• 221886
  • 224
  • 17
Нравится блог?
Подписывайтесь!

"Ғашықтық ғаламаты" М. Шаханов

Мұхтар Шахановтың "Ғашықтық ғаламаты" атты поэмасы бар. Естай мен Қорлан махаббатын жырлайтын поэмадан есте сақталған, ұмытылмас, керемет бірнеше үзінді келтірейін дегенмін.

Бұлттан биік заңғар аз ба?

Сұрақ қойған таңдар аз ба?

Жазылмаған заңдар аз ба өмірде?

Күдіс пейіл кедергіден қайтқанымен меселі,

Ғашық жүрек өз тағдырын

Өзі ғана шешеді.

***

Серт пен сөзге ұмытшақтау өлкеде

Ғашық болып өлу - қандай мәртебе!

***

Ешбір геометриямен өлшенбейтін көлемі,

Ғашық болу келсе, кімнің қолынан

Әлем соған сенеді,

Құлай сүю - ерлікпен тең себебі!

Әсіресе мынау, соңғысы, ең нақты, әрі дәл айтылған сөз, сірә:

Шаршатпаған арман, шіркін, арман ба?

21 апреля 2011, 23:45
20293

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Әлемде сүюден артық нәрсе бар ма?! Ғашықтық өмірдің гүлі! Ғаламаттағы адамдардың бір- біріне ғашық болмауы мүмкін емес. Міне, Шахановтың ғашықтық ғаламаты шығармасында адамдардың сүю, ғашық болуын айтады. Мен Мұхтар атамызды үлгі тұтамын. Себебі оның шығармаларында өзіндік өзегі бар мәселерді ашып айтады. Осындай шығарманың бірі ғашықтық ғаламаты! Оқығанда ерекше көңіл күйге бөлендім! Өзіндік ерекше шығарма!!
Бұл шығарма қазақ салттарына қарсы келмейді ме? Мысалы, қазақ қазаққа жеті атаға дейін туыс болса, үйленбеген. Ал Мұхтар Шахановқа жүгінсек, "...сүю бақыты кез келгенге тартылмайтын сыбаға". Яғни туысқандар бір-бірін сүйсе, болғаны ғой?! Осыған байланысты, Мұхтар Шахановтың сөзін естігім келіп тұр. Сөз жоқ, шығарма тамаша, қазіргі кездің жас қыздардың мәселелеріне сай келеді. Бірақ, екінші жағынан қарасақ, бұл шығарма қазақ салт-дәстүрлеріне қарама-қайшы болып келеді.
Ғашықтар мәселесі өткен заманның өзекті мәселелерінің бірі болған. Міне, Мұхтар атамыз бізге Қорлан мен Естайдың мұңды махаббатын баяндап берді. Ғашықтық адаммен не қылмайды? Біреуді бақытқа бөлесе, біреуді мұңға батырады. Дарынның салт-дәстүр туралы айтқанына толық келісемін. Алайда, махаббатсыз өмір өмір ме? Жүрекке әмір жүрмес.Шығарманы оқып біткеннен кейін, өз басым "Қорлан" әнін қайта тыңдадым. Шығарманы да жүрегімнен өткіздім. Маған қатты ұнады.
Махаббат - адам жүрегін ерекше сезімге бөлейтін, рухына қанат бітіретін құндылық, ұлы сезім. Махаббат - өмірдің мәні! Махаббат тақырыбына ерекше назар аударған жазушылардың бірі - Мұхтар Шаханов. Ол өзінің "Ғашықтық ғаламаты" атты поэмасында махаббат сынақ алаңы деп жазады. Қорлан Естайдың отбасылы адам екенін біле тұра, оған ғашық болады. Ақырында екі жастың махаббаты трагедиямен аяқталады. Яғни, меніңше, шығарманың басты идеаларының бірі адам басқа адамның отбасын бұзып, бақытты бола алмауы болып табылады. Сондықтан да махаббатты қадырлей білейік, достар!
Мұхтар Шахановтың қай бір шығармасын алсақ, терең ойды көруге болады деп ойлаймын. Осылардын бірі, "Ғашықтық ғаламаты" атты поэмасы. Мұхтар Шаханов махаббатың құнын, өмірлік мәнін, Қорлан мен Естай арқылы сипаттайды, бұл шығарма маған ұнады. Үстінде айтылған сөздерге қоса, соңында шығармадағы маған ең ұнаған үзіндіні келтіргім келіп тұр.
