деген сұрақ мені де мазалайтын. Білсек, Ораздың кегі «ҚАЗАҚСТАН» телеарнасынан басталады екен. Кәсіби біліктілігі кем болды ма, кім білсін, ұлттық арнаның бұрынғы басшысы Ғалым Доскенмен 2004 жылдары ол бір шаңырақтың астында істесе алмай, корпорация басшысы оны жұмыстан шығарып жіберген. Соны көтере алмаған Ораз қалайда Доскеннен кек алуды ойласа керек-ті. Содан кінәні өзінен іздеудің орнына кектенген Ораз телеарнаның түбіне жету үшін дүрбіні түрліше салып көрген де, кездемесіне ілінген сопыларға өшіккен. Жаңа зерттеу жұмысын ойлап тауып, сопылық дегенді құпия ложадай елестетіп, оған кіргеннің бәрі билікті аңсаушы, дін атын жамылған «қасқырлар» қылады да, ақиқаттан алыста жатқан өз қиялын халыққа таңады келіп.

2005 жылдан бері біресе Өтемұратовқа қарасты «31 арнада», біресе «қазақтілді» министр Ертісбаевтың қолтығын сағалап жүріп Ораз Әлімбек сопылықты әбден «зерттеп» тастайды. (Арасында «Ар», «Айқын» газеттеріне аз мерзім істеп, өз «өнімдерін» ұсынғанын айтып жатпаймыз...) ұялмай мақалаларының соңына «сопылықты зерттеуші» деп қол қойғанын да көрдік. Шамамен 2007 жылдың жазында Ораз Әлімбектің «зерттеуі» тоқырауға ұшырады. Қиялы таусылғаннан емес, мойын бұрғызбас көлденең кезіккен кесапат оның зерттеу жұмысын тоқтатуға мәжбүр қылды. Себебі, сопылардың ізіне шам алып түсіп, қайтсем де оларды құзырлы орындардың назарына салып, құрықтаймын деп жүрген «зерттеушінің» өз басы бәлеге ұрынды.

«Тілегеннің қарнына»

Ораздың өрмекшінің торындай қым-қиғаш өтірігіне кім сеніп, кім сенбегенін бүгіннің биігінен айыру қиын. Бірақ, Ораздың біреуге қазған орына өзі түскенін бірі білсе, бірі білмес. БАҚ бетінде 2007 жылы тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті Ораздың туған ағасы Нұрлан Әлімбековтің үстінен «БАҚ құралдарын пайдалана отырып, ұлттық және діни алауыздықты қоздырғаны» үшін қылмыстық іс қозғап, қамауға алған болатын. ОҚО ҰҚК департаменті қызметкерлерінің айтуынша, Нұрлан электронды пошта арқылы экстремистік пиғылдағы хаттар жазып, таратқан. Нақтырақ айтар болсақ, О.Түрекешов басқаратын «Интерлинк Рисорсиз Инк, Центр Развития» деген компанияның электронды поштасына Н.Әлімбековтен экстремистік сарындағы хаттар келіп түскен.  Хаттардың жалпы саны 23 деп айтылады. Содан О.Түрекешов ОҚО ҰҚК-не арыз жазып, соның негізінде тергеуші Т.Тұрманов Н.Әлімбековтің үстінен қылмыстық іс қозғайды. Яғни 2007 жылдың мамыр, маусым айларында ұйымдастырылған құпия операциялар нәтижесінде: «Алимбеков Нурлан Оспанович является приверженцем религозного экстремизма. ...указанное лицо по внешним признакам ведет религиозный образ жизни, в часности, носит бороду и допускает проведение коротких дагуатов. А также, Алимбеков Н.О. посещает Интернет кафе “Сору grant” (Грант), расположенный по ул. Байтурсынова. По связи «Интернет» ведет переписку с членами «ваххабитского жамагата» с использованием E-mail адрес Chicago_chim@inbox_ru», – деген қорытындыға келеді. Бұл ҰҚК анықтамалығы.

