Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:48, 11 апреля 2011

1 ғасыр жасаған асыл апама арналады...

Маған өте қиын...

Мен бала кезімнен апамның қолында өскенмін. Апам қайда барса да мені өзімен алып жүретін, қалтасындағы тәтілердің бәрін маған беретін. 2011 жылдың 8 наурыз күні менің апам 100 жасқа толды. Бала-шағасы, немерелері, шөберелері және неменесі, бәрі-бәрі жиналды. Бұл біз үшін үлкен той болды. Халықаралық әйелдер күнімен ұштасқан апамның туған күні ең керемет күн болатын. Бұл бақытты көп көрді ме екен, білмеймін. Бірақ Наурыз айының 11 күні апам дүние салды...

Түннің бір уақытында оянсам, анам жылап отыр...

Бүгін 1 ай болды. Ал мен әлі күнге дейін апамның бөлмесіне кірген жоқпын... Не істейм ол бөлмеде? Күнде сабақтан оралғанда маңдайымнан сүйіп, құлыншағым дейтін апам жоқ. Дәтім бармайды, ол бөлмеге кіруге...Жүрегім ауырады...

Өтінем, ренжімеңіздер жазғаныма... Маған өте қиын...

 
0
874
4