Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:22, 19 апреля 2011

Kcell компаниясы

 

9 сәуір күні біз үшін кездесулеріміздің арасындағы ең ерекшесі өтті. Бұл кездесудің өзгелерден айырмашылығы кездесудің қазақша өткендігі.

Бізде кездесуде болған Kcell компаниясының пиар маманы-Еркін Үдербай. Ол кісі бізге Қазақстанда дамып  жатқан жаңа технологиялар туралы толық мағлұмат берді. Мысалға айтар болсақ, 3G,4G туралы білгенімізді толықтырдық. Біз 3G-дің бізде дамып жатқанына мәз болып жүрміз, ал ол Еуропа елдерінде 10 шақты жылдан бері даму шегіне жеткен. Бұл біздің еліміздің технологиялар бойынша кейін дамып келе жатқан ел екендігінің бір куәсі.

Осы кездесуде тағы бір таң қаларлық естіген жаңалықтарымның бірі әр түрлі ғажайыптарды әлемге таныстурудан аты шыққан елдердің бірі Жапония, Кореяның жаңалықтары. Бұл-толқынды пеш және мұздатқыш.

Бұл пештің ерекшелігі сәз жұмыстан шығып, үйіңізге жетем дегенше өзі тамақты ысытып қояды. Оны басқару мобильді телефонмен байланысты.

Ал мұздатқыштың артықшылығы таусылған тамақты тікелей хабарлап, тапсырыс беріп алдыртады. Бұл деген керемет емес пе? Бірақ та, бұлардың Қазақстанға кашан келерін кім білсін?

Сонымен Еркін Үдербаймен өткізген кездесуіміз сұрақ-жауап арқылы қызықты өтті.

0
865
0