Ағасы абақтыға түсіп, Орекеңнің бас қайғысымен кетуін сопылардың рухани жетекшісі Ысматолла Мақсұмның наласынан көрушілер де бар. Кешегі «Хабар» арнасындағы «Ақиқат» фильмінде Ысматолла қарияның өзі «маған нақақ ұрынғандардың, қиянат қылғандардың сау қалғаны жоқ» дей келіп ауызға алған, мақсұмның шәкірттерінің ізінен қуып жүріп, «бәлеге ұшырап кеткен» журналисі Ораз ба, басқа ма ол арасын айыру біздің міндет емес. Сонымен не керек, Ораздың сопылардың айналасынан іздеп жүрген «экстремисі» (оның бір «зерттеу» мақала-сымағы «Діни экстремизмнің сопылық синдромы» деп аталып, сопылықтың жаулары тарапынан армансыз таратылғаны есте шығар) оның өз үйінен шықты. Ораздың «көктен іздегені, жерден табылды». Бұл хикаяның құны Оразға арзанға түскен жоқ. Принципшіл журналист Ораз Әлімбек қайтті? Әрине, қарсы тұрды. Кімге? Құзырлы орындарға, ҰҚК-не... Бұл істегі оның «қажыр-қайратына» қайран қалмасқа шараңыз қалмайды.

Ол «Нұрлан Әлімбековтің бостандығы үшін» қоғамдық қозғалысын құрып, митинг ұйымдастырып, «құрметті азаматтарымыз бен отандастарымызды» митингке шақырып, тіпті билікке қарсы үгіт те жүргізді.

Байқаған боларсыз, қазір саяси тапсырыстың маманы болған Ораз Әлімбек ол кезде саяси күрес тәсілдеріне де жүйріктігін танытты. Митинг өткізді, халықаралық ұйымдарды іске қосты. Әйтеуір, Нұрланның қамалуына орай елде саяси көңіл-күй туғызды. ЕҚЫҰ деңгейінде де талқылау жасады. Адам құқын қорғаушы ұйымдардың ішіндегі төресі «Хьюмен Райтс Вотч»-тың жетекшісі Уаллт Карнерге де жұмыс тауып берді, ол ел басшылығына арнайы хат та жолдады.

Нұрлан Әлімбек жалпы түрме мен жүйке ауруларын емдейтін арнайы емханада он бір жарым ай қамауда жатты. Тек 2008 жылдың тамыз айының басында жарыққа шықты. Онда да толық ақталып емес, психикалық ауруынан толық емделіп болғанша қылмыстық істі уақытша тоқтату жолымен босап шықты.

Ораздың Нұрланды қорғауы табиғи нәрсе. Бір жатырдан шыққан бауырын кім қияды?! Бұл үшін оны кінәлаудан аулақпын. Тек, адам өз басындағы осындай қасіретті басқаға келгенде ұмытып, атой салып, еліріп кетуге неге сонша құмар екен деп ойлайсың. Қазір сопыларға қарсы жұмбақ күштердің арандатуымен теңдессіз қиянат орын алып жатқанын басқа да мақалаларымызда айтқанбыз. Солай болып жатса да, олардың дәл Ораз Әлімбектей саяси айла-тәсілдерге жүгінгенін көрген жоқпыз. Тіпті, сопыларды қаралаудың көкесі «прайм-тайм» уақытында жалаға толы фильмді айналдырып қоюмен де көрінді. Сонда да үн жоқ бұларда. Ораз, сен Нұрланның қоғамдық қорғаушысы болып қанша хат, мақала жаздың. Кейбіреулерге жаздырдың. Мысалы, өзінің бұл жағдай туралы мақаласының соңында танымал журналист Жәнібек Сүлеев «мақала Ораз Әлімбектің айтуымен жазылды» деп көрсеткен. Сопылар дәл сен құсап, бірнеше шетелдік елшілікке өтініш хат жіберіп, саяси баспана сұраған да емес. «АҚҚА ҚҰДАЙ ЖАҚ», «БАС ЖАРЫЛСА, БӨРІК ІШІНДЕ, ҚОЛ СЫНСА, ЖЕҢ ІШІНДЕ» деген, қазақ ішіндегі мәселелерімізбен дұшпанға таба болмайық деп, істің ақырын Аллаға тапсырып отыр!