"Қашықтықты жеңе білу — мықтылық,
Нағыз бақыт — жақында емес, қашықта"
Мұхтар Шахановтың "Ғашықтық ғаламаты" атты поэмасын оқи отыра, мен Қорлан мен Естайдың махаббатына сеніп, жүрегімнен өткіздім. Бұл поэмадан, мен автор үшін махаббат бәрінен де қымбат, бәрінен де артық екенін түсіндім. Оған дәлел ретінде: "Ғашық болып өлу - қандай мәртебе!" поэма жолдарын келтіруге болады. Сонымен қатар, Мұхтар Шахановтың ойынша, махаббат өмір қиыншылықтарына төзгенде ғана ең шынайы, ең бағалы махаббат болып табылады.
Мен осы шығарманы түнде оқыдым, себебі адамға көбінесе уйықтар алдында неше түрлі ойлар келеді. Шаршағаныма қарамастан, ұзақ уақытқа шейін көзім ілінбеді. Менің басымда бірнеше сұрақтар туындады. Махабатты қадірлейтін де, қорлайтын да қазақ. Егер махаббатқа осындай қиындықпен жеткен болсақ, қазіргі кезде қазақтар үшін неге ғашықтықтың мәні жоғалған? Дәулет пен атақ жолында махаббатын құрбандыққа шалған қандастарымыз жеткілікті.
Мұхтар Шахановтың поэмасына жүгінсек, "ғашықтықтың адамзатқа берері ұшан-теңіз" және әлем ғашыққа сенеді. Онда неге махаббат адамның ең әлсіз жері болып саналады? Неліктен махаббат қиянат тудырады? Адамның сезімімен ойнау және оны өз мақсаттарына пайдалану неге сондай қызық?!
Мен осы шығарманы оқығаннан кейін ерекше көңіл күйде болдым. Мен осындай терең ой салатын шығармалардың бар екеніне ризамын және оқырмандардың саны артса екен деймін.
Мен Мұхтар Шахановтың әр шығармасын сүйіп оқимын, бірақ осы туындыны жүрегімнен өткіздім. Неше рет қайта оқысамда әр оқығанда әр түрлі сұрақ пайда болады және автор ойын толығымен түсіне бастадым. Мхаббат деген не ? Неге адамзат махаббатқа бас иеді? Қазақ үшін махаббат құны қалың мал ма? Оқы отырып осы сұраққтар басымнан кетпей қойды. Шығарманың басында мен қартаң әйелге келісіп істеп жатқанын дұрыс емес көрдім, алайда Қорлан мен Естайдің әңгімесін тыңдағанда өз ойымды өзгерттім. Автор шеберлігі жүректен жазу тыңдарманды баурап алады. Мен үшін Ғащықтықтың ғаламаты әсерлі туындылардың бірі болып калады,
Өмірде ғашық болу қандай бақыт десеңші! Ғашық болу шексіз қуаныш пен жалындаған отпен тең. Махаббатпен адамның күллі тіршілігі байланысты.Ол адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жан күйі. Барлық ұлы істерге, ерліктерге адамды жігерлендіріп дем береді. Мұхтар Шахановтың "Ғашықтық ғаламаты" атты поэмасында екі жүрек арасындағы жылы сезім ерекше суреттеледі. Шахановты оқығанда, ерекше сезімге бөліндім.
Мұхтар Шахановтың "Ғашықтық ғаламаты" поэмасын оқыған кезде, Естай мен Қорланның тағдыры қатты жаныма батты. Бір-бірін шынайы сүйген екі бақытсыз ғашық пен қоғамның ұстанымдары арасындағы қиылысу суреттеледі. Бұл жерде менің ойым екіге бөлінді. Бір жағынан, не болса да екеуінің бірге болғанын қалаймын, бірақ екінші жағынан қоғам ұстанымдарына қарсы шығуды қолдамаймын. Соған қарамастан, екі ғашықтың қосылып, бақытты болмауына жүрегім ауырады. Бұл поэманың басты идеясы жақзықсыз махаббат болғанымен, мен Мұхтар Шахановтың шынымен өз қызына бақыт тілейтін ананың қызына деген сезімін суреттеуіне ерекше көңіл аудардым.
