Интернеттің қазақ тілді бөлігі: форумдар

Асхат Еркімбай 2009 M11 5
15290
29
2
0

Внимание: В этой записи я делюсь своим взглядом на счет казахоязычной части Казнета. Әлемторда қазақ тілінде мәліметтердің қашан, қалай пайда болғанын анықтау емес, мендік мақсат - қазіргі біздің...

Внимание: В этой записи я делюсь своим взглядом на счет казахоязычной части Казнета.

Әлемторда қазақ тілінде мәліметтердің қашан, қалай пайда болғанын анықтау емес, мендік мақсат - қазіргі біздің алдымызда тұрған негізгі мәселелер мен қазіргі жағдайымыз. Интернетте қазақ тілінде сайттар мен блогтар, күн санап болмаса да бірте-бірте көбейіп келеді.

Соңғы бір екі жылдың ішінде интернетте қазақ тілінде мәліметтер толысып, көбейіп келеді. Бұл жайтты бірінші кезекте, қазақтілділер үшін интернетке шығу мүмкіндігі кеңейгендімен байланыстырамын. Мәселен, осы уақытқа дейін интернетте көбіне қаланың орыстілді жастары белсенді болып келсе, соңғы жылдар ішінде форумдардан түкпірдегі ауылдың оқушылары да өз үндерін білдіре бастады. Интернеттің бағасы қымбат болған тұста, әлемтор көбіне жұмыс мақсатында пайдаланып келді. Қазақтілді редакциялардың көпшілігінде әр журналистке интернетке шығу үшін шектеу қойылатын. Қазіргі кезде жағдай өзгеріп, журналистер қауымы, ғаламторға емін-еркін сүңгіп, қажеттісін сүзіп алып жүр. Қазақ тілінде ақпарат беретін сенімді ақпарат агенттігі ретінде "Қазақпарат" танылса, қазір сұраныс өскендіктен "Қазақстан Тудей", "ҚазТАГ", "Интерфакс" та мемлекеттік тілде ақпарат ұсынуда. Бұл жайт бірінші кезекте ақпарат таратудағы заңдылықты сақтау болса, екіншіден, қазақтілді қолданушылар тарапынан ақпаратқа деген зәруліктің туындағанын ескеру.

Келесі бір қызық жайт. Ол - ешқандай қаржысыз, энтузиас жастардың өз еріктерімен жасап жатқан жобалары. Бұндай жобаларда контенетті жастар өздері әзірлейді. Бұған Massagan.com, Solai.de, Zhastar.biz тәрізді жобаларды қосуға болады. Бұл порталдарға жастар көбіне танысу үшін, пікір алмасу үшін, еркін түрде сұхбаттасу үшін кіреді. Бұған көз жеткізу үшін аталған порталдардың форумдарына кіріп, ондағы ең қызықты тақырыптарды шолып шықсақ та болады. Бір байқағаным, интернетті жиі тұтынатын қазақтілді жастар арасында ұлттық құндылыққа қатысты тақырыптар (тіл, діл, дін), жеке қарым-қатынастар (елді-мекендер бойынша, махаббат, әке мен бала, ене мен келін), бұдан бөлек форумда өзінің білімі мен біліктілігін жетілдіру мақсатында қолданғысы келетіндер (әдетте, олар білім, ғылым, шет тілінде сөйлесу, сайт жасау т.с.с.) тақырыптарды бастайды.

Интернет - қолданушылардың көптігіне орай дамитын байланыс түрі болғандықтан, оның қазақ тілінде мәліметтермен толысуы бірінші кезекте осы қолданушыларға байланысты. Соңғы жылдар ішінде интернетті тұтынатын қазақтілді қолданушылардың белсенділігін форумдардан жиі байқауға болады. Соңғы кездері форумда жеке көзқарасын білдіріп, ниеттес жандар табылған соң, қазақ тілінде тың жобаны қолға алып жатқандар да кездесуде. Форумдағы таныстық сондай-ақ жастардың шынайы өмірде де жүздесулеріне, мүдделес жандардың кездесулеріне ұласып жатқан оқиғалар да кездесуде.

Оцените пост

2

Комментарии

0
сразу минусанул, пруфлинка ради!!!
0
Аударма бар ма?
0
Аудармасы болады, бұйыртса. Бірақ қазір емес.
0
Спасибо, хоть не оставили без внимания! :)
Показать комментарии