Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
1
10:54, 07 мая 2011

Давай поженимся?!...

Ресейлік бағдарламалардың бәрі біртіндеп бізде де өз көрінісін тауып жатыр. Айта кетер болсақ; "Две Звезды" (Екі Жұлдыз), "НашаRussian" (НашаКZаша), "ComedyClub" (ТематикШоу) және т.б. Ал енді "Давай поженимся" бағдарламасынының түсірілімін бастамақ.

Лариса Гузееваның орнына Айгүл Бабаева болмақ. Ал бағдарламаның аты әлі белгісіз. Түсірілімнің де басталу мерзімі әлі белгісіз...

Жоғарыда мысал ретінде келтірілген бағдарламалардың бәрі дерлік жақсы. Бірақ ойлап қарасам, осы бағдарламалардың Ресейлік бағдарламалардан ерекшелеп айта алмаймыз. Керісінше кемшіліктерін тауып отырамыз.

Неліктен жаңадан, әлі күнге дейін Ресейліктерде болмаған бағдарлама ойлап таппасқа? Тіпті Ресейліктерді қайталаған күнде де, неліктен таза қазақ тілінде жүргізбеске?

Айгүл Бабаеваның бағдарламасы қай тілде болады екен???

Менің айтайын деп отырғаным тіл жайлы емес,бірақ оған да өзендей ренішім бар.

Айгүл Бабаеваның айтуынша, Лариса Гузееваның кемшіліктері бар екен. Лариса екі жасты қосудың орнына, біреуін кемсітіп отырады. Киімдерін, айлығын дегендей тақырыптарды қозғайды. Ал, ертеңгі күні өзінің бағдарламаны қалай жүргізетіні беймәлім...

Бұл бағдарламаның Ресейлік бағдарламадан қандай айырмашылығы болады???

Достар өз ойларыңды жазыңдар. Сіз боп біз боп, әлі де ешкімде болмаған керемет бағдарлама ойлап табайық...

1
464
9