Қазақта «біреуге тебен тықпас бұрын, өзіңе ине тығып көр» немесе «өзіңе тілемегенді өзгеге тілеме» деген сарындағы нақыл жеткілікті. Ендеше, Ораз-ау, «Жас қазақтағы» мақалаңда сопылардың үстінен арыз жазған нашақорлардың сөзіне имандай сенесің, ал өзіңнің ағаң «Нұрлан Әлімбек экстремистік сарындағы хаттар таратты» деп 2007 жылдың 29-маусымында ҰҚК-ға арыз берген «Интерлинк Риссорсиз инк центр развития» компаниясының филиал директоры О.С.Түрекешовтің осы қадамға өз еркімен барғанына күмән тудырғансың. Сонда қалай? Экстремизм мәселесінің исі мұрнына бармайтын кәсіпкердің философтың үстінен арыз жазғаны күмәнді болса, әр жылдары тәрбиеленіп кеткен, тіпті оңала бастап қайта бұзылған нашақорлардың Ысматолла Мақсұмның үстінен арызды өз еріктерімен төгілдіріп жазды деу ақылыңа қалай сиып тұр? Анығы, кәсіпкерге де, нашақорға да «мүдделі күштер» «жазғызған» шығар. Сонда Нұрланның үстінен арызды біреу «жазғызды» да, Ысматолла Мақсұмның үстінен өз еркімен нашақорлар өздері «жазды», солай ма? Неге қылдан таясың, Ораз...

Ақыры айтқышсың ғой, саған бір тақырып ұсынайын, әр кезде сен сияқтылардың («Столичная жизнь» апталығы, т.б) айдап салуымен Ысматолла қаридың медресесіне лап қойып, емделіп жатқан нашақорларды «құтқарушылар» олардың «өз еркімен» жазған арыз-сымағын пайдаланып келді. Бүгін де солай істеп отыр. Енді сен сол бұрынғы арызданушыларды іздеші, олардың кейбірі тірілердің арасында бар ма екен... Сонау 1999 жылдан бері қаншама «құтқарылған» басқа дүниенің суын ішті екен. Олар Ысматолла қаридың қарғысынан қаза болды ма? Жоқ. Анығын тексерсең, басым көпшілігінің есірткіні шектен тыс мөлшерде пайдаланудың («передоза») себебінен мерт болғанына көзің жетеді. Есірткі деген пәлеге еркін ұрлатқан олардың да, соның азабын онымен бірге тартқан жақын-жұрағат, туыстарының да соңғы үміті осы Шәкәрім медресесі еді... «Ақымақтың достығы дұшпанның жаулығымен тең» демекші, сен сол үмітті үзуге септестің. Егер сен сияқтылар Мақсұмға қарсы құзырлы орындарды айдап салмай, ісіне қолдау көрсеткенде, Қазақстанда бүгінде нашақор, ішкіш қалмас та еді?! Жаңағы «құтқарылған», сосын жас өмірі қыршынынан қиылған бауырларыңның обалы кімнің мойнында, Ораз?! Ең құрығанда, бойыңда шын әділеттің жұрнағы болса, ақыл есі түзу немесе медреседен емделіп шыққан, қоғамның көзсүйінішіне айналған азаматтардың да пікірін неге келтірмейсің?

Бұл арада сенің сопылардың үстінен жазған былапытқа толы, лас мақалаларыңды келтіріп жатудың өзін жүрек айнытатын былғаныш жұмыс деп отырмын. Ойлы оқырман мұнымды өзі түсінер. Өйткені, сенің жазғандарыңды ауыз-мұрынды тұмшаламай отырып оқу мүмкін емес. Басқасын қойғанда, сопылардың арасындағы кейбір жігіттердің зайыбына жолдаған жеке (интим) хаттарын да ұрлап алып, жария етуге арланбадың, саған басқа не жорық?!

Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері сенің ағаң Нұрлан Әлімбековтің экстремистік пиғылдағы хатын тауып алған кезде, Ореке, баспасөз бетінде «заң бойынша, әрбір азаматтың хат жазуына құқығы бар және оның құпиялығы сақталуына кепілдік берілген» деп шырылдаған да сен емес пе ең? Сол біреудің ар-ұжданын құрметтеу талабы өз басыңа келгенде көзің тұнып, құтырып шыға келген болатынсың. Сонда Нұрланның өкіметке қарсы сарындағы хаттарын ашып алып оқу қылмыс та, дәл сондай қазақтың азаматының Құдай қосқан қосағымен жеке сырларын бөліскен хаттарын ұрлап алып, жаһанға жария ету сеніңше ғибратты іс пе, сонда?!.

Қазыбек Иса айтқан салпаңқұлақ кім?

Қазақ сендейлерге: «Өзімен кетсін!» дейді. Бұл – ақиқат. Оның үстіне баспасөзге көз салсам, сенің «тапсырыс орындағыш» даңқың жер жарады екен. Ұят аулынан атыңды жырақ байлағаныңды сенің тапсырыс беруші «достарыңнан» басқаның бәрі білетін сияқты ғой. Олар да білетін болар. Тек сені өз мүдделеріне пайдаланады ғой.

Қазақы журналистиканың майталманы Қазыбек Исаның барша халықты аза бойы қаза боп сақтандырған «салпаңқұлағы» сен емес пе, осы? Осыны өзіңнен сұрайын деп ем. Есіңде болса, 2009 жылдың 9-қарашасында Қазыбек өзінің «Жас қазақ үні» газетіндегі «Салпаңқұлақтардан сақтаныңыздар!!!» атты мақаласында: «Бүгінде тапсырыс бергендердің табанын жалайтындар түк таппаса, дастархан басындағы үйішілік әңгімелерді де саясатқа пайдалана бастады. Олар үй аралап, көлік жағалап, ел адақтап жүріп, есіктен сығалап, тесіктен тыңдап, ойдан-қырдан естігенін жоғарыға немесе арнайы органдарға жеткізумен айналысуда... Абайға Оразбайдың қамшы сілтегенін де білеміз. Ондай ораздардың оразасы барларға ор қазуы бүгін де жалғасып жатыр… Әркімнің аузын аңдып, күткеніндей сөз шықпаса, ойындағысын қосып жіберетін және онысын қарғыбаулы шынжыры сылдырлап жүрсе де, «шындықты жариялау» деп түсініп, ресми сөз бен жел сөзді айыруға сауаты да, ары да жетпейтіндер аз емес. Олар дәл қазір тіміскіленіп, иісшіл иттей құлағы салбырап, сіздің де қасыңызда отыруы мүмкін… Сондықтан, салпаңқұлақтардан сақтаныңыздар!» Қазақ тілінен ешкімнен кеңес сұрамайтын Қазыбектің Оразбайды, оразаны ауызға алып кеп айтқан «ораздары» кім екен? Ол «ораздар» ізіне шам алып түскен «оразасы барлар» кім деп те ойлайсың кейде...