Мұхтар Шахановтың "Ғашықтық ғаламаты" поэмасын оқыған кезде, Естай мен Қорланның тағдыры қатты жаныма батты. Бір-бірін шынайы сүйген екі бақытсыз ғашық пен қоғамның ұстанымдары арасындағы қиылысу суреттеледі. Бұл жерде менің ойым екіге бөлінді. Бір жағынан, не болса да екеуінің бірге болғанын қалаймын, бірақ екінші жағынан қоғам ұстанымдарына қарсы шығуды қолдамаймын. Соған қарамастан, екі ғашықтың қосылып, бақытты болмауына жүрегім ауырады. Бұл поэманың басты идеясы жақзықсыз махаббат болғанымен, мен Мұхтар Шахановтың шынымен өз қызына бақыт тілейтін ананың қызына деген сезімін суреттеуіне ерекше көңіл аудардым.
Ғашықтық мәселесі уақытпен өзгермейтін өзекті мәселе. Дүние жүзінің қай бөлігін асаңыз да осыған ұқсас рооблеманы кездестіресіз.Мұхтар Шаханов тек махаббат темасын ғана көтермей сонымен қатар ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты да айтып кетеді.Яғни ата -аналыр юалалары үшін барлығына дайын,бірақ өсе келе махаббатқа байланысты проблемамен кездескенде балалары ата-аналарының барлық жақсылықтарын ұмытып қарсы шығады.Осыдан шығатын қорытынды махаббатқа карсы шығатын нәрсе дүниие жүзінде жоқ.Автор өзекті мәселені көтеріп мені махаббат және ана мен кыз бала арасындағы карым-қатынас туралы ойлауға икемдеді
Әрине, махабат керемет сезім, оның құшағында өзіңді жеті қат көктің төбесінде тұрғандай сезінесің! Бұл жағынын мен алдымдағы әріптестерімнің сөзімен келісемін. Әйтсе де, махабаттың құлы болып, ақыл-есті ұмытып сүю ақылды адамға тән емес сияқты. "Ғашық жүрек өз тағдырын Өзі ғана шешеді." - деген тұста Дарынды құптаймын. Бұған ата-баба дәстүрі, имандылық сияқты құламас тосқауыл бар. Ал егер махабат тек бір жақты болса ше? Онда, өз өміріңді сүймейтін адамға арнап,"Ғашық болып өлудің" ,"Құлай сүюдің" не мәні бар? Өз ішіңде жүретін мұңның не отбасыңа, не отаныңа, не сүйіктіңе де пайдасы жоқ. Мысал ретінде, Габриель Рарсия Макрестің"Любовь во время Холеры" атты шығармасын қараңыз. Сондықтан, махабат сияқты пәк сезімді құрметтей отырып, ақыл-ойдан өткізіп барып, қабылдау керек.
Kazak tarihynda Mahabbat zholynda azhal kushkan Enilik Kebek, Karagoz ben Syrym sekildi gashyk zhurekter Zheterlik. Kazirgi zamanda Bulardyn tagdyryn bastan kewirip zhurgenderge aitarym: makhabbat uwin olem degen ne soz. Seni asyrap mapelep osirgen ata anannyn khali ne bolmak olardy Kim asyraidy. Artta kalgan bauyr karyndasyn kandai ulgi alady, sony oiladynba. Angime jok sui, birak seni gana suiem, uilenem degen uade berip kajeti jok uakyt korsetedi, makhabbat jolynda kandai kiynwylyktar bolatynyn kim biled. Makhabbat uwin Ake wewewsin satyp ketetinderde barwlyk sol sebepti oilan dostym.(Abylai)
Мухтар Шахановтың поэмасы маған оте қатты ұнады. Осы поэмада айтылған проблемалардың қазір де оте маңызды екеніне көзім жетті. Осындай шығарманы оку махаббаттың қандай күшке ие екені туралы ойлауға итермелейді. Олжас
