Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
09:03, 30 апреля 2011

бАРКЭМП ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРЫ

Көктемнің тамаша күндері өтуде. Және осы күндермен біз 1-курс студенттері де күннен күнге есейіп,өзімізге жаңа сабақ түюдеміз. Мен кеш те болса Barcamp конференциясы туралы жазғым кеп тұр.  

Тамаша конференция! Ұйымдастырушылар-

Мурся, Инесса, Жанатқа көп көп рахмет!

ларға үздіксіз кірдім.Жаңа проектілердің презентациясын тыңдау мен ушін өте қызықты

болды.Солардың ішінде ең қатты ұнағандарына пікір жазғым кеп тұр.

1 www.kjournal.kz Бұл сайтты жасаушылар-КИМЭП студенттері. Сайт жастарға арналған. Ол

сайтқа студенттер КИМЭП-тегі үздік ағылшын профессорының сабақтарын еңгізбекші. Және

КИМЭП-те болып жатқан шаралар туралы жазбақшы. Бұл сайтты өзге университеттер ауқымында

да кеңейтпекші. Және қаладағы жаңалықтарды да жазбақшы. Мысалы, бүгін кешке калада кандай

мерекелер болады. Сол сияқты жаңалықтар.

2 www.bolashak.kz. Сайт «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген жастарға және осы

бағдарламамен оқығысы келетін жастарға арналған. Сайттан шетелдерде оқып келген жастардан

кеңес сұрай аласың. Сонымен қатар сайтқа әртүрлі маман иелері кандай қызметкерлерді іздейтін-

дігі туралы мәлімет қалдырады. Ал шетелде оқып келген жастар сол арқылы өзіне жұмыс тауып

алады.

3 Келесі презентацияны Кэн Нерви атты спикер жүргізді. Презентация «youtubing» деп аталады.

Спикер бұл сайттың әртүрлі фунциялары туралы жеткізді. Ол функцияларды білгенмен де

презентация нашар өтті деп айтуға болмайды. Ең біріші, Кэн бізге ескі үнді рекламасын қөрсетті.

Реклама өте күлкілі болды. Бұл арқылы ол сайттан өткен ғасырдың да көптеген қызықтарын

тауып алуға болатындығын жеткізді. Әрі әртүрлі видео роликтерден кино түсіруге болады. Ең

жақсысы видео роликтерді пайдалану-тегін болады. Және өз сұрақтарыңа youtube арқылы жауап

табасың. Сайт арқылы тіл үйрене аласың, білім аласың. Cонымен қатар, youtube арқылы атақты

болуға болады және өз тауарыңның атағын шығаруға, сатылымды алға жылжытуға болады. Яғни

ақша табуға болады Меніңше, презентация қызықты болды. Отырған қауым оның барлығын білсе

де, презентацияны аяғына шейін тыңдады. Спикердің аудармашысы жыныма тиді. Кэнді ол қайта-

қайта ыңғайсыз жағдайға қойды әрі өзін жақсы ұстаған жоқ. Өзінің ісін дұрыстап атқаруға болады

ғой. Кэн оған қайта-қайта ымдап,аудар деп айтуға мәжбүр болды. Ал ол болса өте ақырын

дыбыспен міңгірледі де тұрды. Ағылшынша білмей тұр я ауырып тұр деп айтуға болмайды.

Отырған қауымның көпшілігі ағылшынша білгендіктен солай тұр. Ал Кэн ақырында микрофонды

оның алдына өзі апарып қойды. Ал аудармашы болса, презентацияны аяғына шейін аудармай

қойды. Ай,жыныма тигені-ай! Толқып тұр ма, өзімшілдік пе-оны түсінбедім. Алайда нашар

көрінгені айдан анық! Өз ісіне солай олақ карайтындар аз болса, жақсы ғой.

4 Қазақстандағы стартаптар. Ол презентация да жақсы өтті. Интернет әлемінде адамдарға қалай өз

бизнесін жүргізуге болады? Және нарықта ұту үшін не істеу керек? Сол сұрақтарға жауап берілді.

Ең бірінші бизнес-план жасау қажет. Содан соң проблемаларды анықтау керек. Бәсекелестерді

анықтау қажет. Бәсекелестер деген кімдер? Нарықта енді ғана көтеріліп келе жатқан адамдар ма?

Әлде нарықтағы қадамы нық мекемелер ме? Әрине қадамы нық, нарыққа таныс мекемелер. Ал

егер ол енді ғана көтеріліп келе жатқан болса, ол бәсекелеске жатпайды. Маркетинг стратегиясын

жасау керек. Инвесторларға ұсыныс жасау қажет. Және одан бұрын өз командаңды құруың қажет.

Бұл-нарықта стартап болудың ең негізгі шарттары

0
315
0