Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:47, 24 апреля 2011

ТАСТЫҢ ТІЛІН ТҮСІНГЕН ҚАЗАҚ немесе Қосым Пішенбаев деген кім?

Blog post image

«Қуана білмегенге құт қонбас, бағалай білмегенге бақ қонбас» деген. Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріміздің бір ұшы жер қойнауынан алып жатқан қазба байлықтарымызға байланысты екені рас. Қойнын ашсаң, қазынасы ақтарылып жататын Атымтай Жомарт-Арқа даласының ана шеті мен мына шетіндегі кез келген кен ошағының тарихы тереңде жатыр. Байқасақ, қазақ жерінің қазынасы он тоғызыншы ғасырда-ақ игеріле бастаған. Бірақ сол байлық сырттан кен іздеп келгендердің қолына бірден түсе қалмағаны анық.

Оларға жөн сілтеп, жоба көрсететін жергілікті халық болған. Әрине, күн көрісі үшін. Сондықтан болар, бүгінгі кеніштердің арғы тарихын ауызға алсақ, міндетті түрде жергілікті қазақтардың аттары да бірге аталады. Мысалы, қой бағып жүріп Қарағанды көмірін тапқан Апақ Байжанов,

Екібастұз бен Баянауыл аймағындағы кен көздерін ашқан Қосым Пішенбаев деген кісілер екен дегенді сонау мектеп қабырғасынан білеміз. Осылай делінгенімен, «әй, сауатсыз адам жер асты байлығын қайдан тапсын, кеңестік уақытта жергілікті халық өкпелемесін деп, әйтеуір бірер қазақтың да аттарын атай салған шығар» деп ойлайтындар да аз емес. Бұндай сөзді елдің өткен-кеткенінен хабары шамалы біреулер айтса мейлі дер едің, кейде қалам ұстап, баспасөз төңірегінде жүрген ағайындар осылай деп жатқанда еріксіз қынжыласың.
Ана бір жылы Байтұяқ Жанымбет деген адам Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде жарық көрген «Ақиқат пен аңыз» атты мақаласында: «Жуықта Павлодар облысындағы кеншілер мен энергетиктер қаласының тұрғындары Екібастұздың 50 жылдығын дүрілдетіп атап өтті. Олар осы кен көзін ашқан Қосым Пішен¬баев екен деген ақиқаттан гөрі аңызға жақын басқа бір деректі тілдеріне тиек етіп, айналаға жар салғанда қарадай қарның ашады екен.

Толығырақ...

0
5369
0