Бақытсыз махаббат тақырыбы әрқашан өзекті болған, әсіресе, жастар арасында. Осы тақырыпты қозғайтын сан жетпес шығармалардың арасынан мен прозалық шығармаларға қарағанда, поэзиялық шығармаларды ұнатамын. Мүмкін, сондықтан шығар, Мұхтар Шахановтың Ғашықтық ғаламаты поэмасын оқымай тұрып, жақсы көзқараста болғанмын. Қазақ тіліндегі поэмалар мен жырлар әдетте бір түсініксіздеу, күрделі, тек қазақтарға ғана тән тілмен жазылады, алайда Мұхтар Шаханов еуропалық стильге жүгінген көрінеді. Мысалы, "Ешбір геометриямен өлшенбейтін көлемі" сөйлемінде бір-бірімен байланыспайтын затты байланыстырып, махаббатқа көлем берді. Осыған ұқсас көркемдеу құралдарын қазіргі заманауи орыс, польша және неміс тіліндегі поэзияда кеңінен кездестіруге болады. Қазақ тілінде де осындай заманға сай шығармалар бар екені жүрегіме жылы тиді, бірақ соңғы қазақ әдебиеті сабағынан кейін осы поэманы оқыған сайын, бір ой мазалайтын болды. "Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы" дейтін Мұхтар Шахановтың жынысы бірдей адамдар арасындағы махаббат туралы пікірін білгім келеді. Осы сөздерімді оқып отырған адам жүрегін ұстаған шығар. Тек М. Шаханов емес, бақытсыз махаббат тақырыбын қозғайтын қазақ авторларының барлығы, тіпті бүкіл қазақ қоғамы жынысы бір, бірін бірі сүйетін адамдарға қарсы шығуға дайын. Соған қарамастан, "Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы" сөздері бәрінің де жүрегін қозғайды, бәрі бұл тұжырыммен келіседі. Қарама-қайшылықты байқайсыз ба? Әлде "Адамдар оларды соттауды асықпасын" сөздері таңдаулы, қоғамға жағымды адамдар ғана үшін арналған ба?
Ғашықтық ғаламыты - ғашықтықтың кереметі... Махаббат сияқты мінсіз, таза сезімнің бар құдіретін шеберлі тілмен қағаз бетіне жеткізе алғандырдың бірі - Мұхтар атамыз. Ол Естай мен Қорланның әңгімесі арқылы нағыз махаббаттың күш-қуаты барлық өмірдің қиындықтарына қарсы алатынын жеткізді. Әрине, махаббат әрдайым бақытқа жеткізбейді, себебі ол адамның әрі қуанышы, әрі мұңы бола алады. Бұл біздің заманымызға да сай. Осыны поэманы толық оқып, "Қорлан" әнін тындағаннан кейін түсіндім.
Гауһар Тойболдиеваның айтуы бойынша :
Махаббат деген – таза бұлақ, ешкімнің қолы тимеген.
Махаббат деген – шын сезім, жүрекке әмір жүргізген.
Осы сөздердің мағынасын біз Мұхтар Шахановтың бірден-бір керемет шығармасында көріп, тіпті көз алдымызға елестете аламыз. Әсіресе, махаббат шынымен де жүрекке әмір жүргізеді, шын жан-тәнімен сүйген адам жүрегіне қарсы келе алмайды. Шығармадағы Қорланды да алып қарасақ, анасының уайымына да мән бермей Естайды "құлай сүйген". Негізінде, махаббатты ата-бабамыз үш типке бөлген: бала махаббат, шала махаббат және шынайы махаббат. Шаханов атамыздың туындысында қай махаббат түрі бейнеленгендігі анық көрініп тұр. Менің ойымша, шынайы махаббат - ол Алланың сыйы, туылғанда мандацына жазылған тағдыры. Тура осы жерде, Қорлан мен Естай кездескен кездерінде жүректеріның лүпілі жиілеп қалатындай сезінеді. Қорытындылай келгенде, махаббат, ғашықтық әркімге тән бола бермейтін жанама сезім емес, махаббат әлемді өзіне бағындырған ұлы күш болып есептеледі. Осы жерде отырған өзім тәрізді жастардың барлығына ғашық жандарын табу және махаббатың шынайы сезіміне бөлінуді тілеймін.
