Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 767 постов40 подписчиков
Всяко-разно
0
08:55, 29 апреля 2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МУЗЕЙІ

       Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасындағы Польша Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында «Ұлы дала бейнесі» атты көрме өтті. Көрмеге ХІХ ғасырдың соңындағы қазақтардың этнографиясы мен материалдық мәдениеті бойынша салынған Константин Николаевич де Лазаридің фотосуреттер коллекциялары мен Б. Залесскийдің графикалық шығармалары қойылды.
      Поляк авторлары жұмыстарының көрмесі еуропалық зерттеушілер көзімен қарағанда Ұлы Дала көріністерін неғұрлым толық көрсетуімен және қазақ халқының тұрмысы мен дәстүрлі мәдениетінің неғұрлым толық көрсетілуімен таңғалдырды. Музейдің Күмбезді залында суретші Ералы Оспанұлының Ұлан Жәкеевтің коллекцияларынан алған «Бабалар аманаты» атты көрменің ашылуы мен «Қазақтың салт-дәстүрлері. Нәрестенің дүниеге келуі, балалық шағы және үйленуі» альбомының тұсаукесері өтті.
      Графикалық кескіндемелер сериясының авторы суретші Ералы Оспанұлы тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де танымал. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы тарихи жәдігерлерді өңдеу негізінде көне бедерлер мен фотосуреттер арқылы салт-дәстүрлер мен рәсімдерді қысқа да нұсқа етіп сипаттаған бірқатар кескіндеме жұмыстары жасалған, бірақ олардың көпшілігі қазірде ұмыт болған немесе олардың мән-мағынасы бұрмаланып жеткен.
      Көрмеге қойылған жұмыстар қазақтардың адам өмірінің маңызды кезеңдерін – нәрестенің дүниеге келуі мен үйленуін көрсететін көне дәстүрлері мен салттарын көруге мүмкіндік берді. Бұл – үлкен жобаның бастамасы ғана, ол 2010 жылы наурызда Тұңғыш Президент Музейінде жалғасын таппақ.

0
639
0