Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
11:27, 08 мая 2011

Әке....

 

Келсеңші әке, кірсеңші келіп түсіме...
Әкелік көнің толама барлық ісіме?
Өтінем әке, көрінші маған, қызым деп,
Сағыныш толы сырымды менің түсіне...

Әкесіз өмір жазды екен маған несіне,
Деп кейде налып, көндікпей кетем күшіме...
Жылатып та кеп, жұбатып та кеп қинайды
Амалдың жоғы тағдырдың салған ісіне...

Ауылға барсам қыдырып, қалғым келеді,
Арнап бір, әке, басыңа барғым келеді,
Өмірге кейде өкпелеп қалам, сондайда,
Керексің әке, қасыңа барғым келеді.

Сарылта берме, сабылта берме сағыныш!
Жырларым тынба! Тозақтың торын алып ұш!
Періштелерім, сағыныш толы сәлемді,
Жұмақта жатқан әкеме менің алып ұш!

Әкесіне деген сағыныштан туған Замира деген қыздың мына өлеңі маған өте қатты әсер етті. Оқып көріңіз....

1