Мұхтар Шахановтың "Ғашықтық ғаламаты", менің ойымша, баршаның көңіліне өзіндік әсерін тигізіп, бір ерекше сезімде қалдырады. Бұл поэма - нағыз пәк махаббат лирикасы. Қазіргі таңда өте сирек кездестіретін сүйіспеншілікті, Қорлан мен Естайдай бір-біріне деген 51 жыл бойы жанған өшпес махаббатты автор аса шеберлікпен бізге жеткізген. Автор бұл поэманы жай ғана махаббат хикаясын баяндау мақсатымен жазған емес, менің ойымша, ол біздей сияқты жас азаматтар мен бұл құштар сезімге деген сенімін жоғалтқан адамдарға үлгі ретінде жазған. Кейбіреулер әлемде махаббат жоқ дейді. Бұл сөзбен мен келісе алмаймын, себебі Мұхтар атамыз айтып кеткендей; "Сүю бақыты кез келгенге тартылмайтын сыбаға". Тіпті, жолы сәтсіз болса да, ешқашанда өкінбеңіз, себебі "Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір".
Мұхтар Шахановтың "Ғашықтық ғаламаты", менің ойымша, баршаның көңіліне өзіндік әсерін тигізіп, бір ерекше сезімде қалдырады. Бұл поэма - нағыз пәк махаббат лирикасы. Қазіргі таңда өте сирек кездестіретін сүйіспеншілікті, Қорлан мен Естайдай бір-біріне деген 51 жыл бойы жанған өшпес махаббатты автор аса шеберлікпен бізге жеткізген. Автор бұл поэманы жай ғана махаббат хикаясын баяндау мақсатымен жазған емес, менің ойымша, ол біздей сияқты жас азаматтар мен бұл құштар сезімге деген сенімін жоғалтқан адамдарға үлгі ретінде жазған. Кейбіреулер әлемде махаббат жоқ дейді. Бұл сөзбен мен келісе алмаймын, себебі Мұхтар атамыз айтып кеткендей; "Сүю бақыты кез келгенге тартылмайтын сыбаға". Тіпті, жолы сәтсіз болса да, ешқашанда өкінбеңіз, себебі "Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір".
Естай мен Қорлан махаббаты шынымен де ерлікпен тең. Бұндай пәк, шынайы ғашықтықты мен тек кино көріп, кітап бетінен оқып таныдым. Қазіргі қоғам жастары жай ғана ұнатудың өзің өмірлік махаббатым деп атап, нағыз махаббаттың абыройын қысқа мерзімді, тұрақсыз, ешбір құндылығы жоқ "сезімдермен" түсіріп жатыр. Екінің бірі бүгін біреуді сүйіп ән салса, ертең басқа біреуге ғашықпын деп жырлап жүргені мәңгілік махаббат жоқ деген ой салады. Сондықтан, бұл поэма мен сияқты шынайы ғашықтыққа сенбейтін адамдарға "кез келгенге тартылмайтын сыбағаны" кездестіру мүмкін деген үміт береді.
Қазіргі таңда шың журектен сүйетін жандар аз. Шың журектен сүю әр кімнің басына келе бермейді. Бүгінгі күнде махббат туралы түсінік өзгеше.
Менің ойымша Мұхтар Шахановтың "Ғашықтық ғаламатың" қазіргі таңда барлық жастар оқуы тиіс. Себебі бұл шығармада ғашықтың керемі мен күш-қуаты туралы терең ой жатыр. Естай мен Корланның махаббатың бақытсыз деп те айтуға болады. Себебі олар бір-бірін сүйгенімен де бірге бола алмады. Бұған қарамастан олардың махаббаты 51 жыл бойы өшпей, өзінің ауқымдылығын жоғалтпады. Осындай керемет махаббат қазігі жастарға тамаша үлгі болады.

