• 100645
  • 55
  • 18
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ЖАР БАСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ҮЙ (жалғасы)

Жар басындағы жалғыз үй туралы репортажымыз оқырмандарымызға ой салып, күнәсіз сәбилердің күйіне күйінген азаматтар  редакциямызға қоңырау шалып, бүгінгі қазақ қоғамының қоқысында қалған жандарға  қандайда бір жәрдем етуге дайын екендіктерін шын пейілмен жеткізіп жатыр. Қоғамның дертін түсініп, дауасын бірге іздеуге құлшынған ағайынға алғыс айтамыз.

Жалпы, төртінші билік аталғанымен қазақ тілді баспасөзде көтерілген көп мәселенің ізі суып, аяқсыз қалып жататыны рас. Әрі «орыс тілді ақпарат құралдарын ғана билік тыңдайды» деген «қатып қалған» қағидаға берік адамдардың көп екенін арнайы репортажымызға орай жазылған пікірлерге қарап отырып тағы бір рет пайымдадық.

Дегенмен, осы жолы олай болмады.  Олай болмады деуімізге себеп - «Жар басындағы жалғыз үйдің» жанында тұрып жазылған репортаж қазақ тілді ақпарат құралының қоғамдық пікір қалыптастыра алатынын, ұлттың жоғын жоқтап, халықтың талап-тілегін  құзыретті орындарға жеткізе білетінін, ең бастысы - қазақ тілді оқырманның, жай ғана оқырман емес, айналада болып жатқан жайттарға азаматтық көзқарас танытып, сергек қарайтын  оқырман болып қалыптасқанын айқын дәлелдеді.

Нақтылап айтсақ, арнайы репортаж жарық көрген соң әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, мемлекеттік мекемелер мен құзырлы орындарды елең еткізді. Қашан да халық сөзін сөйлеуге барын салатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов мырза кешегі жалпы отырыста Бас прокуратура мен Алматы қаласының әкімінің атына депутаттық сауал жолдады. Алматы қалалық «Жас Отан» ұйымы бізге хабарласып, сәбилерге қажетті киім-кешек жинап, мақалада аталған  Тереңқара сайында тазалық шараларын өткізуді   қолға алмақ болып  жатқандарын хабарлады. Атын атамауды өтінген жекелеген азаматтар сәбилерге қажетті киім-кешек, ойыншықтар мен азық-түліктер сатып алуға ақша бөлуде. Ал кеше түстен кейін Алматы қаласындағы Алатау ауданы әкімінің әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары бастаған арнайы комиссия   «жар басындағы жалғыз үйдің» жай-күйімен танысып қайтты.

Оқырмандарымыздың бұл мәселеге бей-жай қарамай, «Маса.кз»-ға үн қосып, билік орындарының тез қимылдауына әсер еткеніне мың мәрте алғыс айта отырып арнайы комиссиямен бірге барып жасаған репортажды назарларыңызға ұсынамыз.

Жар басындағы жалғыз үйді көруге Алатау ауданының әкімшілігінен комиссия барғалы жатқанын білген соң біз де сонда асықтық. Межелеген жерімізге ат басын тірегенімізше болған жоқ аудан әкімінің әлеуметтік істер бойынша орынбасары Маржан Балбаева бастаған арнайы комиссия да келіп жетті. Комиссия құрамында ауданның бас экологы, өзін өзі басқару комитеттетерінің басшылары, оқу, денсаулық, әлеуметтік қорғау бөлімдерінің мамандары, мектеп директорлары мен ішкі істер қызметкерлері бар.

kom.jpg

Келетіндердің бас-аяғы жиналып болған соң ұзын колонна болып тізіліп жар басындағы үйге бет алдық.

kom1.jpg

Бүгін олар мұншама қонақты күтпесе керек. Үй иесі бізден бұрын келген «құдайы қонағымен» далада қызу әңгімелесіп тұр екен.

kom2.jpg

Шұбырып көліктен түскен көп адамды көрген қонақ зытып отырды.

kom3.jpg

Жар басындағы жалғыз үйдің комиссия келеді деп жиылып-теріліп, жуынып-шайынып отырмағаны белгілі. Айнала да, адамдар да біздің алдыңғы репортажымызда айтылған күйінен аумапты.

kom4.jpg

kom5.jpg

kom6.jpg

Үйдің сыртын көріп түңіліп  тұрған комиссия ішін де қарап шығуды жөн көрді.

kom7.jpg

Жатын бөлмеде бірнеше күндік «гастролден» оралған бикештің бірі ұйықтап жатыпты. Мыналарды өңімде көріп отырмын ба, әлде түсім бе дегендей ол ұйқысын аша алмай отыр.

