КөКтЕм КөкТем...

Сымбат Абильдашева 2011 M04 12
31639
12
266
0

      Мектеп кезінде жыл сайын көктем мезгілі келіп жеткенде көктем тақырыбында шығарма жаздырушы еді мұғалімдер..Күз, қыс, жаз туралы да жаздыратын..Және осы шығармалардың баста дайын шаблондары...

 

 

  Мектеп кезінде жыл сайын көктем мезгілі келіп жеткенде көктем тақырыбында шығарма жаздырушы еді мұғалімдер..Күз, қыс, жаз туралы да жаздыратын..Және осы шығармалардың баста дайын шаблондары болушы еді..

“Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралады..Ағаштар бүршік жарып гүлдейді..” деген сарында басталатын..Одан бері талай көктем келді кетті..Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым..

Әсіресе қызығы, мына көктем алды мезгіл..Қыс пен көктемнін алмасар уақыты..Бір бірімен сықылықтап қуаласпақ ойнаған кішкентай балаларды есіме салады менің..Біресе қыс көрінеді, біресе жылы көктем лебі..Ақыры соңында қыс шаршап тынады дағы, ал көктем керісінше күшіне күш қатып, ойыннан қалып бара жатқан қысқа бұртия қалады да көз жасын төгіп жібереді..Ойынға басқа бала келіп қосылғанша осылай жалғасады..Келесі бала ол жаз мезгілі..

Биылғы көктем ерке көрінді маған..Сыңғырлаған күлкісін, жылт еткен жанарын бір көрсетіп ғайып болатын ерке бір қызды еске салды..Жүректі қобалжытады, бірақ дүрсілдетпейді..Бірақ сонысымен адамды баурайды..Ішіңнен сол бір тәтті сәтке деген қуанышты сезесің, асыға күткендей боласың..

Табиғаттың бұл құбылысы мен ішкі құбылыстың сәйкес келуі де байқалды биыл..Көктем жылы күндердің, жаз шырайының хабаршысы болса, өмірдегі жаңа белестерге деген бет бұрыстың, жаңа бір беттің ашылуы, бір өзгерістің, бір кезеңнің алмасуының хабаршысы сияқты, екеуі де адамды қобалжытады, асықтырады, тағатсыздыққа душар етеді…

Мамыр айының басымен жазық далаға, тынысы кеңіген кең далаға аттанамын..Жасарып, жаңарған даланы құшағыма алып тербеліп қайтамын..Қара жерді астыма төсеп, көк аспанды жамылып жатып ұйықтаймын..

Осыншама кереметті нәсіп қылған Аллаға мың шүкір..

 

Оцените пост

192

Комментарии

0
Иа шыныменде мектеп кезінде дәл солай болушы еді.....өте жақсы жазылған блог!!!!!+++++++
0
Биылғы көктем ерте оянды. Ерте оянғаны соншалық тіпті батыс пен шығысты су бастып кетті. (
0
Тамаша!!!!
0
оте керемет!достар маган 'коктемнин алгашкы коринистери'деген такырыпка шыгарма керек еди.тауып бере аласындарма?!отиниш
0
жок маған ұнаған жок nо
Показать комментарии
Дальше