Шыныбеков Жанибек
Жоғарыда жазылған пікірлердің басым бөлігімен келісемін. Жалпы алғанда адам баласының сезімдерінің арасындағы ең қасиетті және мінсізі - махаббат. Махаббаттың көп түрі болады: анаға деген махаббат, бауырларға және қарындастарға деген махаббат. Махаббат үшін күресу кез келген тұлғаның таңдауы. Мұхтар Шахановтың "Ғашықтық ғаламаты" әдеби шығармасының басты кейіпкерлері Қорлан мен Естай арасындағы үзілмес 51 жылдық сезімнің қазіргі ұрпаққа үлгі бола алады. Шынайы махаббат пен желік сезімнің арасындағы айырмашылықты түсінетін адам ғана бақытты болады
Жоғарыда жазылған пікірлердің басым бөлігімен келісемін. Жалпы алғанда адам баласының сезімдерінің арасындағы ең қасиетті және мінсізі - махаббат. Махаббаттың көп түрі болады: анаға деген махаббат, бауырларға және қарындастарға деген махаббат. Махаббат үшін күресу кез келген тұлғаның таңдауы. Мұхтар Шахановтың "Ғашықтық ғаламаты" әдеби шығармасының басты кейіпкерлері Қорлан мен Естай арасындағы үзілмес 51 жылдық сезімнің қазіргі ұрпаққа үлгі бола алады. Шынайы махаббат пен желік сезімнің арасындағы айырмашылықты түсінетін адам ғана бақытты болады
Барлык айтылган создермен келicемiн. Менiн ойымша Махаббат бул осы дуниедегi ен жаксы сезимдердiн бipi болып табылады. Бiрак казаргi танда махаббат тусiнiги оте озгеше таралган. Шың журектен сүю әр кімнің басына келе бермейді. Бул заманда махаббат деген тусiнiк ар адамга ар турлi магынада келеди.
Менің ойымша Мұхтар Шахановтың "Ғашықтық ғаламатың" қазіргі таңда барлық жастарга махаббаттын шындыгын, нагыз манiн ашатын шыгарма. Себебі бұл шығармада ғашықтың керемі мен күш-қуаты туралы терең ой жатыр. Естай мен Корланнын махаббаты шынымен де оте ерли жане батыл. Себебі олар бір-бірін сүйгенімен де бірге бола алмады, бир бирин суе отырып шынайы сезимдерин 51 жыл бойы устап отырды. Осындай керемет махаббат қазігі жастарға тамаша үлгі болуына айтардыктай соз жок.
Мұхтар Шахановтың "Ғашықтық ғаламаты" баршаға әр түрлі әсерін тигізді. Шын журектен сүю әр адам қолынан келе бермейді. Бүгінгі күнде жастардың махаббат туралы түсініктері басқаша. Мұхтар Шахановтың "Ғашықтық ғаламат" қазіргі таңда барлық жастар оқып нағыз махаббат не екенін сезу тиіс. Себебі бұл шығармада ғашықтықтың күш-қуаты туралы терең ой жатыр. Естай мен Корланның махаббаты ерлікпен теңеседі.Себебі бірге бола алмағанына қарамастан 51 жылға созылған махаббат өшпей, өзінің ауқымдылығын жоғалтпады. Осындай керемет махаббат қазіргі жастарға үлгі болады.
Бүгінгі күні махаббат жайлы ойлауға қиын заман болып келе жатыр. Ертеде тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып махаббат ғаламатын жырлаған қанша ақын бар еді?! Оған мысал ретінде осы жерде талқыланып жатқан Естайдың өзін де атасақ, қателік емес. Өмірлік махаббатын таба тұра, сол махаббатқа бөленбей, Қорланнан бөлек журу - міне, нағыз ерлік! Осындай айтуға тұрарлық, біздің жүректерде өшпес із қалдыратын оқиганың куәсі етіп отырған Мұхтар Шаханов та, Мәдина Сәдуақасова да өз тарапынан ерлік етіп отыр. Алайда, жас ұрпаққа ол махаббатың бір түйірі де жетпегені аянышты...
"Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл. Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар" деген Абай Құнанбайұлының дәйексөзін қолдана отырып, осы поэма бойынша өз көзқарасымен бөліскім келеді. Мен, жалпы, махаббат шығармаларын онша ұнамаймын,алайда бұл поэма менің ішкі жан дүниесіне елеулі ықпалын тигізді. Шынымен, Естай мен Қорлан арасындағы махаббат таңғаларлық оқиға, осы махаббат қазіргі жастарға үлгі бола алады, себебі нағыз махаббат ҚАШЫҚТЫҚТА. Шын сүю өте сирек құбылыс, демек бұны ең жоғарғы дәрежеде бағалау және қастерлеу қажет.