kom8.jpg

Эколог деген аты бар емес пе, үйге алғашқылардың бірі болып кірген  маман  кейінгі келген әйелдерге үйге кіру тыныс алу жолдарына кері әсер ететінін түсіндіріп жатты.

kom9.jpg

Түсі емес, өңі екенін түсінген әлгі әйел ұйқысын ашып комиссияның өзін тергей бастады.

kom10.jpg

Абыр-дабыр әңгіме тек сәбилерге әсер етпегендей.

kom11.jpg

kom12.jpg

Эколог маманымыз қоқыс үйіндісіне айналып бара жатқан зираттардың тазалығына СЭС жауап береді дегенімен, сай табанында өртеніп жатқан қоқыс пен жанып жатқан ағаштарды көргенде жалма жан қалта телефонын алып, әлдебіреулерге қоңырау шалып тез келіп өртті сөндіруді тапсыра бастады.

kom13.jpg

kom14.jpg

kom15.jpg

Тиісті қызметтердің бірін  қалдырмай ертіп келген Маржан Балбаеваның репортажда айтылған жайттарға нақты көзі жетті.

kom16.jpg

Жаппада тұрып жатқан балалар түгіл, үлкендердің де құжаттары толық болмай шықты.

kom17.jpg

Маржан Балбаеваның айтуынша, маскүнем әйелдерді ата-аналық құқынан айыру мәселесі бірден шешіле қоюы екіталай. Себебі, балаларын ата-ананың рұқсатынсыз алып кету заңға қайшы. Егер аналары балаларын асырауға жағдайы жоқ екенін айтып өзі өтініш жазса, тез реттеледі. Ал егер олай болмаған жағдайда мәселені сот қана шешеді. Ол процесс бірнеше айға, тіпті бір жылға созылуы мүмкін. Оған дейін сәбилер маскүнем аналары мен нашақор еркектердің қасында амалсыз тұра береді.

kom18.jpg

Сәбилердің жағдайына қатты алаңдап, алғашқы болып үн қатқан қоғамдық ұйым  Алматы қалалық «Жас Отан» қанаты. «Жасотандық» мына жігіттер сәбилер тұрып жатқан мекенжайды көздерімен көріп қайтуға келіпті. Олар қазір сәбилерге арнап киім-кешек жинастыруда екен. Сайдағы қоқысты тазалауға да септіктерін тигізуді ойлап отырғандарын жеткізді. Жалпы, соңғы кезде билік партиясының бел баласы «Жас Отан» жастар қанатында рухы биік, мемлекетшіл, ұлтжанды жастардың қатары артып келеді деген сөз рас болса керек.

kom19.jpg

Құқық қорғаушылар заңға сәйкес айналаны түгелдей таспаға түсіріп алды.

kom21.jpg

Бағанағы маскүнем әйелдің ұйқысы енді ашылған секілді.

kom22.jpg

Шаршы орамалын жұлқына тартып жатқанынан-ақ шатақ іздеп тұрғанын түсіндік.

kom23.jpg

Үйлеріне мұншама қонақты кім «шақырғанын» енді ұққан секілді. Оның бізге не деп соқтыққанын төмендегі видеодан көресіздер.

kom24.jpg

Енді жиналып кетейік деп жатқанда мына жаппаның иесі деп табыла кетті. Өзін Бауыржан деп атаған жігіт бұл үй інісінікі екенін, балаларын аяғандықтан 5 айдан бері мыналарды қуып шыға алмай отырғанын жеткізді. Біз сенгенмен оның сөзіне әкімшілік өкілдері сене қоймады. Олардың ойынша, мына жігіт әкімшілік  заңсыз салынған үйді қиратып тастамасын деп баласы бар маскүнемдерді әдейі отырғызып қоюы мүмкін.

kom25.jpg

Ортадағы ақсақал Байбесіктің әкімі, яғни өзін өзі басқару комитетінің төрағасы. Ол кісі жаппаға жеткен кезде бұл менің аумағымда емес деп мөңкігенімен, әріптестері бұлтартпайтын дәлел айтып мойнына қойып берді. Онан соң қоршаған ортаның тазалығы сөз болғанда тұрғындар өздері құлықсыз деп шыға келді.

kom26.jpg

Шынын айтқанда Байбесік мөлтек ауданының тұрғындары әкімнің кім екенін де білмейді. Танитындары ол кісінің басқа қызметін емес, тек мынау жүк көлігімен қоқыс жинайтындарды басқаратынын ғана біледі. Ал бірақ шаңы бұрқырап жатқан жол бойында азық-түлік сатып тұрғандарға неге тиым салмайтынын түсінбейді.

kom27.jpg

kom28.jpg

Сонымен, біздің репортажымызға себепкер болған сәбилердің тағдыры қалай болары әлі белгісіз. Аналарының адуындауына қарағанда өз еріктерімен сәбилеріне бақыт тілей қоймайтындары байқалды. Ендігі сөз билік пен соттың еншісінде қалып тұр.

