Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:47, 15 апреля 2011

Махаббат мүшәйрасының сайты – mushaira.qazaquni.kz

Blog post image

 

Қателеспесем, екі-үш күн бұрын-ау деймін, Facebook-тан Аршаттың “Жас қазақ үні” газетінің 15 сәуірдегі “Ғашықтар күніне” байланысты мүшәйра жариялағаны туралы сілтемесін оқып қалдым. Қызықтым. Байқаудың талаптарын қарап шығып, блогымдағы “Поэзия-оттаулар” деген айдарда қалт-құлт етіп жүрген бірнеше өлеңімді жіберген болатынмын.

Енді бүгін сол мүшәйраның сайты ашылыпты деген хабарламаны кезіктірдім. Ақсақал, Садық Шерімбек қарасақал құзырлы адамдар менің өлеңдерімді шығарып қойыпты. Соның арқасында, міне, көңіл-күй көтеріңкі. Халқым еңбегімді бағалап жатыр Біреуге болмаса біреуге ұнар.

Ал http://mushaira.qazaquni.kz/ сайтына міндетті түрде кіруге рекомендеймін. Офис-офисте, аймақ-аймақта, жұмысбасты болып жүрсе де, әдемі сезімді ұмытпаған жандардың өлеңдерін оқи аласыз, жаңа шумақтарды түсініп, жаңа ақындармен танысасыз.

14 ақпанды мойындамай, жаратпай, ұлттық мереке іздеген жандарға да бұл бір таптырмас мүмкіндік.

“Ұлттық ғашықтар күні” құтты болсын, ағайын!

“Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар” деген Абайдың сөзі бар ғой. Бойымыздағы, ойымыздағы ыстық сезімдер, жоғары көңіл-күй жоғалмасын.

0
1468
0