Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
5
00:34, 24 апреля 2011

Өмір жайлы толғанысым

Кей-кезде өлеңге деген шабытым оянып кетеді. Әр шумағын шығарған сайын, келесі шумақ өзімен-өзі келе береді. Барлығын да қағаз бетіне түсіре бересің. Шығармашылығымның бір туындысымен таныс болыңыз. (Кей жерлері ұйқаспайды, бірақ сонда да=)

Жалпы мен өмір жайлы толғанғанды ұнатам:

 

«Өмір» не?

Қатал тағдырға бағынбай, еркіндікті аңсаймын,

«Өмір» деген әлемнің тек жақсысын қалаймын.

Қол жеткізбей өткен алда әлі талай бар арман,

Сол арманға жетудің күндерін аңсап, санаймын.

 

Қадірін ата-ананың  дер кезінде түсінбедім,

Махаббаттың өмірдегі адал орнын білмедім.

Біле тұра істерімнің жақсысы мен жаманын

«Босқа өмірің өтіп жатыр» дегенге мен көнбедім.

 

Бұл жалғанда қадамыңды баса біл нық сеніммен,

Сенім болса, өмірің де өтер ізгі ниетпен.

Адалдықты насихаттау – алға қойған мақсатым.

Ей, бауырым, егер соны ойға тоқып, түсінсең....

 

Шынында да, өмір деген – шыңдағы бір биік тас,

Таба білу осы өмірден өз орныңды қиын, рас...

Бірақ сонда да үміт үзбе, адал жолға түсе біл,

Мақсатынан қол үзген жан еш нәрсеге жете алмас!

 

«Өмір мәңгі қатал» деп, жамандыққа бой ұрма,

Ішкі жаның сыр ақтарар, шындығың да, ойың да.

Тек «ақиқат» билік етер әділдікті, бәрін де,

Жақсылыққа қастандықпен, жамандықпен бұйырма!

 

Пенде көп қой бұл өмірде өмір кілтін таппаған,

Табу түгіл, осы өмірдің есігін де қақпаған -

Мақсатынан түңілген жан бәрінен де құр қалар

Жамандықты бойына тоқып, тек өсекті қақсаған.

 

«Өмір» деген – Алланың баға жетпес сыйы бұл,

Қадірін ұғып, қажеттісін бойыңа жиып, түсіне біл.

Қылған іске өкінбей, арманыңа жету үшін

Досқа – берік, жақсыға – серік, ақ пейілді адам бол!

 
5