Телекоммуникациялар қызметіндегі өзгерістер

serikbaeva-togjan 2011 M04 20
617
0
0
0

        2012 жылдың желтоқсан айынан бастап, елімізде iD TV интерактивті сандық телевизияға қосылу мүмкіндігіне қол жеткізді. Қазіргі таңда бұл қызметті 200 абонент пайдаланып отыр.Былтырдан бастап...

 

      2012 жылдың желтоқсан айынан бастап, елімізде iD TV интерактивті сандық телевизияға қосылу мүмкіндігіне қол жеткізді. Қазіргі таңда бұл қызметті 200 абонент пайдаланып отыр.Былтырдан бастап қала тұрғындарына тағы бірқатар жаңа қызмет түрлері көрсетіле бастады. Мәселен, iD Phone қызметі бойынша 239 нөмір қосылды. Бұл жаңашылдықтың арқасында абоненттер мекен-жайды ауыстырғанда өзінің телефон нөмірін сақтап қалып, үйінде және wi-fi нүктелерінде Интернет желісінің кеңейтілген мүмкіндігіне қосыла алады. Қазіргі таңда ғаламторды  54 мыңдай солтүстікқазақстандық пайдаланып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда тұтынушылардың саны 32,2 пайызға өсті.
2008 жылы басталған 161 шақырымдық байланыс желісінің құрылысы да аяқталды. "Петропавл - Булаев - Ресей Федерациясының шекарасы" бағытын қамтитын желі Қазақстанды әлемдік ақпараттық кеңістікке шығаруға бағытталған. Бүгінгі күні облыстық дирекция көрші елдің "Ростелеком" кәсіпорынымен тығыз қарым-қатынаста.  

 

Оцените пост

0