"Ғашықтық ғаламаты" атты поэма махаббаттың мәнін толық ашады Яғни автор Мұхтар Шаханов Естай мен Қорланның 51 жыл бір-біріне ғашықтықты жақсы көрсетті. Алайда, бұл махаббат бәрінің қолынан келмейді шектен асқанда менің қолымнан келмейді. Махаббатқа қатысты мәселесі қазіргі кезде де өте өзекті, өйткені жұптардың көбі сүйспеншілікпен байланыстырған жоқ, бірақ та нағыз бір-бірін сүйетіндер бірге бола алмайды.
Мұхтар Шахановтың "Ғашықтық ғаламаты" поэмасы маған өте ұнады. Себебі қызға махаббат не екенін түсіндіру үшін Шаханов Естай мен Қорлан махаббатын мысалға алған. Расында да бұл махаббаты шынайы деп атауға болады, себебі ғашықтар қашықтықта болса да бір - бірін сүйген. Басқа жақтан қарасақ, мен Естайдың әйелін аяймын, себебі ол күйеуімен бірге соңғы кұнге дейін болды, бірақ Естайдың жүрегінде тек Қорлан болды, тіпті өлер алдында әйелін ойламай, досын шақыртып Қорлан сыйлаған жүзігімен бірге жерлеуді сұрады.
Шығармаға келсек, автор тек жас қызға емес, барлық оқырмандарға шынайы махаббаттың қадірін толықтай түсіндіре алды деп ойлаймын.
Мұхтар Шахановтың әр бір шығармасыңда, терең ойды көруге болады деп ойлаймын. Мысал ретінде "Ғашықтық ғаламаты" поэмасы. Ол махаббатың құнын, өшпес маxаббат, Қорлан мен Естай арқылы сипаттауға тырысты, сондықтан бұл шығарма маған қатты ұнады. Үстіндегі айтылған ойларымен келесе, соңында шығармадағы ең ұнаған жолдарым қосып аяқтаймын.
"Қашықтықты жеңе білу — мықтылық,
Нағыз бақыт — жақында емес, қашықта"
Осы поэмадағы жағдай мені де толғандырды, оның себебі мен бұрын осындай ғажап махабатты көрген емеспін, естіген емеспін. "Ғашықтық ғаламаты" поэмасы, меніңше, әркімнің жүрегіне дейін жетті. Мұхтар Шаханов отпен алаулаған махаббатты Естай мен Қорлан әні арқылы көрсетіп әрбір оқырманның жыламауға келерсіз жағдайға әкелді. Естай мен Қорлан бір-біріне өлердей ғашық болды, бірақ та тағдыр оларды ажырату керек деп шешкен еді. Екеуі бір-бірінен алыста болса да, олардың оттай жанып тұрған сезімдері ешқашан өшкен емес еді. Не деген сезім, не деген Ғашықтық! Ғашықтық - махабаттың ең биік шыңы екенін тек шын сүйген, өлердей ғашық болған адамдар ғана түсінеді. Менің ойымша, сүйіскен жастар бір-біріне қосыла алмаса, ғашықтық туындайды. Естай мен Қорланның махаббаты Шыңғыс Айтматовтың да басынан өткенін естеліктен оқыдым.
Gashyktyk galamaty unady. Kitap shyn mahabbat turaly zhazylgan. Menyn oyimsha kitapty 2 be Odan da kop ret oKU Kerek: 1 ozyny ake wewe ornyna koyip 2-mahabbaty bar adamnyn ornyna koyip oku. Sebebi zhazushy galamatty turli turli keyipkerlerdin ornyna koyip zhazdy
Махаббат-сезімдердің ұлысы. Бұл жерде махаббат дегенде, тек қыз бен ұлдың арасындағы емес, ана мен бала арысындағы сезімді де айтады. Бұл поэмада ана махабббаты басымырақ болған. Бұл шығарманы оқи отырып жан дүниеңде екі ой туады. Біріншісі неге қыз жүгенсіз кеткен? Тіпті анасын тыңдамай соншалықты ғашық болмайды ғой. Не дегенмен ана барлық адамзаттан биік тұрады. Екіншісі махаббатқа тұсай салуға болмайды. Себебі Естай секілді уақыт келгенде өзін жейтін болады, өмірінентүңіліп кетеді.
Махаббат деген сүйіспеншілік, ынтызарлық, ғашықтық деген сөздердің баламасы ретінде айтыла береді. Осы поэмада Мұхтар Шаханов шың махаббатты көрсетті. Бірінші рет оқығанда мен осы махаббат ғашықтық па, әлде құмарлық па деп ойладым, бірақ сосын Естай мен Қорланның махаббтын көріп ғашқтық деп қорытындыға келдім. Менің ойымша, поэмада ана мен қыздың арасында қарым-қатынасқа көп көңіл аударға. Қорлан өз анасын да тыңдау керек еді,өйткені ана махаббаты ең басты болу керек. Осы поэма трагедиямен аяқталса да, ол маған өте ұнады. Қорытындылай келе, осы поэма казіргі кезде сирек кездесетін таза, үлгілі махаббат көрсеткен.
