---
title: "15-16 ҚАРАША «ҚАЛЛЕКИ» ТЕАТРЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ӨТЕДІ"
description: "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық ..."
author: "Kazteatr"
published: "2016-11-10T22:55:32+00:00"
modified: "2016-11-10T23:03:32+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/15-16-arasha-alleki-teatryny-25-zhyldy-mereytoyy-tedi-725632"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/15-16-arasha-alleki-teatryny-25-zhyldy-mereytoyy-tedi-725632/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 15-16 ҚАРАША «ҚАЛЛЕКИ» ТЕАТРЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ӨТЕДІ

> Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық ...

> ***Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының 25 ЖЫЛДЫҒЫНА арналған МЕРЕЙТОЙ кеші өтеді***

![15-16 ҚАРАША «ҚАЛЛЕКИ» ТЕАТРЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ӨТЕДІ](https://storage.yvision.kz/images/user/kazteatr/kZ9EtOWDKNKQ7xF1eA8IErAzuLKw7S.jpg)

2016 жылдың 15-16 қараша күндері Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Астана қалалық Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының **25 ЖЫЛДЫҚ** мерейтойы өтеді. Мерейтой барысында еліміздің Тәуелсіздігімен төлқұрдас театрдың тереңде жатқан тарихын жасаған абыздары: театрдың негізін қалаушы, режиссер Жақып Омарұлы, Қазақстанның халық артисі, режиссер Қадыр Жетпісбаев, Халық қаһарманы, режиссер Әзірбайжан Мәмбетов шығармашылықтарына арналған **«Қ.Қуанышбаев театрына – 25 жыл»** атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Театрдың бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында белгілі журналист, өнертану магистрі, театртанушы Сәуле Әбединованың авторлығымен **«ТЕАТРҒА ТАҒЗЫМ»** атты кітаптың тұсаукесері өтеді. 15 қараша күні сағат 17.00 Мерейтойлық салтанатты кешке театрдың артистер қауымы арнайы төселген қызыл кілемнен өтеді. Таңғажайып театр әлемін суреттейтін **ҚАЛЛЕКИЛІКТЕРДІҢ 25 ЖЫЛДЫҚ** мерейтойы салтанатты думанға толы болмақ.

**Мерейтой аясында өтетін**

**іс-шаралардың бағдарламасы төмендегідей:**

![15-16 ҚАРАША «ҚАЛЛЕКИ» ТЕАТРЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ӨТЕДІ](https://storage.yvision.kz/images/user/kazteatr/PFGxa2xGXwszu02JKqUt8IYK7Ym7Om.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/15-16-arasha-alleki-teatryny-25-zhyldy-mereytoyy-tedi-725632](https://yvision.kz/post/15-16-arasha-alleki-teatryny-25-zhyldy-mereytoyy-tedi-725632)