место в рейтинге
  • 90279
  • 291
  • 74
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Зейнетақы қорындағы ақшамыз не болып жатыр?

[youtube=http://www.youtube.com/watch?v=W2skiB54RHE]

Зығырданым қайнап, зейнетақы қорымның сайтына шағымданып едім. Бір сағат өтпей қызметкері хабарласып, "Жарты жылдың көлемінде түзетеміз. Өтінішіңіз орынды т.с.с." деп жуып-шайып жатыр. Сонда да өзімнің қазақша мәлімет алу құқымды даулауды қоймайтын түрім бар. Сұмдық қой... Менің ай сайынғы жалақымның 10 %  алып отыр және ол туралы жөні түзу мәлімет те бермейді.

Бұрындары Зейнетақы қорына аударылып жатқан ақшама мән бермейтінмін. "Пайғамбар жасқа дейін не боларын, Құдай біледі. Сол он пайызы садақа болсын" деп бұл тақырыпты жауып қойғанмын.

Өткен сенбіде студенттерімді "Республика" зейнетақы қорына апардым.

Экономикалық тақырыптағы арнайы тренинг өткізуде ойластырып жүр едім. Әріптесім Зарина себепші болып, "Қазақстандағы Зейнетақы қоры" тақырыбында арнайы білім алдық. Күннің сенбі екеніне қарамастан, қордың басшысының орынбасары да, Астана бөлімшесінің маманы да, арнайы менеджері де келіп, тәптіштеп ақшамыздың қайда, қалай кетіп жатқанын түсінікті тілмен баяндап берді.

Сонымен, егер сіз ай сайын жалақыңызды 10% қай қорға аударып жүргенін білмесеңіз...

1. Қорыңыз сіздің ақшаңызды қаншалықты табысты игеріп жатқанын тексеріңіз. Мына сілтемедегі құжатты ашып, соңғы бағанына назар аудару арқылы екінші кварталды қорыңыз қандай есеппен аяқтағанын, ақшаны еселеу үшін қандай тәуекелге барып отырғанын көре аласыз. Қанша дегенмен сол қорлар (еліміздегі Зейнетақы қорларның тізімі), басқарушы компаниясы сіз бен біздің ақшамыздың есебінен өз ісін дөңгелетіп отыр ғой. Сондықтан өз тиынымызды санап жүргеннің еш сөкеттігі жоқ.

2. Зейнетке шыққанда көбірек ақша аламын десеңіз, еңбегіңіздің зейнетін көремін десеңіз, қорды дұрыс таңдаңыз әрі жылына екі рет қордан қорға ауысуға болатынын біліңіз. Мүмкін болса, қордың күллі жаңалықтарына жазылып қоя салыңыз. Кейбірінің сайтында тіркеу формасы бар.

3. Қордағы ақшаны бүгін пайдалана алмайтынымыз рас. Бірақ сол ақшаны қазір сіз таңдау жасаған компания өз білгенінше игеріп жатқанын ұмытпаңыз. Ол сіздің маңдай термен тапқан ақшаңыз ғой. Сондықтан ертең ол компания банкрот болып, зейнетке шыққанда аз ғана зейнетақы алсаңыз (базалық зейнетақы сақталады) ол өз немқұрайдылығыңыз болмақ. Сосын Зейнетақы қорына ақша аударылып жатқаны көп ретте жұмыс істеп жүргеніңіздің дәлелі болатындықтан бухгалтеріңіз ай сайын ақша аударылып тұрғанына сенімді болыңыз.

4. Зейнетақы қорындағы ақшаның есеп-қисабын қадағалау арқылы аз-маз болса да экономикалық сауаттылығымыз ашылып қалады екен. Жұмыс істейтін әрбір адам қазір инвестор болып, ай сайын айлығымыздың он пайызын Зейнетақы қорына аудару арқылы экономикамызға инвестиция құйып отырмыз. Бір қызығы, кейбір қорлар ақшаңыз қайда инвестицияланып жатқанын айтпайды. Сонысы қызық болды. Мен өз ақшамның бір бөлігінің арақ-шарап, ойынхана бизнесіне инвестицияланғанын қаламас едім.

5. Біздің есебімізден бизнес жасап отырғандар салымшыларын құрметтесін десеңіз, онда оны талап ете білейік. Қорымның сайтына кіріп, қазақша бір ауыз сөз таппаған соң, пікір қалдыру бөліміне әрі байланыс бөліміне барлық ой-пікірімді жазып кеттім. Бір сағат көлемінде кешірім сұрап, Әлихан есімді азамат хабарласты. Бірақ баяғы жартас, сол жартас.  Қаржы құрылымдары тұтынушыларына қазақ тілінде лайықты қызмет көрсетпейді. Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің сайтында арыз-шағымдар статистикасы да жүргізіледі екен. Сондықтан тамшы тас тесетінін ұмытпайық. Мүмкін болса, ерінбей сайттарын ашып, ой-пікірлеріңізді жазып кетулеріңізді сұраймын (әрі кетсе, 2 мин уақыт алады).

пысы. Зейнетақы қорындағы ақшаңыздың болашағы жайлы ойланып көрдіңіз бе? Әлде босқа сандырақтап жүрміз бе?

4 апреля 2011, 16:39
1154

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 3342
  • 11
Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным школьным...
Zhumanova
вчера / 16:26
  • 2851
  • 5
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2589
  • 64
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2529
  • 84
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 2039
  • 35
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2558
  • 1
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 2354
  • 17
Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Три года назад начитавшись-наслушавшись кое-каких знаменитых людей, я решила завязать  с абсолютно любым мясом. Как же возмущались все мои близкие, это надо было видеть, но я была непреклонна.
Bonittta
18 сент. 2017 / 14:33
  • 1924
  • 31
Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Полицейский беспредел в Казахстане осудил российский блогер и путешественник Евгений Золотухин. На своей странице он рассказал, как встретился с казахстанскими полицейскими, и как они оставили не...
tala03
18 сент. 2017 / 16:58
  • 1667
  • 13