Әруақтың күңіренісі

Қазақта «әруақ атқан оңбайды» деген мақал бар. Сенің «Жас қазақтағы» мақалаңа түсінік бермеймін деп отырсам да, бір ғана тұсын айтпай кете алмадым. «Хабардың» «Ақиқатының» ізімен кетіп, Ысматолла қаридың шәкірті Айдын Тілежановты сопылар «жоқ қылды» дейтінге саятын айыптауды, еш негізсіз қоңырсытқаның, тіпті масқара болды. Шындығында, мұнда да өзіңе тән тәсілмен Қазыбекшелесек, «қағыс естіп» тисе терекке, тимесе бұтаққа сермепсің. Шындығында, сопылардың қазір қолдан құрастырылған «ісінде» бұл айып мүлде жоқ! Басында өзің білетін тапсырыс беруші күштер тергеу тобын арандатып, осы жалаға ұрындырды. Сөйтіп бел шешіп іздесе де, астарынан еш қылмыстың ізін таба алмай, жала екеніне көз жеткізіп, бас тартқан еді бұл айыптан. Енді сен және «Ақиқаттың» тасада қалған авторлары сол Алматы облысы Райымбек ауданының тумасы Айдынның қазір Жамбыл облысы Шу ауданында төркінінде тұрып жатқан зайыбы Қықшибаева Сандуғаш қарындасың мен оның тәрбиесіндегі алды мектеп табалдырығын жаңа аттаған екі перзентінің бетіне қалай қарайсыңдар? Зайыбы мен әкелерінің әруағын күңіренткеніңді олар кеше ме, олар кешсе де, Алла кеше ме? Білуімше, олардың саған қояр сұрағы да бар. Жолықпақ ниетте. Сопылармен жауласам деп көбірек молда жағалаған жігітсің, жетімді жылатқанның шариғаттағы үкімін өзің де білерсің...

Біреуге ор қазғанның, оған өзі түсетінін бір кісідей-ақ көрдің ғой. Тапсырыс деген бүгін бар, ертең жоқ, Ораз! Ғұмырыңда бір мәрте шындықтың ескертуін алдың. Сенің сырттан іздеген «экстремисің» қасыңнан «табылды». Кеше жауларыңның ағаң Нұрлан мен өзіңе істегенін бүгін нақақтан күйіп отырған сопыларға істеме. Тағы да алдыңнан шығып жүрмесін. Себебі, Ореке, өзің анық білетіндей, дүние кезектен тұрады...

Амангелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы

bauyrnur
14 мая 2011, 15:02
1667

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
23 июня 2017 / 11:23
  • 41342
  • 49
Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Нам казалось, что на Алаколе мы сможем хорошо отдохнуть, расслабиться и набраться сил на весь следующий год. Вроде, и достаточно бюджетно, и не так далеко.
RisKaS
26 июня 2017 / 18:05
  • 6046
  • 34
Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Нас трое: девушка и двое парней. Мы обошли 7 заведений, где продают донеры. Оценивали по 10-бальной шкале только по вкусовым качествам донера. Никто нам за рекламу не платил, бесплатными донерами не кормил!
nargiz_15
вчера / 10:08
  • 4909
  • 6
ЭКСПО-2017. Каким бы правдоподобным ни казался обман, он всё равно раскроется

ЭКСПО-2017. Каким бы правдоподобным ни казался обман, он всё равно раскроется

Изначально про ЭКСПО было очень много слухов. Лишь только усаживаясь в поезд «тальго» до Астаны, мы уже были изрядно загружены этими слухами. Кто их запускал, для чего – отдельный вопрос..
openqazaqstan
вчера / 15:45
  • 4216
  • 25
На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

Строятся пешеходные и велосипедные дорожки, трамвайные пути "сносят", а главная традиция нашего мегаполиса - замена подземных коммуникаций и в этом году не была нарушена.
beoblod
26 июня 2017 / 17:22
  • 3769
  • 3
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 3447
  • 21
Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Я обратил внимание, что в случае с уникальными природными зонами Павлодарской области применима поговорка: «что имеем – не ценим», а ведь они легко могли бы стать международными курортами.
Muzalevskiy
23 июня 2017 / 22:57
  • 3337
  • 11
Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Почему эту трубу не проложили под землей? Она обезображивает улицу, как дикий багровый шрам от раны, зашитой равнодушным, криворуким и ленивым хирургом, обезображивает лицо.
ValentinaVladimirska
23 июня 2017 / 12:10
  • 2743
  • 45
На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

Очень живописная и бюджетная поездка вдоль всего берега по Иссык-Кулю! Мы, две обаятельные девушки, поехали вдвоем, подготовленные к совершенно автономной жизни в палатке, и ни разу ничего не...
yelenasergiyenko
22 июня 2017 / 13:20
  • 2917
  • 23