Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:56, 23 апреля 2011

BarCamp Central Asia 2011

BarCamp Central Asia 2011-төртінші білім беретін Жаңа медиа мамандарына (журналист, блогшы, программист, IT және медиа мамандары, веб-девелоперлер және интернет пен вебтың дамуымен байланысты барлық мамандарға) арналған [ресми емес] конференция. Бұл конференция 2011 жылдың 15─17сәуірі аралығында Алматы қаласында өтті.

Мен осы конференцияға бірінші рет бардым, 16 сәуір күні. Бұл күні таңертеңнен кешке дейін жүргеніме, шаршағаныма еш өкінбеймін. Себебі, бұл жерден алған әсерімді айтып жеткізу мүмкін емес. Тіпті, түсімде де өзімнің  презентация жасап жүргенімді көріп шықтым.

Ең өкініштісі бұл іс-шараның жылына бір рет қана өтетіндігі... Бұл көптеген адамдардың пікірі.

Мен бұл жерде шет елден келген достар таптым. Бір─бірімізбен достығымыз одан әрі жалғасын табады деген үміттемін.

Әрбір презентацияға кірген адамдардың көптігі соншалық, презентация өткен аудиторияларға адамдар лық толып, түрегеліп тұрды. Барлықтары сұрақ қойып, аралысып отырды.

0
243
1