Мұxтар Шаxановтың "Ғашықтық ғаламаты" туындысы барлық оқырмандарды ойлануға мәжбүрледі деп ойлаймын. Менде болса, бірнеше сұрақтар туындады. Неліктен қазіргі қазақ жастары осындай мәңгі өшпес маxаббатқа деген мәнін жоғалтты? Неге маxаббат қиыншылықпен бірге келеді? Бір адамды өмір бойы сүю мүмкін бе? деген сұрақтар мені алаңдатады.
Бұл шығармада автор тек бақытсыз маxаббат мәселесін ашуға мақсат қоймай, ана мен бала арасындағы қарым - қатынас проблемасын көтерді. Нақтылап айтсақ, қызы маxаббат сезімдеріне бөлініп, анамен ақылдасудан бас тартып, істеген барлық жақсылықтарын ұмытты.
Ал шығарманың тақырыбы жайлы айтатын болсақ, бұнда автор Естай мен Қорланды мысал ретінде алып, қашықтықтағы оттай өшпес маxаббаттың бар екендігін дәлелдей алды. Ал енді өз ойымды поэмадан алынған мына үзіндімен аяқтайын: " Қашықтықты жеңе білу - мықтылық, Нағыз бақыт - жақында емес, қашықтықта".
bboy
0
0
Қазіргі кезде таза махаббат өте сирек кездесетін сезімдердің бірі. Сондықтан маған Мұхтар Шаханов жазған " Ғашықтық ғаламаты " маған өте ұнады. Осы поэмада шынайы махаббат бейнеленген. Мысал ретінде автор Шаханов Естай мен Қорлан махаббатын алған. Ғашықтарға қашықтық кедергі болса да, олар бір-бірін сүйді. Поэманың соңында трагедия болса да, оқырмандар үшін поэмадағы шынайы махаббат үлгі болуы тиіс.
bboy
0
0
Қазіргі кезде таза махаббат өте сирек кездесетін сезімдердің бірі. Сондықтан маған Мұхтар Шаханов жазған " Ғашықтық ғаламаты " маған өте ұнады. Осы поэмада шынайы махаббат бейнеленген. Мысал ретінде автор Шаханов Естай мен Қорлан махаббатын алған. Ғашықтарға қашықтық кедергі болса да, олар бір-бірін сүйді. Поэманың соңында трагедия болса да, оқырмандар үшін поэмадағы шынайы махаббат үлгі болуы тиіс.
Ғашықтық жол - ауыр жол. Мұхтар Шақанов бұл мәтелді рас екендігін дәлелдеді деп ойлаймын. Өз поэмасында автор Естай мен Қорлан арасындағы қарым-қатынасты, сүйіспеншілікті бейнеледі. Шынайы махаббатын бар екендігін осы поэма арқылы түсіндім. Махаббат-Естай мен Қорланның өмірдін мәні боп саналды, Екеуі үлкен қашышта өмір сүрсе де, ешкашан бір-бірінді ұмытқанжоқ.
Бұл шығарма маған ерекше әсер етті, себебі бұрын махаббат тақырыбы мен үшін қызық емес, біркелкі болып көрінетін еді. Алайда "Ғашықтық ғаламаты", керісінше, махаббаттан кейде есті жоғалтпай, жағдайға байланысты тоқтату керек екеніндігін бейнелейді. Адамдар өз сезіміне берілмеуді үйренсе ғана ары қарай өмір сүре алады. Поэма өте түсінікті жазылған, оқырманды баулап алып, бір сәтке өзге ғаламшарға алып кеткендей болады. Мұхтар Шаханов ағамыздың осылай шебер бейнелеген туындысы әрбір қазақтың жүрегінің төрінен орын алатыны сөзсіз.
шығарманы бір рет оқығаннан кейін тек сезімге сүйендім. екінші рет оқығанымда сюжеттің қаншалықты терең ойды қажет ететіне көзім жетіп, өте ұзақ уақытқа терең ойға шомылдым. махаббат пен ғащықтық шынымен де бар ма бұл өмірде? оған кез болсақ, қалай түсінеміз, неден білеміз? егер де автор өмір бойы адам жүзін көрмей, бірақ адал сүйген адамды сипаттаса, махабаттың бар екеніне сенгім келеді...

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8922
  • 83
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6141
  • 24
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2817
  • 31
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1696
  • 32