«Жағдай өте күрделі, бірақ ешкім көмексіз қалмайды»

inju-jan 2011 M04 15
2182
2
0
0

15.04.11.деді Президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин Орал өңірінде кеше сәске түске таман басталған жауын ел орынға отырған шақта қылаулаған қарға ұласып, сонан соң қайтадан жаңбырға айналып...

15.04.11.
деді Президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин

Орал өңірінде кеше сәске түске таман басталған жауын ел орынға отырған шақта қылаулаған қарға ұласып, сонан соң қайтадан жаңбырға айналып, бүгін әлі жауып тұр. Негізі, «Қазгидромет» РМК Батыс Қазақстан облысының аумағында сәуірдің 13-14-і күндері жаңбыр жауатындығын алдын ала ескерткен болатын.
Енді солардың айтқаны айдай келіп, онсыз да нөпір судың құрсауында қалған Орал өңірі үшін «жығылғанға жұдырық» болып тұр. Тасқын суға тосқын болу үшін құрылған облыстық комиссияның мәліметіне қарағанда, бүгіндері 1100 тұрғын үй мен 2 мыңға тарта саяжай үйшіктері алапат судың құшағында. Бұған қоса, денсаулық сақтау саласының 5 нысаны, 21 мектеп, 1 балабақша және 14 қосалқы электр стансасы су құрсауында. Ал облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы М. Оңғарбековтың мәліметіне қарағанда, 20 мың гектар күздік бидай алқабын да су басқан. Қауіпсіз аймаққа көшірілген 2580 адамға бұл күндері ыстық тамақ пен қажетті дәрігерлік көмек ұйымдастырылуда.

Сәрсенбі күні Орал қаласында болған ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин: - Жағдай өте күрделі. Батыс Қазақстан облысындағы тасқын суға қатысты ахуалдан Елбасы хабардар. Ол кісі маған сіздерге тасқын судан зардап шеккен бірде-бір адам назардан тыс қалмайтындығын, сондай-ақ табиғи апаттан зардап шеккен үйлер мен елді мекендер толық қалпына келтірілетіндігін жеткізуді тапсырды. Нұрсұлтан Әбішұлы үкіметке, облыс әкімдеріне және ұлттық компаниялардың басшыларына, Орал өңірінің халқына дереу көмек ұйымдастыруды тапсырды. Үкімет тарапынан бірінші кезекте атқарылатын шаруалар үшін 800 миллион теңге бөлінді. Президенттің пәрменімен және отандастарымыздың ынта-ықыласымен батысқазақстандықтардың басына түскен ауыртпалықты бүкіл ел болып еңсеретін боламыз, - деді.
Жалпы, облыс аумағындағы су тасқынына қатысты жағдай әлі де күрделене түсуде. Орал қаласының маңындағы жер үйлер мен саяжай алқаптары су құрсауында қалды. Тасқала мен Зеленов аудандарында да біраз үй нөпір судан зардап шекті. Осы материалды жазып бола бергенде Ақжайық ауданының Алғабас ауылына да су кірді деген суық хабар жетті. Оның үстіне соңғы мәліметтерге қарағанда Жайық өзені арнасынан шығып, тасқынның көкжиегін кеңейте түсетін түрі бар. Сонымен қатар Шаған, Деркүл, Бірінші Шежін, Быковка, Рубежка өзендерінің және Үлкен Өзеннің су деңгейлері қалыптағыдан күрт көтерілген. Сол себепті облыстағы тасқын суға қатысты жағдай жөнінде шұғыл ақпарат алғысы келген ел-жұрт пен БАҚ өкілдері www.westkaz.kz және www.іnfoportal.kz дереккөздеріне жүгінуге болады. Болашақта осы сайттарда көмекке мұқтаж жандар қандай құжаттар жинау керек екендігі жөнінде де мәліметтер орналастырылуы мүмкін.

 

толығырақмәліметтіосысайттан ала-аласыз  http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=7279&Itemid=2

Оцените пост

-1

Комментарии

0
Спасибо за пост!!!
Предлагаю совершить виртуальную прогулку по курорту Сочи
0
Каждый человек – сам пи@дец своего счастья… Негрофилия Чем меньше женщину мы любим, тем больше устает рука. Есть такой город – ASS-трахань Совет пользователям Windows – наебитесь терпения!
DONALD RUST живопись
Показать комментарии