Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:40, 18 апреля 2011

Көршілер 18.04.2011.

Бір ғана 2009 жылы интернет сайттарда жарияланған мәліметтің көлемі әлемдегі ең үздік 10 телеарнаның 60 жылда таратқан ақпаратынан асып кетеді екен. Осынша алып ақпарат көзінің қазақ жеріне келгеніне 20 жыл болды. Бірақ бүгінгі интернеттегі сауаттылық деңгейі Африкадағы артта қалған елдермен шамалас дейді осы саланың мамандары. Яғни қазақтың бар-жоғы 5 пайызы ғана ІТ сауатты.

Бұл жолғы Көршілер осы мәселені көлденең қоймақ. Бұл ретте бас қосуға депутаттар, ғалымдар, заңгерлер және осы саланың жілігін шағып, майын ішкен мамандар келді. Өкініштісі сол қазақ интернетінің де бүгінгі бәсекеге қабілетсіз екендігі. Көршілерге келген қонақтар оны тиімді дамытудың жолын іздеп көрді. Сондай-ақ, базарда ыстық-суықта тұрып күн көрген көпшілікке осы интернетте отырып-ақ миллиондап қаржы табуға болатыны көрсетіледі. Кеңестен құлағдар болу үшін Көршілер ток-шоуын 18 сәуірде сағат 22:10-да тамашалаңыз!

0
400
0