Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
-6
13:01, 28 июля 2009

Кэрроллдың Алисасы

 

Blog post imageОсы жазда Yvision мен басқа блогтарда Алисаның экранизациялануы жайында жазбалар жариялануда, өзім бұл ертегі жайында естісем, бала кезімдегі ақ-қара қорқынышты суреттері бар қызық кітабым есіме түседі. Сол кітаптың бір жағы «Алиса ғажайыптар әлемінде» болса, кітапты аударып қарасаң, «Алиса айнаның әр жақ әлемінде» деп аталатын. Ішінде не бір қисық-қисық жазылған тақпақтар да болған. Ол кезде мен Льюис Кэрроллдың кім екенін білген жоқ едім. Уақыт өте келе, Алиса жайында бүкіл әлем оқып жүргенін, ал кітаптың авторы талантты математик, әрі фантазер Латуидж Доджсон (Л. Кэрроллдың шын аты) екенін білдім.

 

Кэрроллдың кітаптары - шынайы өмір мен қиял араласқан ертегілер, оларға гротеск та жат емес. Алисаның саяхаты - бұл адамның фантазиясы, ондағы кейіпкерлер балаларға жақын, себебі олар ересектердің өмірінен бөлек. Қоян ініне түсіп қалған Алиса автордың керемет фантазиясы арқасында әлемге әйгілі болып шықты. Кейде күлкілі, кейде абсурдты, логикасы жоқ әрекеттер және өз мінезімен есте сақталатын кейіпкерлерден тұратын ғажайып сапар. Крокет, карта ойындары, британдық қанатты сөздер мен балалардың тақпақтары арқылы ағылшындар өміріне жаңа көзқарас.

Blog post image

фанарт

Кэрроллдың туындылары - бұл күлкілі пародия мен сиқырлы ертегілер. «Алиса ғажайыптар әлемінде» кітабына арналған ең алғаш иллюстрацияның авторы Джон Тенниел. Бүгінде олар «каноншыл» деп саналады. Бір қызығы, Тенниел кэрроллдық  қара қысқа шашы бар Алиса Лидделлдың (Лиддел Алиса Плезенс) образын сызып тастап, ақ ұзын шашты Алисаның суретін салған (төмендегі сурет).

Blog post image

Міне Льюис Кэрроллдың суреттері

Blog post imageBlog post image

Сальвадор Далидің суреттері

Blog post imageBlog post image

Фотограф Энни Лейбовицтің ертегі кейіпкерлері рөліндегі жұлдыздарға арналған фото-топтамасында Бейонс Ноулс Алиса образында.

Blog post image

 

" - Маңызды - маңызды емес... маңызды емес - маңызды..."

"Ең әдемісіне ешқашан да қолың жетпейді."

Blog post image

"Ойлап қарасам, қайдағы бір нәрседен соншалықты кішірейіп, жоқ болып қалуға да болады екен."

Blog post image

"- Неден бастайын, Мәртебелі тақсыр? - деп сұрады ол.
- Басынан баста, - деп жауап берді Патша,  -  аяғына дейін жетпегенше айта бер. Жеткенде - аяқта!"

-6
2233
0