Суреттерді түсірген Еркін Қуатайұлы


 

Ардабек СОЛДАТБАЙ

"Маса.кз" ақпараттық портал

 
abai_kz
14 апреля 2011, 11:02
1295

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Комек керек оган...
Спасибо за пост!!! Интересно.
Приглашаю совершить экскурсию в средневековые замки Европы. turistleto.ru

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«Предатели Русского мира». Кто учит нас, какими буквами писать и чью культуру любить

«Предатели Русского мира». Кто учит нас, какими буквами писать и чью культуру любить

Истерический вой, поднявшийся в российских СМИ по поводу перевода казахского языка на латиницу, блогер и публицист из Казани Римзиль Валеев оценил довольно-таки точно, на наш взгляд.
openqazaqstan
18 апр. 2017 / 16:47
  • 32020
  • 227
Казахстан сидит на чемоданах. А некоторые из нас – непосредственно в них

Казахстан сидит на чемоданах. А некоторые из нас – непосредственно в них

Откуда я знаю, спросите вы? Да очень просто. Голые мужики в сауне могут врать только про баб. Про машины и планы переездов – только по-чесноку. Чего уж скрывать, если все остальное напоказ.
Lesch
17 апр. 2017 / 23:30
  • 6055
  • 23
«Сорри, коммерческая тайна». Ответ от ALTEL и Tele2

«Сорри, коммерческая тайна». Ответ от ALTEL и Tele2

Пресс-служба ALTEL и Tele2 предоставила ответы на наши вопросы по поводу сервисов, навязываемых ALTEL при наборе кодов проверки баланса от других операторов.
openqazaqstan
17 апр. 2017 / 15:26
  • 4561
  • 20
Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Я прекрасно понимаю тех, кто долго ищет подходящую квартиру - сама искала, потратила на поиск 1,5 года. Что, прежде всего, повлияло на мой выбор при покупке квартиры в новостройке Алматы?
Zhumanova
21 апр. 2017 / 10:04
  • 3003
  • 9
Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Наши депутаты известны не достижениями и работой, а своими высказываниями. Сегодня в СМИ вышла новость, где депутат сената Бырганым Айтимова ответила на критику народа.
tala03
20 апр. 2017 / 13:44
  • 2263
  • 17
Стихия всё спишет. Почему дамба за 200 миллионов никого не спасла?

Стихия всё спишет. Почему дамба за 200 миллионов никого не спасла?

Наводнение в Атбасаре, размытые дороги, подтопленные сёла по всему Центральному и Северному Казахстану... Что происходит?
openqazaqstan
19 апр. 2017 / 15:20
  • 2248
  • 14
Чем меньше риск, тем меньше прибыль. Давайте зарабатывать больше, а я вам помогу

Чем меньше риск, тем меньше прибыль. Давайте зарабатывать больше, а я вам помогу

Если хотите жить как все казахстанцы, а казахстанцы в среднем живут очень бедно, то можете продолжать так же жить прежней жизнью, но если вы хотите жить лучше, чем вчера, надо заняться...
noyanovmyras
17 апр. 2017 / 17:02
  • 4605
  • 27
Меня вывели из себя ученики 8 класса. Я осознала, что не хочу быть учителем

Меня вывели из себя ученики 8 класса. Я осознала, что не хочу быть учителем

Когда я пришла в первый раз на работу, слышала как доносятся крики из разных кабинетов. Крики это были не детей, а учителей, которые не могут сдержаться, когда уже все силы иссякли...
teacher1210
19 апр. 2017 / 7:56
  • 2312
  • 61
Это смахивает на дешевый пиар Тамары Дуйсеновой, простите за прямоту

Это смахивает на дешевый пиар Тамары Дуйсеновой, простите за прямоту

Этот поступок говорит о ней как о женщине с большим сердцем. Но если на каждое такое, хоть и не рядовое событие, министр будет реагировать лично, то думаю, её надолго не хватит.
AliyaSadyrbaeva
17 апр. 2017 / 18:40
  • 2141
  • 4